
Компания бүгінгі және келешек ұрпақ үшін ұзақ мерзімді экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайда құрып, оны ұлғайтуға бағдарланған тұрақты және жауапты даму қағидаттарына сәйкес келісіліп теңгерімделген қызметті бұрынғыдай жүзеге асырып келеді. Әлемдегі жетекші уран өндіретін компания бола тұра, біз қызметімізді бизнестің теңгерімделген тұрақты өсуін және акционерлік құнның ұлғаюын қамтамасыз ету үшін жүзеге асырып қана қоймаймыз, сонымен қатар еліміздің, қоғам мен уран саласының тұрақты дамуына оң үлес қосуға тырысамыз. Компанияның тұрақты даму саласындағы қызметі мыналарға бағытталады:
Тұрақты даму тәсілі Қазатомөнеркәсіптің қауіпсіздік, жауапкершілік, даму, кәсіпқойлық, топтық жұмыс сияқты корпоративтік құндылықтарымен үйлеседі және тұрақты дамуды басқару практикасын дамыту және Компанияның тұрақтылығын арттыру үшін негіз болып табылады.
Тұрақты даму Компанияның Даму стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады, оны іске асыру шеңберінде Компания тұрақты даму қағидаттарын бірізді енгізу және экономикалық, экологиялық әрі әлеуметтік мақсаттар мен міндеттерді негізгі үдерістерге және корпоративтік шешім қабылдау жүйесіне ықпалдастыру бойынша жұмысын жалғастыруда.
Компанияның тұрақты даму саласындағы қызметінің басым бағыттарын анықтау тәсілі бизнес кезігетін тұрақты даму саласындағы басты тәуекелдерді талдауға және Компанияның мүдделі тараптары мен қызметі үшін шешуші мәні бар экологиялық, әлеуметтік және басқару мәселелерін (ESG) анықтау үшін ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуге негізделген. Бұл үдеріс Қазатомөнеркәсіпке өз күшін басымдандыруға және көбірек ықпал ете алатын салаларда прогреске септігін тигізуге мүмкіндік береді.
Қазатомөнеркәсіп тұрақты дамудың әр түрлі аспектілерін реттейтін ішкі саясаттарды әзірлеу және енгізу, сондай-ақ өзінің корпоративтік басқару жүйесін тұрақты дамытудың қағидаттарын ықпалдастыру арқылы тұрақты дамуды басқарудың корпоративтік практикасын жетілдіруді жалғастырып келеді.
2019 жылы Қазатомөнеркәсіп өзінің тұрақты дамуды басқару тәсілін жетілдіруін жалғастырды. Компания тұрақты даму саласында өз Саясатын әзірледі, онда өзінің мақсаты мен мүмкіндіктерін, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы қызметінің негіз қалаушы қағидаттары мен негізгі бағыттарын қалыптастырды. Тұрақты даму практикасын одан әрі дамыту мақсатында тұрақты даму мәселелері бойынша жетекшілік ететін арнайы бөлімше құрылып, Компанияның жоғарғы басшылығы қатарынан тұрақты даму бойынша Жетекші мен Демеуші тағайындалды.
Компанияда қабылданған тұрақты дамуды басқару моделі тұрақты даму мәселелерін басқаруды басқару жүйесінің барлық деңгейлеріне енгізуді болжамдайды. Тұрақты дамуды басқару үшін негізгі жауапкершілікті Компанияның Директорлар кеңесі алады.
Компанияның Директорлар кеңесі және оның комитеттері Компанияның тұрақты даму саласындағы күн тәртібін құруда, басым бағыттарды белгілеуде, тәуекелдерді бағалауда және тұрақты даму саласындағы қызметінің нәтижелерін бақылауда негізгі рөл атқарады. Басқарма Корпоративтік орталық деңгейінде тұрақты дамудың экологиялық, әлеуметтік және экономикалық аспектілерін басқарумен байланысты негізгі шешімдер мен үдерістерді бақылау, осы саладағы тәуекелдерді бағалау, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы бастамалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу үшін жауапкершілік алады.
Тұрақты дамумен байланысты міндеттер, сондай-ақ өзінің функционалдық міндеттеріне сәйкес мақсатты көрсеткіштерге жетуді бақылау тұрақты даму саласындағы бастамаларды әзірлеу және іске асыру үшін жауапты корпоративтік функциялар арасында бөлінеді. Тұрақты даму жөніндегі басқарма тұрақты даму бойынша бастамалар мен іс-шаралардың іске асырылуын үйлестіріп, әдіснамалық қолдаумен қамтамасыз етеді, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы ақпараттың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етеді.
Тұрақты дамудың әр түрлі салаларына, оның ішінде өндірістік қызмет, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару, қоршаған ортаны қорғауды басқару, персоналды басқару және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету салаларына жетекшілік ететін ЕТҰ деңгейіндегі құрылымдық бөлімшелер, бастамаларды іске асыру және тұрақты даму қағидаттарын операциялық қызметке енгізу, есептілікті мониторингтеу және дайындау үшін жауапты.
Бағыт | Тұрақты даму саласында іске асырылған бастамалардың үлгілері |
Тұрақты даму саласында еншілес компаниялар деңгейінде іске асырылған бастамалардың саны 149 | |
Әлеуметтік даму |
Еңбек ұжымдарында кадрлық әлеуетті дамыту және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету
Қайта құрылымданатын компаниялардың ұжымдарында әлеуметтік жайлылықты қамтамасыз ету. Жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы әрекет ету, корпоративтік дауларды және мүдделер қақтығысын реттеу:
|
Тұрақты даму саласында еншілес компаниялар деңгейінде іске асырылған бастамалардың саны 189 | |
Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар |
Еңбек жағдайын қорғау және қамтамасыз ету:
Қоршаған ортаны қорғау:
|
Тұрақты даму саласында еншілес компаниялар деңгейінде іске асырылған бастамалардың саны 317 | |
Әлеуметтік-экономикалық даму |
Жоспарлы көрсеткіштерді орындау:
Қатысатын өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау:
Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу:
Тұрақты даму аясында сатып алу қызметін басқару рәсімдері:
Ғылым және инновациялар:
Тәуекелдерді басқару:
|
2019 жылы корпоративтік басқару практикасын одан әрі жетілдіру және корпоративтік басқару кодексінің қағидаттарын енгізудің тиімділігін бағалау мақсатында тәуелсіз кеңесшінің қатысуымен Компанияның корпоративтік басқару жүйесіне диагностика өткізілді. Корпоративтік басқару жүйесін диагностикалау шеңберінде Компанияның тұрақты дамуды басқару жүйесін құру және өзінің ұзақ мерзімді тұрақты дамуға арналған экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттардың келісімделуін қамтамасыз ету бойынша нәтижелері бағалау мәніне айналды.
Компанияның тұрақты дамуды корпоративтік басқару практикасын жетілдіру бойынша күш салуы өткізілген бағалау нәтижелерімен және тұрақты дамуды басқару практикасының жетілуін бағалаудың жоғары рейтингімен расталды (бағалау әдіснамасының негізінде).
Корпоративтік басқару жүйесін диагностикалаудың қорытындысы бойынша, тұрақты даму мәселелерін корпоративтік басқару практикасын қоса алғанда, корпоративтік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша нұсқаулар әзірленді. Бұл нұсқаулар 2020 жылға арналған корпоративтік басқару және тұрақты дамуды басқару жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспарына енгізілді. Іс-шаралар жоспарын Компанияның құрылымдық бөлімшелері өзінің қызметтік құзыреті шеңберінде іске асырады.
Компанияның ЕТҰ-да тұрақты дамуды басқару практикасын дамыту мақсатында, 2019 жылы 11 ЕТҰ-да тұрақты дамуды басқару практикасының деңгейіне ішкі диагностика өткізілді. Өткізілген диагностиканың нәтижесінде тұрақты дамуды басқару жүйесінің негізгі құрамдастарының қазіргі жағдайы мен жетілу деңгейі бағаланды, тұрақты даму мәселелері бойынша ішкі үздік практикаларды одан әрі жетілдіру және таралымын көбейту бойынша ұсыныстар әзірленді.
Компанияның тұрақты дамуды басқару практикасын дамыту бойынша жоспарлары мыналарды қамтиды:
Қазатомөнеркәсіп БҰҰ 2030 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы жаһандық Күн тәртібін қолдайды және 2015 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы қабылдаған Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) бөліседі. Компания адамзаттың неғұрлым күрделі әлеуметтік, экологиялық және экономикалық мәселелерін шешу және әлемді баршаға бірдей тұрақты болашаққа жетелеу үшін барлық мүдделі тараптардың, оның ішінде билік органдары, бизнес, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен жұртшылықтың бірлескен амалдарының маңыздылығын мойындайды.
Компания тұрақты даму қағидаттары мен құндылықтарын енгізу, бизнесті адал жүргізу практикасын іске асыру, операциялық қызметтің қоршаған ортаға және жергілікті халыққа әсерін барынша азайту және барлық мүдделі тараптар үшін құнды ұлғайту үшін экономикалық тұрғыдан орынды шаралар қолдану арқылы тұрақты даму саласында Жаһандық мақсаттарға жетуге өз үлесін қосуға тырысады.
БҰҰ-ның барлық 17 Тұрақты даму мақсатының маңыздылығын мойындай отырып, Қазатомөнеркәсіп өзінің күш-жігерін өз бизнесі мен уран өндіру саласының ерекшеліктеріне неғұрлым релевантты болып табылатын және оған қол жеткізуде Компания елеулі үлес қоса алатын алты Мақсатқа жұмылдырды. Төмендегі кестеде Компания өзінің тұрақты даму саласындағы қызметі мен бастамаларының БҰҰ ТДМ-на жетуде қандай үлес қосатынын ашып көрсетеді. Келешекте біз өз мақсаттарымыз бен бастамаларымыздың өзара келісілуін және БҰҰның неғұрлым релевантты ТДМ-на бекітілген басым бағыттарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қайта қарайтын боламыз.
Қазатомөнеркәсіптің есептік кезеңде БҰҰ ТДМ-на жетуде оң үлес қосқан тұрақты даму саласындағы қызметі мен бастамалары, негізінен, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік, адам капиталын дамыту және Компания қатысатын өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту саласындағы іс-шараларды қамтиды.
БҰҰ ТДМ | ТДМ-ын басқару жүйесіне енгізу |
![]() Басымдықты Қосымша мына тарауларды қараңыз: |
|
ТДМ-ның релевантты міндеттері | Негізгі бастамалар мен жобалар |
3.4 2030 жылға қарай аурудың алдын алу, емдеу және психикалық денсаулық пен әл-ауқатты қолдау арқылы жұқпалы емес аурулардан мезгілсіз өлім-жітімді үштен бір бөлікке азайту. |
|
3.6 2020 жылға қарай бүкіл әлемде жолкөлік оқиғалары нәтижесінде өлім мен жарақаттанулар санын екі есе қысқарту. |
|
3.9 2030 жылға қарай қауіпті химиялық заттардың әсерінен және ауа мен судың, топырақтың ластануы және улануы нәтижесінде өлім мен ауру жағдайларының санын едәуір қысқарту. |
|
БҰҰ ТДМ | ТДМ-ын басқару жүйесіне енгізу |
![]() Басымдықты Қосымша мына тарауларды қараңыз: |
|
ТДМ-ның релевантты міндеттері | Негізгі бастамалар мен жобалар |
7.1 2030 жылға қарай қымбат емес, сенімді және заманауи энергиямен жабдықтауға жалпы қолжетімділікті қамтамасыз ету. |
|
7.3 2030 жылға қарай энерготиімділікті арттырудың жаһандық көрсеткішін екі еселеу |
|
7.a 2030 жылға қарай экологиялық таза энергетика саласындағы, оның ішінде жаңартылатын энергетика, энерготиімділікті ұлғайту және қазбалы отынды пайдаланудың озық және таза технологияларын арттыру саласындағы зерттеулер мен технологияларға қолжетімділікті оңайлату мақсатында халықаралық ынтымақтастықты белсендендіру және энергетикалық инфрақұрылым мен экологиялық таза энергетика технологияларына инвестициялауға ынталандыру. |
|
БҰҰ ТДМ | ТДМ-ын басқару жүйесіне енгізу |
![]() Басымдықты Қосымша мына тарауларды қараңыз: |
|
ТДМ-ның релевантты міндеттері | Негізгі бастамалар мен жобалар |
8.2 Әртараптандыру, техникалық жаңғырту және инновациялық қызмет арқылы, оның ішінде қосымша құны жоғары және еңбекті көп қажетсінетін секторларға ерекше назар бөлу арқылы экономикада өнімділікті арттыруға қол жеткізу. |
|
8.4 2030 жылдың соңына дейінгі бүкіл мерзім бойы тұтыну және өндіру жүйелерінде ресурстарды пайдаланудың жаһандық тиімділігін біртіндеп арттыру және экономикалық өсудің қоршаған орта жағдайының нашарлауына әкелмеуіне тырысу, бұл тұтыну мен өндірудің ұтымды модельдерін пайдалануға көшу бойынша онжылдық стратегиясында көзделген және мұны алдымен дамыған елдер жасауы тиіс. |
|
8.5 2030 жылға қарай жастар мен мүгедектерді қоса алғанда барлық әйелдер мен ерлер үшін толық және өнімді жұмыстылық пен лайықты жұмыс, сондай-ақ бірдей жұмыс үшін бірдей еңбекақы төленуін қамтамасыз ету. |
|
8.8 Еңбек құқығын қорғау және еңбек ететін мигранттарды, әсіресе әйел-мигранттарды және тұрақты жұмысы жоқ адамдарды қоса алғанда, барлық еңбекшілерге сенімді және қауіпсіз жұмыс жағдайын қамтамасыз етуге көмектесу. |
|
БҰҰ ТДМ | ТДМ-ын басқару жүйесіне енгізу |
![]() Басымдықты Қосымша мына тарауларды қараңыз: |
|
ТДМ-ның релевантты міндеттері | Негізгі бастамалар мен жобалар |
9.1 Барлығына қымбат емес және тең құқықты қолжетімділікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөле отырып, экономикалық дамуды және адамдардың әл-ауқатын қолдау мақсатында сапалы, сенімді, тұрақты және берік инфрақұрылымды, оның ішінде өңірлік және шекарааралық инфрақұрылымды дамыту. |
|
9.4 2030 жылға қарай барлық елдердің жеке мүмкіндіктеріне сәйкес қатысуымен, инфрақұрылымды жаңғырту және өнеркәсіптік кәсіпорындарды қайта жабдықтау арқылы ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру және таза әрі экологиялық қауіпсіз технологиялар мен өнеркәсіптік үдерістерді кеңірек қолдану есебінен оларды тұрақты ету. |
|
9.5 Барлық елдерде, әсіресе дамушы елдерде ғылыми зерттеулерді жандандыру, өнеркәсіптік секторлардың технологиялық әлеуетін күшейту, оның ішінде 2030 жылға қарай инновациялық қызметті жандандыру және ҒЗТҚЖ саласында 1 млн адамға шаққандағы қызметкерлер санын едәуір арттыру, сондай-ақ ҒЗТҚЖ-на бөлінетін мемлекеттік және жеке шығыстар арқылы. |
|
9.b Дамушы елдерде отандық технологиялар саласындағы әзірлемелерді, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, оның ішінде, атап айтқанда, өнеркәсіпті әртараптандыруға және шикізат салаларында қосымша құнның ұлғаюына қолайлы жағдай жасайтын саяси климатты қалыптастыру . |
|
БҰҰ ТДМ | ТДМ-ын басқару жүйесіне енгізу |
![]() Басымдықты Қосымша мына тарауларды қараңыз: |
|
ТДМ-ның релевантты міндеттері | Негізгі бастамалар мен жобалар |
12.2 2030 жылға қарай табиғи ресурстарды ұтымды игеруге және тиімді пайдалануға қол жеткізу. |
|
12.4 2020 жылға қарай химиялық заттар мен барлық қалдықтардың келісілген халықаралық қағидаттарға сәйкес бүкіл өмірлік циклі бойына экологиялық тұрғыдан ұтымды қолданылуына қол жеткізу және адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға жағымсыз әсерін барынша азайту үшін олардың ауаға, суға және топыраққа түсуін айтарлықтай қысқарту. |
|
12.5 2030 жылға қарай қалдықтардың құрылуының алдын алу, оларды қысқарту, қайта өңдеу және екінші қайтара пайдалану бойынша шараларды қолдану арқылы қалдық көлемін барынша азайту. |
|
12.6Компанияларға, әсіресе ірі және ұлтаралық компанияларға өндірістің тұрақты әдістерін қолданып, өз есептерінде ресурстарды ұтымды пайдалану туралы ақпаратты көрсетуге кеңес беру. |
|
БҰҰ ТДМ | ТДМ-ын басқару жүйесіне енгізу |
![]() Басымдықты Қосымша мына тарауларды қараңыз: |
|
ТДМ-ның релевантты міндеттері | Негізгі бастамалар мен жобалар |
13.1 Барлық елдерде қауіпті климаттық құбылыстарға және сұрапыл апаттарға қарсы тұру және бейімделу қабілетін арттыру. |
|
13.3 Адамдар мен мекемелердің климат өзгеруі салдарының өткірлігін жұмсарту және бәсеңдету, оларға бейімделу және ерте ескерту мүмкіндігін, бұл саладағы ағарту ісін және ақпарат таратуды жақсарту. |
|
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың тиімді жүйесі Компанияның стратегиялық мақсаттарына жетуге және әлемдік нарықта оң беделді қалыптастыруға көмектеседі. Қазатомөнеркәсіп өзара ықпалдасу және өзара мүдделерді анықтау дәрежесін ескере отырып, стейкхолдерлердің негізгі топтарының тізімін белгілейді.
Компанияның мүдделі тараптарының негізгі топтары – қызметкерлер мен кәсіби одақтар, акционерлер, серіктестер, кредиторлар, өнім берушілер мен тұтынушылар, еншілес ұйымдар, менеджмент және персонал, мемлекеттік және жергілікті басқару органдары, БАҚ және жергілікті қоғамдастықтар, инвестициялық аналитиктер, бизнес-қоғамдастықтар және халықаралық ұйымдар.
Компанияда Мүдделі тараптардың картасы әзірленді, оны құру барысында барлық мүдделі тараптардың қажеттіліктері мен мүдделері ескерілді. Компания өз қызметінің салдарын ұғына отырып, мүдделі тараптар кезігетін мәселелерді бағалау және олардың сауалдарына барабар жауап қайтару барысында маңыздылық қағидаттары негізінде мүдделі тараптармен өзара әрекеттеседі.
Қазатомөнеркәсіп пен стейкхолдерлердің өзара ықпалын бағалау тұрғысынан алғанда мүдделі тараптардың картасы, сондай-ақ мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу жоспары жыл сайын өзектендіріледі. Есептік кезеңде Компанияның нарықтағы жаһандық қатысуын кеңейтудің нәтижесінде мүдделі тараптардың үш жаңа тобы қосылды – бизнес-қоғамдастықтар, халықаралық ұйымдар және инвестициялық аналитиктер.
Бұған қоса, есептік кезеңде стейкхолдерлердің өзара ықпалының дәрежесі қайта бағаланды, 2020 жылы Компанияның стейкхолдерлерімен өзара әрекеттесу бойынша іске асырылуға жоспарланып отырған тетіктер мен іс-шаралар туралы ақпарат шоғырландырылды және тетіктер тізімі мен стейкхолдерлермен қарым-қатынас жасау жоспары өзектендірілді.
Қазатомөнеркәсіп қауіпсіз, жауапты, тиімді және табысты бизнес жүргізудің және өзінің қатысатын өңірлерді тұрақты дамытуға қатысуының маңыздылығын түсінеді. Компания өзінің негізгі қызметін іске асыру және қатысатын өңірлерде әлеуметтік-экономикалық инвестициялар жасау арқылы үлес қосады.
Қазатомөнеркәсіп өз қызметін Қазақстанның 5 өңірінде – Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарында жүзеге асырады, сондай-ақ өзі ірі жұмыс беруші және салық төлеуші болып табылатын Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында өкілдіктері бар. Қазатомөнеркәсіптің жергілікті және ұлттық экономикаларға, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтарға қосқан үлесі төмендегідей көрсетіледі:
№ р/с |
Бап | 2018* | 2019 |
Құрылған тікелей экономикалық құн | |||
1 | Табыс** | 846,03 | 621,13 |
Бөлінген экономикалық құн, оның ішінде | |||
2 | Операциялық шығыстар*** | 292,81 | 273,42 |
3 | Еңбекақы | 42,78 | 49,15 |
4 | Пайыз және дивиденд бойынша шығыстар | 12,67 | 11,96 |
5 | Табыс салығынан басқа салықтар | 23,56 | 27,79 |
6 | Табыс салығы бойынша шығыстар | 28,80 | 33,51 |
7 | Өзге табыстар | 19,99 | 8,51 |
8 | Әлеуметтік салаға бөлінетін шығыстар (жергілікті қауымдастықтарға инвестициялар) | 0,73 | 1,07 |
Бөлінбеген экономикалық құн (жыл ішіндегі пайда) | 424,69 | 213,75 |
* Төмендегі жағдайларға байланысты 2018 жылға арналған Жылдық есептегі деректермен салыстырып қайта есептелген:
2018 жылдың желтоқсанында Топ «Байкен-U» ЖШС-не бақылау алды. 2018 жылғы 31 желтоқсанда Топ сатып алған активтері мен міндеттемелерін
есепке алу үшін теңгерімдік құнды қолданды, себебі бағалау бойынша есеп есептік жылдың соңында аяқталған жоқ. 2019 жылдың маусымында тәуелсіз бағалаушы сатып алған активтер мен міндеттемелердің әділ құнын бағалауды аяқтап, салыстырмалы ақпарат қайта есептелді.
** Табыстар GRI стандарттары әдістемесіне сәйкес есептелді және Компанияның түсімі мен барлық табысының сомасынан құралады.
*** Операциялық шығыстар келесі баптарды қамтиды: өткізудің өзіндік құны (еңбекақы мен салықты есептемегенде), өткізу бойынша шығындар
(еңбекақы мен салықты есептемегенде), жалпы және әкімшілік шығындар (еңбекақы мен салықты есептемегенде).
№ р/с |
Кәсіпорынның атауы | Аударылды 2019 |
Түркістан облысы | ||
1 | «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 154,5 |
2 | «Аппақ» ЖШС | 37,9 |
3 | «Ақбастау» БК» АҚ | 194,9 |
4 | «Оңтүстік тау-химия компаниясы» БК» ЖШС | 86,5 |
5 | «Волковгеология» АҚ | 2,5 |
6 | «Заречное» БК» АҚ | 10,1 |
7 | «Инкай» БК» ЖШС | 58 |
8 | «Казатомпром-SaUran» ЖШС | 387,1 |
9 | «Қаратау» ЖШС | 52,3 |
10 | «Орталық» ЕК» ЖШС | 76,4 |
11 | «КАТКО» БК» ЖШС | 11,4 |
Қызылорда облысы | ||
12 | «Байкен-U» ЖШС | 38,6 |
13 | «РУ-6» ЖШС | 102,8 |
14 | «Семізбай-U» ЖШС | 26,5 |
15 | «Қызылқұм» ЖШС | 116,2 |
Алматы облысы | ||
16 | «KazSilicon» ХК» ЖШС | 0,3 |
Шығыс Қазақстан облысы | ||
17 | «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | 6,6 |
Солтүстік Қазақстан облысы | ||
18 | «Семізбай-U» ЖШС | 18,9 |
Ақмола облысы | ||
19 | «Семізбай-U» ЖШС | 18,9 |
Барлығы | 1 400,4 |
Қазіргі кезде Қазатомөнеркәсіптің қайырымдылық қызметін Корпоративтік орталық ретінде «SamrukKazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүргізеді, ол конкурстық негізде іріктеу арқылы әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырады.
«Samruk-Kazyna Trust» қоры «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық қызметінің жалғыз операторы болып табылады, ол әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырады.
Жергілікті қоғамдастықтарды қолдау мақсатында Компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарының қайырымдылық бастамаларды өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндігі бар.
2019 жылы «Қаратау» ЖШС-нің бастамасымен және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен Түркістан облысының Созақ ауданындағы Қаратау ауылында балалар спорт кешені құрылды.
Кешеннің ашылу салтанаты Балаларды қорғау күнін атап өту аясында өткізілді. Спорттық кешен заманауи балалар қалашығы болып табылады: мини-футболға арналған жасанды жабыны бар алаң, әр түрлі спорт және ойын элементтері. Бұл жобаның іске асырылуы ауылдың балалары мен жасөспірімдеріне өздерінің бос уақыттарын қызықты әрі белсенді өткізуге мүмкіндік береді.
Қазатомөнеркәсіп пен оның ЕТҰ ғылыми зерттемелерге және өз өндірісін ғылыми-техникалық дамытуға ерекше назар аударады. Топ геология, геотехнология, өнімді ерітінділерді өңдеу, ядролық-отын циклі, сирек жер және сирек металл өнімдері, жаңа технологияларды құқықтық қорғау салаларында салалық ғылымды дамытуға бағытталған бағдарламаларды қаржыландыруды жыл сайын ұлғайтады.
Ғылыми-техникалық және ииновациялық дамудың негізгі бағыттары және Топтың ғылыми-техникалық бөлімшелерінің алдында тұрған тапсырмалар Қазатомөнеркәсіптің 2014-2022 жылдарға арналған Инновациялық-технологиялық даму стратегиясында және саясатында баяндалған. Сондай-ақ Топта «Ғылыми-технологиялық қызметті басқару» меншікті саясаты әзірленген.
Топтың Инновациялық-технологиялық даму стратегиясы мен саясатының қағидаларын Қазатомөнеркәсіп компаниясының негізгі ғылыми-техникалық бөлімшесі – «Жоғары технологиялар институты» ЖШС, сондай-ақ еншілес және тәуелді ұйымдардың ғылыми-өндірістік бөлімшелері: «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ ҒО, «Волковгеология» АҚ жүзеге асырады. Осы бөлімшелердің ғылыми-зерттеу және жобалау-құрастыру жұмысында еңбек ететін қызметкерлердің жалпы саны 486 адамға жетеді, олардың арасында 6 ғылым докторы мен 76 ғылым кандидаты бар.
2019 жылы Қазатомөнеркәсіп пен оның ЕТҰ 3,2 млрд теңге сомасына ҒЗТҚЗ туралы 109 шарт жасасты. Топ өнертабыстарға патент беру туралы 28 өтінім берді, сондай-ақ өнертабыстарға қатысты 20 қорғау құжатын алды.
Топ өз қызметін Инновациялық-технологиялық даму стратегиясы мен саясатының қағидаларына сәйкес жүйелі түрде бағалайды және өзектілігін арттырады. Мысалы, 2019 жылы Қазатомөнеркәсіптің Ғылыми-техникалық кеңесінің бір отырысы және Топтың ғылыми-технологиялық қызметінің басым бағыттары бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық кеңестердің 12 отырысы өтті.
Ғылыми-технологиялық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында 2019 жылы Қазатомөнеркәсіп пен оның еншілес және тәуелді ұйымдары («Қаратау» ЖШС, «Оңтүстік тау-химия компаниясы» БК» ЖШС, «Инкай» БК» ЖШС, «Аппақ» ЖШС) арасында «Құрамында уран бар ерітінділерден табиғи газдың концентратын алу тәсілі» өнертабысын пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық шартқа қол қою бойынша мақсатты жұмысы жалғасты, Қазатомөнеркәсіп аталған өнертабыстың патент иесі болып табылады.
Сондай-ақ Қазатомөнеркәсіп пен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының зияткерлік меншік нысандарын заңды түрде пайдалануға және коммерцияландыруға аудит жүргізу жұмысы басталды.
Топтың барлық дерлік ҒЗТҚЗ өндірісті жетілдіруге және жаңғыртуға бағытталған.
2019 жылы бірнеше ірі ҒЗТҚЗ жобалары жүзеге асырылды:
2019 жылы «Жоғары технологиялар институты» ЖШС-де әзірленген технологияның және арнайы мақсаттағы реагенттермен ерітінділерді сілтісіздендіруді күшейтетін қондырғының тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтары жүргізілді. Жүргізілген тәжірибелік сынақтар оң нәтижелер берді. Технологияны қолдану көмегімен сілтісіздендіргіш ерітінділердің тотығу-тотықсыздану әлеуетін артыру және сілтісіздендіру үдерісіне жұмсалатын күкірт қышқылының шығынын 20%-ға дейін төмендету іске асырылды.
2019 жылы өндірістің экологиялығын арттыруға бағытталған бірнеше зерттеулерге қатысты жұмыс жүргізілді, олар:
Қазатомөнеркәсіп саладағы халықаралық үрдістер мен мәселелерді, сондай-ақ оларды шешудің инновациялық әдістерін белсенді бақылайды. Осы мақсатпен 2019 жылдың қараша айында Алматы қаласында «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» тақырыбында IX халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияның 7 түрлі секциясына әр түрлі елдерден келген 270-тен астам қатысушы қатысып, 140 баяндама оқылды.
Топ өз қызметкерлерін өнертапқыштық ұсыныстарды ұсыну, өңдеу, бағалау және қарастыру тетіктері арқылы инновациялық қызметке тартады. Өнертапқыштық қызмет үшін ЕТҰ арасында өткізілетін өнертапқыштық қызмет жөніндегі жыл сайынғы конкурс қосымша ынталандыру болып табылады. 2019 жылы Топтың қызметкерлері 2 567 өнертапқыштық ұсынысты тапсырды, олардың арасынан 2 251 ұсыныс қабылданды, 1 412 ұсыныс енгізілді. Енгізілген ұсыныстардан күтілетін экономикалық әсер 2,17 млрд теңгені құрайды.
2019 жылы «Росатом» мемлекеттік корпорациясының халықаралық тау-кен дивизионы – «Атомредметзолото» АҚ-мен ынтымақтастық туралы шарт жасалды. Келісім минералдық шикізатты өндіру және өңдеу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.
Ғылыми қызметті басқарудың жаңа тәсілдемесін жүзеге асыру мақсатында 2020 жылы Топта:
Қазатомөнеркәсіп компаниясының Корпоративтік орталығы мен барлық еншілес және тәуелді ұйымдары жаңа модельді енгізу периметрінде қамтылған.
Есептік кезеңде Топтың құрылымдық бөлімшелерінің қажеттіліктерін шоғырландырудан басталатын және қорларды басқарумен аяқталатын сатып алу қызметінің барлық үдерісін регламенттейтін жаңа нормативтік құжаттар әзірленді. Бұл құжаттар 2020 жылдың басында күшіне енеді.
Сатып алудың жаңа моделіне сәйкес, Топтағы барлық сатып алу қызметі үш негізгі нормативтік құжатпен реттелетін болады, олар: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Сатып алуды жүзеге асыру тәртібі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Сатып алу қызметін басқару стандарты және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Сатып алу қызметін басқару ережелері. Соңғы құжатты Компания «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ құжаттарының негізінде әзірледі және ол бекітуге шығарылады. Ережелер мынадай сатып алу үдерістерін реттейді:
2019 жылы Топтың Трансформациялау бағдарламасы Жол картасының «Сатып алуды санаттық басқару» жобасы сәтті аяқталды және операциялық қызметке енгізілді. 2019 жылдың қорытындылары бойынша 15 сатып алу санаттық стратегиясы, оның ішінде Қордың бес сатып алу санаттық стратегиясы әзірленді.
2019 жылға арналған сатып алу стратегиясын жүзеге асыру нәтижесінде жалпы сомасы 1,86 млрд теңгені құрайтын пайда бойынша алдын ала экономикалық тиімділікке қол жеткізілді.
2019 жылы Топ барлығы 3,209 қазақстандық және шетелдік өнім берушілермен 229,1 млрд теңге сомасына тауарларды жеткізу және қызметтер туралы 11 305 шарт жасасты.
Сатып алу үдерісінің барлық кезеңдерін сатып алу қызметін жүргізу жүйесіне – «ИСЭЗ 2.0» порталына толық ауыстыру 2019 жылы сатып алу үдерісін оңтайландыру және автоматтандыру саласындағы қызметтің маңызды нәтижесі болды. Сатып алудың электрондық жоспары және есептілікті қалыптастырудың автоматтандырылған жүйесі, яғни бұған дейін жеке рәсімдер үшін пайдаланылған жүйелердің атқарымы тоқтатылды.
Сондай-ақ 2019 жылы сегіз ЕТҰ-да енгізілген SAP ERP жүйесінің сатып алуды жоспарлау үдерісін автоматтандыру тұрғысынан тестілеу басталды. Осы жүйені сатып алу үдерісіне енгізумен қатар, мынадай өзгерістер орын алады: сатып алу жоспарларын қалыптастыру, оларды түзету және келісу SAP ERP жүйесінде жүргізіледі, содан кейін олар ИСЭЗ 2.0 порталында автоматты түрде интеграцияланады, кейінгі барлық сатып алу үдерістері осы жерде өтетін болады.
Сатып алу үдерісін автоматтандыру уақыт пен қаражатты айтарлықтай үнемдеп, барлық қажетті ақпаратты жылдам шоғырландыруға және оған дерек қолжетімдік алуға мүмкіндік береді.
Өнім берушілер мен мердігерлерді таңдау аясында Топ контрагенттермен – тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тиісті нарықтарындағы қатысушылармен өзара тығыз әрекеттеседі.
Сатып алу қызметіне жауапты тәсілді жүзеге асыра отырып, Топ әлеуетті өнім берушілердің біліктілігін алдын ала арттыру рәсімін қалыптастырды. Осы рәсімге сәйкес барлық мердігерлер мен өнім берушілер өздері жеткізетін тауарларға немесе қызметтерге байланысты сыншылдықтың үш деңгейіне бөлінеді. Сыншылдықтың әр деңгейінің ішінде Топ осы деңгей үшін белгіленген критерийге сәйкес өнім берушілердің біліктілігін арттыру үдерісін жүзеге асырады.
Мемлекеттік саясаттың қағидаларына сәйкес өңірлердегі отандық өнім берушілерге қолдау көрсету мақсатында Компания өзінің ЕТҰ арасында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу шарттарын жасасуға ықпал етті.
Отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету үшін 2019 жылы «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС алаңында Компания еншілес және тәуелді ұйымдардың қатысуымен Орталық жобалық кеңсені құрды, оның аясында тауар өндірушілермен оффтэйк-шарттар жасалады (тауарлардың белгілі мөлшерін сатып алу жөніндегі міндеттемені білдіреді). Сонымен, 2019 жылы жалпы сомасы 102,3 млн теңге көлемінде 14 оффтэйк-шарт жасалды.
Көрсеткіш | 2017 жыл | 2018 жыл | 2019 жыл |
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесі | 77% | 80% | 77% |
Өңірдің атауы | Сатып алудағы жергілікті қамту үлесі |
Ақмола облысы | 91% |
Ақтөбе облысы | 64% |
Алматы облысы | 20% |
Атырау облысы | 34% |
Батыс Қазақстан облысы | 97% |
Жамбыл облысы | 97% |
Қарағанды облысы | 87% |
Қостанай облысы | 61% |
Қызылорда облысы | 95% |
Маңғыстау облысы | 97% |
Оңтүстік Қазақстан облысы | 84% |
Павлодар облысы | 92% |
Солтүстік Қазақстан облысы | 69% |
Шығыс Қазақстан облысы | 81% |
Нұр-Сұлтан қаласы | 89% |
Алматы қаласы | 78% |
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бойынша қорытынды (Қазақстан Республикасы) |
77% |
Уранды өндіру үшін Топ пайдаланатын технология кен өндірудің басқа белгілі әдістеріне қарағанда, жер бедеріне және қоршаған ортаның күйіне аз әсер етумен сипатталады. Осыған қарамастан, өндірістік учаскелердің күйіне, тұрғызылған инфрақұрылымның және кен шығару үдерістерінің атқарымдарына қатысты тұрақты мониторинг жүргізіледі.
Өндірістік учаскені жабу туралы шешім қабылдағаннан кейін нысандарды пайдаланудан шығару және топырақ құнарлығын қалпына келтіру кен орындарының өмірлік циклін басқару аясындағы міндетті кезең болып табылады.
Кен орнының қорларын пайдалану факті бойынша кен орнының (учаскелердің) өндірістік нысандарын пайдалану мерзімінің соңында оларды жабу жұмыстарын жоспарлау қажет.
Компанияның еншілес және тәуелді ұйымдары әр кен орны (учаске) үшін жер қойнауын пайдалану салдарын жою және топырақ құнарлығын қалпына келтіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес экологиялық кен орнын (учаскені) қалпына келтіру жобасын әзірледі. Компанияда және оның еншілес әрі тәуелді ұйымдарында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі ішкі стандарт әзірленіп, қолданылады. Жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарттарға сәйкес Компания Қазақстан Республикасының кез келген банкінде арнайы депозиттік шотқа (тарату қорына) жыл сайын қаражат аударады.
Әзірленген жоба Компанияның ішінде құрылымдық бөлімшелермен келісіледі, содан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетіне және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне келісу үшін жолданады.
Жобаны әзірлеу және бекіту барысында Топ қоғамдық тыңдауларға қатысу және жабу жобасын өңірлік БАҚ-та жариялау арқылы әр түрлі мүдделі тараптармен өзара әрекеттеседі.
Кен орындарын (учаскелерін) жабу үдерісі жер қойнауын пайдалану келісімшарттарында қарастырылған уранның теңгерімдік қорларын толық өтегеннен кейін басталады. Бастапқыда жұмыстан босатылатын қызметкерлерді бөлу және жұмысқа орналастыру бойынша шаралар қабылданады. Одан әрі жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша әзірленген жобаға сәйкес жабылатын алаңмен тікелей байланысты шаралардың кешені жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында кен орнының (учаскенің) аумағын зерттеуге дейінгі күйге келгенше қалпына келтіру қарастырылады.
Салдарын жою жөніндегі жобада қарастырылған жұмыстардың толық көлемі орындалғаннан кейін жерасты суларының күйін бақылайтын мониторинг жүргізу жүйесі тағайындалады. Осы мақсат үшін учаскеде қадағалау ұңғымаларының желісі құрылады. Сондай-ақ мониторинг жүргізу жүйесінің аясында радиациялық қорды бақылау жүзеге асырылады.
2019 жылы екі кен орнында (учаскелерде) қорларды зерттеу аяқталды, бұл кен орындарын пайдаланушы «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС болып табылады: Мойынқұм кен орны – Уванас кеніші № 1 учаскесі – жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру әдісімен толық өңделген Қазақстандағы алғашқы уран кен орны.
Жоғарыда аталған учаскелерде мемлекет алдындағы барлық келісімшарттық міндеттемелер орындалды, жұмыстан босатылған қызметкерлерді бөлу және жұмысқа орналастыру бойынша шаралар қабылданды, жер қойнауын пайдалану салдарын жою жұмыстары басталды.
Цифрландыру – Топтың 2015 жылдан бастап жүзеге асырылатын трансформация бағдарламасының негізгі бағыты. Компанияның және ЕТҰ-ның осы үдерістерінің аясында ақпаратты басқару, жинау және талдау тиімділігін арттыруға, бөлімшелердің арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетуге және қызметтің айқындығын арттыруға ықпал ететін IT-шешімдер енгізіледі.
Қазатомөнеркәсіптің ұйымдық құрылымында ақпараттық шешімдерді енгізу үшін және қолдау көрсету үшін жауапты үш бөлімше әрекет етеді, олар: Ақпараттық технологияларды қолдау департаменті, Бизнесті трансформациялау департаменті, Цифрландыру және IT-сәулет департаменті. Топтың цифрлық трансформациялау жобаларын жүзеге асыру үшін жауапты департаменттердің қызметін Трансформация және IT жөніндегі Бас директор үйлестіреді.
2019 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2028 жылға дейінгі Цифрландыру стратегиясы әзірленіп бекітілді, ол үш бағдарламадан тұратын «Цифрлық Қазатомөнеркәсіп» тұжырымдамасын анықтайды:
«Цифрлық егіздер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2019 жылы «РУ-6» ЖШС кәсіпорнында «Тау-кен геологиялық ақпараттық жүйесі» бағдарламалық кешені өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.
ТГАЖ енгізу нәтижесінде зерттелетін кен орны мен кен өндіру технологиялық нысандары туралы өзекті және айтарлықтай толық геологиялық және геотехнологиялық ақпарат келтірілген кен өндіру кешенінің геотехнологиялық өрісінің цирфлық егізі жасалды. «РУ-6» ЖШС мамандары пайдаланылатын нысан құрылымының барлық даму кезеңдерінде бастапқы ақпаратын толтыру және толассыз жүргізу жөніндегі автоматтандырылған жүйені қабылдады.
Жүйе технологиялық блоктың өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде геологиялық және геотехнологиялық деректерді кешенді талдау жүргізеді.
Қорды цифрлық трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазатомөнеркәсіп компаниясында Интеграцияланған жоспарлау жүйесінің (ИЖЖ) жобасы енгізіледі және оны ЕТҰ-да тираждау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
ИЖЖ енгізу жобасының негізгі мақсаты заманауи, тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін өндірістік және қаржылық көрсеткіштерді орташа мерзімді жоспарлаудың әр түрлі сценарийлерін жедел талдауға, модельдеуге, болжауға және визуалдандыруға ақпараттық-аналитикалық қолдау көрсету құралын жасау болып табылады.
Мысалы, 2019 жылдың басынан бастап Корпоративтік орталықтың деңгейінде, сондай-ақ «Аппақ» ЖШС, «РУ-6» ЖШС, «Орталық» ЕК» ЖШС және «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС кәсіпорындарында ИЖЖ нәтижелі пайдалануға енгізу қамтамасыз етілді. Жоғарыда аталған кәсіпорындар бойынша ИЖЖ жүйесін қолдануды ескере отырып, 2019-2023 жж. аралығындағы жоспарлау кезеңінде өндірістік бағдарламалар мен бизнес-жоспарлардың өзектілігі артты, ал 2019 жылдың мамыр айында 2019-2023 жылдарға шақталған Жиынтық шоғырландырылған бизнес-жоспары құрастырылды.
2019 жылдың шілдесінде аталған өндіруші кәсіпорындардың өндірістік блогында жүйені пайдаланушылар 2020-2024 жж. кезеңде өздерінің өндірістік бағдарламаларын ИЖЖ-де қалыптастырды. 2019 жылдың қарашасында өндіруші кәсіпорындардың экономист мамандары қалыптастырған өндірістік бағдарламалардың негізінде 2020-2024 жж. кезеңінде ЕТҰ бизнес жоспарлары ИЖЖ-де қалыптасты және оларды басқару органдары бекітті.
«Цифрлық тұғырнамалар» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2019 жылы «eKAP» ақпараттық жүйесі пайдалануға енгізілді, ол негізгі модульдерді бейнелеу арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша Қазатомөнеркәсіп компаниясының Корпоративтік орталығы мен ЕТҰ бизнес-үдерістерін автоматтандыру мен біріктірудің бірыңғай тұғырнамасын білдіреді.
eKAP негізгі модульдері мыналарды қамтиды: «Тауарлық-материалдық құндылықтар», «Өндірістік қауіпсіздік», «HR-recruiting», «Үнемді өндіріс», «Қызметкерлер».
Жүйе жеке компьютерлерді пайдаланатын немесе мобильді құрылғылары бар атомдық холдинг кәсіпорындары жұмыскерлерінің 100%-ын қамтуға мүмкіндік береді – iOS және Android тұғырнамаларында мобильді қосымша әзірленді, ол бағдарламалық өнімдерді қашықтан пайдалану (қолжетімдік) мүмкіндігін береді.
Сонымен қатар, Топта SAP ERP ресурстық кәсіпорын басқару жүйесін белсенді енгізу жалғасуда. Бұл жүйе корпоративтік ресурстарды жоспарлау мен есепке алудың тиімді құралы болып табылады, басқарудың барлық деңгейлерінде деректерді жинау және шешімдер қабылдауға қолдау көрсету мүмкіндігін беретін ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ұсыну жөніндегі бірыңғай тұғырнама болып табылады.
2019 жылдың сәуір айынан бастап SAP ERP жүйесі «Орталық» ЕК» ЖШС мен «РУ-6» ЖШС кәсіпорындарына пайдалануға енгізілді. 2019 жыл ішінде жүйені жеті еншілес өндірістік ұйым іске қосты.
Кәсіпорындарды енгізген кезеңдерде қызметтің барлық салаларында мақсатты үдерістер автоматтандырылды, олар: сату, сатып алу, қаржылық-экономикалық қызмет, өндіріс, жөндеу, кадрлық бизнес-үдерістер және инвестициялар.
«ИЖЖ көмегімен тау-кен жұмыстарының жоспарын автоматты түрде есептейміз. Басты өзгеріс біздің кәсіпорнымыздың өндірістік бағдарламасы бойынша орташа мерзімді жоспарлауға ауысу күтіледі.
Жүйені енгізгенге дейін таукен жұмыстарының егжейтегжейлі жоспары бір жыл жасалды. Ал кейінгі 4 жылға шақталған қаржылық және өнеркәсіптік көрсеткіштер экстраполяцияланады. Осындай тәсілдеме кезінде Холдинг бойынша шоғырландыру ауқымында есептеулердің кемшілігі айтарлықтай жоғары болды.
Енгізілетін ИЖЖ жүйесі геологиялық, геотехникалық, технологиялық параметрлердің және өндірістік қызметтің нәтижелеріне әсер ететін факторлардың көп мөлшерін ескере отырып, әр түрлі сценарийлерді қалыптастыруға және бір жыл емес, кем дегенде үш жыл ішіндегі анағұрлым оңтайлы сценарийді таңдауға мүмкіндік береді.
ИЖЖ технологиялық блоктардың және бір жылдан артық мерзім ішінде қызметтің негізгі көрсеткіштерін (өзіндік құны және жалпы табыстылық) бағалау және салыстыру үшін бірізділік арақатынасының әр түрлі сценарийлерін жасауға көмектеседі. Бұл бір технологиялық блок кен орнында үш-төрт жыл бойы пайдаланылатынын ескере отырып, шешімдер қабылдау сапасы мен жылдамдығын арттырады.
Цифрлық трансформациялау бағдарламасының аясында IT Service Management (ITSM) жобасы жүзеге асырылады. Бұл – IT басқаруға сервистік тәсілдеме, ол бизнестің қажеттіліктеріне, пайдаланушыға ақпараттық технологиялармен ұсынылатын қызметтерге баса назар аударуды ұсынады. Жоба IT-қызметтерді ұсыну сапасы мен жылдамдығын арттыруға бағытталған, IT басқарудың 12 автоматтандырылған басқару үдерісін енгізуді қамтиды. Бұл ретте қызметтердің деңгейі туралы келісімнің (SLA) болуы IT-өнім берушілерге сапалы қызметтерді көрсетуге мүмкіндік береді, ал Қоғамның IT-бөлімшелеріне сапаны өлшеуге, бақылауға және жақсартуға мүмкіндік береді.
2019 жылғы мамырдан бастап IT басқару жүйесі орталық кеңседе, «KAP-Technology» және «РУ-6» ЖШС кәсіпорындарында қолданылады, ал желтоқсанда «Семізбай-U» ЖШС, «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС, «Аппақ» ЖШС, «Орталық» ЕК» ЖШС кәсіпорындарында ITSM жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.
ITSM жүйесінің енгізілуі арқасында пайдаланушылар қызмет көрсету/қолжетімдік туралы сауалдарды және оқыс оқиғаларды өзіне-өзі қызмет көрсету порталы арқылы тіркеуге және өтінімнің мәртебесін қадағалауға мүмкіндік алды. Қызметтердің нәтижелерін бағалау үшін және сапасын жақсарту үшін жүйе кері байланыс мүмкіндігін болжайды. Бұған қоса, жүйені енгізген кезде пайдаланушылар үшін сауалдарды орындау мерзімдері 5–7 жұмыс күнінен 1–2 жұмыс күніне дейін қысқарды.
2020 жылдың мамырының соңына дейін жүйені пайдалануға ЕТҰ-да мониторинг жүргізілетін болады.
SAP ERP жүйесін енгізу жобасы жоғары бағаланды: SAP Value Award компаниясы – жүйені әзірлеуші компания жыл сайын өткізетін марапаттау салтанатында 2019 жылы Қазатомөнеркәсіп «алтын» марапатын алды.
SAP Value Award осымен төртінші рет өткізілді. Жеті номинациядағы жобалар бірқатар критерийлер бойынша бағаланды, олар: өзгерістерден болатын әсер, операциялық қызметке әсері және компанияның стратегиялық дамуы, SAP шешімдерін енгізу мен бизнес-нәтижелер арасында тығыз байланыстың болуы.
Компанияда Топтың IT-сәулетін дамыту және цифрландыру жобасын іске асыру бойынша ауқымды жоспарлар бар. 2020 жылы мыналар жоспарланады:
Қызметкерлер өндірістік үдерістерде басты рөлді атқарады және Қазатомөнеркәсіпті табысқа жетелейтін негізгі драйвер болып табылады. Компания қолайлы еңбек жағдайын жасауға, барлық қызметкерлерді мансабын өсіруге мүмкіндікпен қамтамасыз етуге және Компания ішінде өзара ашық қарым-қатынасты ұстануға тырысады.
Компанияның персоналды басқару саласындағы қызметі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2018-2028 жылдарға арналған Кадрлық саясатымен (бұдан әрі – Кадрлық саясат) реттеледі. Компанияның Кадрлық саясатының мақсаты оның құндылықтарын бөлісетін білікті әрі уәжделген қызметкерлерінің тиімді жеке және командалық жұмысы арқылы Компанияның стратегиялық мақсаттарына жетуге көмектесу болып табылады. Кадрлық саясат «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2018-2028 жылдарға қабылдаған Даму стратегиясына сәйкес.
Компанияның 2028 жылға дейінгі Даму стратегиясында көзделген персоналды басқару саласындағы неғұрлым ауқымды мақсаттардың қатарында корпоративтік мәдениетті дамытуды және бизнестің стратегиялық серіктесі ретінде HR рөлін күшейтуді атауға болады.
Персоналды іріктеу және дамыту, корпоративтік мәдениетті қолдау тұрғысынан Компания Кадрлық саясатпен қатар Ұжымдық шарт, Әдеп кодексі және комплаенс ережелерін, сондай-ақ Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясатының қағидаттарын да басшылыққа алады. Бұған қоса, қызметкерлермен өзара іс-қимылды құру барысында Компания халықаралық бастамаларға бағдарланады.
Қызметкерлерімен өзара әрекеттесу барысында Қазатомөнеркәсіп қызметкерлердің мүдделері мен құқықтарына баса назар аударады.
Компания адамдарды жынысына, жасына, ұлтына, діні мен физикалық мүмкіндіктеріне қарап кемсітуге, сондай-ақ мәжбүрлі және бала еңбегін пайдалануға үзілді-кесілді қарсы. Қазатомөнеркәсіп адам құқығын қорғау саласындағы халықаралық нормалардың талаптарын және Компанияның Әдеп кодексі мен комплаенсінің ережелерін орындайды.
Қызметкерлердің мүдделері мен құқықтарын қорғау мәселелері – Омбудсмен, комплаенс қызметтері мен кәсіподақ ұйымдарының бақылауында. Омбудсмен еншілес және тәуелді ұйымдардың еңбек ұжымдарымен Әдеп кодексі мен комплаенс нормаларын түсіндіру бойынша кездесулер және қызметкерлердің жеке мәселелері бойынша жекелеген кездесулерді тұрақты негізде өткізіп тұрады.
Есептік кезеңде кемсітушілік немесе адам құқығы саласындағы басқа бұзушылықтар тіркелмеген.
Бірлескен және тәуелді ұйымдарды қоса алғанда, Топ персоналының жалпы тізімдік саны 2019 жылдың соңында 20 592 адамды құрады, бұл өткен жылғы осындай көрсеткіштен 0,4%-ға жоғары, бірақ активтердің есептен шығарылуына байланысты («МАЭК» ЖШС, «КАЭС» АҚ және «SARECO» ЖШС) 2017 жылғы көрсеткіштен төмен. Жұмыстың басым бөлігін Топтың қызметкерлері орындайды, ал тұрақты емес сипаттағы жұмыстарды орындау үшін Компания штаттан тыс қызметкерлерді тартады (ақылы қызмет көрсету шарттары негізінде).
2019 жылдың соңында ақылы қызмет көрсету шарттарымен қамтылған қызметкерлердің үлесі еңбек күшінің жалпы санынан 2,6%-ды құрады, ал Топ персоналының 97,4%-ы еңбек шарты бойынша белгісіз мерзімге жұмысқа қабылданған.
2019 жылдың соңында Топ персоналының тек 0,07%-ы ішінара жұмыспен қамтылған.
Топтың уран өндіретін кен орындары мен өндірістік объектілерінің орналасқан жеріне байланысты Топ қызметкерлерінің басым бөлігі (шамамен 66%-ы) Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірінде жұмыспен қамтылған (Шымкент қ. қоса алғанда — 2%).
Қазатомөнеркәсіп персоналдың құрамын жынысы, жасы, азшылық топтарға қатыстылығы және басқа да түрлену белгілері бойынша бөлінетін негізгі санаттар тұрғысынан тұрақты талдап отырады.
2019 жылдың соңында Топта жұмыс істейтіндердің жалпы санынан ерлер мен әйелдердің үлесі 2018 жылғы деңгейді сақтап, тиісінше 81% және 19%-ды құрады. Бұл арақатынас өндіретін саладағы өндірістік қызметтің ерекшелігі салдарынан туындайды.
Топ қызметкерлерінің орташа жасы 2019 жылдың соңында 39,4 жасты құрады, бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 1,5%-ға төмен (2018 жылы – 40 жас).
2019 жылы Топтан шығып кеткен қызметкерлердің саны алдыңғы есептік кезеңге қарағанда 3%-ға төмендеді, бұл әлеуметтік тұрақтылықтың артқанын көрсетеді.
Топтан шығып кеткен 2899 адамның ішінде ең үлкен үлесті – 42%-ды — 30 50 жастағы ерлер құрайды. Уран өндіретін кәсіпорындар Оңтүстік өңірде орналасқандықтан (Шымкент қ. қоса алғанда), Топтан шығып кеткен қызметкерлердің ең үлкен үлесі осы өңірге келеді және 66%-ды құрайды.
2019 жылы Топта 3 027 адам жұмысқа қабылданды. 57% жаңа қызметкерлер Оңтүстік өңірде жұмыс істейді (Шымкент қ. қоса алғанда).
Көрсеткіш | Саны (адам) |
Оның ішінде | |
ерлер | әйелдер | ||
Есептік кезеңнің аяғындағы қызметкерлердің тізімдік саны (штаттық), оның ішінде: | 20 592 | 16 753 | 3 839 |
- белгісіз мерзімге жасалған еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер | 19 794 | 16 188 | 3 606 |
- уақытша (мерзімді) шарт бойынша жұмыс істейтіндер | 798 | 565 | 233 |
- жұмыспен толық қамтылғандар | 20 577 | 16 745 | 3 832 |
- жұмыспен ішінара қамтылғандар | 15 | 8 | 7 |
Бақыланатын қызметкерлер (ақылы қызмет шарттары бойынша, штаттан тыс) | 546 | 372 | 174 |
Жұмыс күшінің жалпы саны | 21 138 | 17 125 | 4 013 |
Көрсеткіш | Саны (адам) |
Оның ішінде | |
ерлер | әйелдер | ||
Алматы қ. | 602 | 330 | 272 |
Нұр-Сұлтан қ. | 942 | 510 | 432 |
Шымкент қ. | 502 | 270 | 232 |
Солтүстік өңір | 1 111 | 866 | 245 |
Оңтүстік өңір | 13 210 | 11 876 | 1 334 |
Шығыс өңір | 4 209 | 2 892 | 1 317 |
ҚХР | 11 | 5 | 6 |
АҚШ | 2 | 2 | 0 |
Швейцария | 3 | 2 | 1 |
Жиыны | 20 592 | 16 753 | 3 839 |
Көрсеткіш | 2017 | 2018 | 2019 | Ауытқу 2019-2018 |
Әйелдер, адам | 727 | 566 | 521 | –8% |
Ерлер, адам | 2 604 | 2 418 | 2 378 | –2% |
Жиыны | 3 331 | 2 984 | 2 899 | –3% |
Өңірлер | Саны | Үлесі, % |
Алматы қ. | 118 | 4% |
Нұр-Сұлтан қ. | 249 | 8% |
Шымкент қ | 120 | 4% |
Солтүстік өңір | 387 | 13% |
Оңтүстік өңір | 1 597 | 53% |
Шығыс өңір | 555 | 18% |
ҚХР | 1 | 0% |
Жиыны | 3 027 | 100% |
Жоғарыда көрсетілген ақпарат Компанияның ЕТҰ-ның GRI әлеуметтік тақырыбы бойынша көрсеткіштер көрініс тапқан ІТ есептері мен ресми құжаттары негізінде жиналды.
Материалдық сыйақы қызметкерлерді ынталандырудың маңызды құрамдастарының бірі болып табылады және Қазатомөнеркәсіп өз қызметкерлері алдындағы қаржылық міндеттемелерін толығымен және белгіленген мерзімде орындайды. Компанияда еңбекақы төлеу жүйесі үздік халықаралық практикаларға сәйкес және Топтың қызметкерлеріне сыйақы белгілеу деңгейі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болып табылады.
2019 жылы өндірістік персоналдың орташа айлық еңбекақысы 2018 жылдың деңгейіне қарағанда 8%-ға өсіп, 263 997 теңгені құрады. Мұндай өсу өндірістік персоналдың еңбекақысының 2019 жылғы 1 маусымнан бастап 10%-ға ұлғайтылуымен түсіндіріледі.
2019 жылы Қазатомөнеркәсіптің үш пилоттық кәсіпорнында «Кен өндіретін кәсіпорындардың қызметкерлерінің еңбекақысын жүйелендіру» ұзақ мерзімді жобасы қолға алынды. Жобаның мақсаты жылдық жиынтық сыйақы деңгейін сақтай отырып, қызметкерлердің жеке/ұжымдық нәтижелері мен мінез-құлқына байланысты жиынтық ынталандыру жүйесін бірегейлендіру болып табылады.
Еңбекақы жүйесін әзірлеу және одан әрі дамыту барысында Компания ерлер мен әйелдерге және басқа да белгілер бойынша сыйақы тағайындау тұрғысынан кемсітушілікке жол бермейді.
Еңбекақыдан басқа Компания қызметкерлерге олардың тиімді қызметі, Топтың жоспарлы көрсеткіштері мен стратегиялық және операциялық мақсаттарын орындағаны үшін сыйлықақы төлейді. Материалдық ынталандыру жүйесінің шеңберінде қызметкерлерді инновациялық идеялары, міндетін үлгілі орындағаны, ұзақ уақыт әрі мінсіз жұмыс атқарғаны үшін сыйлықақы тағайындау саясаты іске асырылады.
Қосымша ынталандыру мыналарды қамтиды:
Көрсеткіш | 2017 | 2018 | 2019 | Ауытқу 2019–2018 |
Өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысы, теңге | 238 492 | 244 543 | 263 997 | 8% |
* Көрсеткіш еңбек бойынша есепке (Статистикалық есептілік) сәйкес Өндірістік персоналдың еңбекақы қоры/өндірістік персоналдың нақты саны ретінде есептеледі.
Көрсеткіш | 2017 | 2018 | 2019 | Ауытқу 2019–2018 |
Еңбекақы қоры, барлығы | 61 829 | 63 413 | 64 884 | 2,3% |
* Есептелген еңбекақының сомасында барлық ілеспе салықтар мен аударымдар қамтылады.
Көрсеткіш | Оның ішінде | |
ерлер | әйелдер | |
Қазақстан Республикасындағы ең төмен еңбекақы | 42 500 | 42 500 |
Топ бойынша бастапқы деңгейлі қызметкердің еңбекақысы * | 42 500 | 42 500 |
Қатынас | 1 | 1 |
Бизнесті трансформациялау және Компанияның стратегиялық мақсаты – «Сала көшбасшысына лайық корпоративтік мәдениетті дамытуға» қол жеткізу үшін – Қазатомөнеркәсіпте және оның бес еншілес кәсіпорнында 2016-2018 жылдар аралығында саясаттарды жаңартып, персоналды басқару саласындағы үдерістер мен құралдарды жетілдіруге мүмкіндік берген «Персоналды басқарудың мақсатты моделін енгізу» жобасы іске асырылды. Бұл тұрғыдан жасалған келесі қадам ретінде «Персоналды басқарудың мақсатты моделінің таралымын көбейту» жобасы қолға алынды, оның аясында 2019 жылы қалған еншілес және тәуелді ұйымдарда персоналды басқарудың мақсатты моделіне сәйкес негізгі HR-үдерістерді енгізу одан әрі жалғастырылды.
Есептік кезеңде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ сонымен қатар «Бизнес-үдерістерді автоматтандыру» жобасын іске асыруды жалғастырды: сегіз кәсіпорында кадрлық әкімшілік жүргізу, ұйымдастыру менеджменті, жұмыс уақытының есебін жүргізу және еңбекақыны есептеу үдерістерінің енгізілуін қамтитын SAP HCM автоматтандырылған жүйесінің базалық көлемінің таралымы көбейтілді. Жаңа автоматтандырылған жүйе қызметкерлердің жұмысын бағалау, оқыту және дамыту, демалыс пен іссапарларды басқару, сондай-ақ қызметкерлердің сыйақыларын қарау тәрізді персоналды басқарудың барлық үдерістерін біріктіруге бағытталады. 2020 жылы автоматтандырылған жүйенің таралымын Топтың ең ірі кәсіпорындарының бірі – «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-да кеңейту жоспарланып отыр. Сонымен қатар қызметкердің «Жеке кабинетін» кезең-кезеңмен іске қосу да жоспарлануда.
Стратегиялық мақсаттарға жету мақсатында Қазатомөнеркәсіп сала көшбасшысына лайық корпоративтік мәдениетті белсенді дамытуды жалғастырады. Компанияның корпоративтік мәдениеті өз негізінде бес құндылыққа сүйенеді: қауіпсіздік, жауапкершілік, кәсіпқойлық, даму және командалық жұмыс.
Қазатомөнеркәсіпте қолайлы жұмыс жағдайын құру, құзыреттер моделін жаңарту, өсу және даму мүмкіндіктері, басшылықтың мирасқорлығы, қызметкерлерді оқыту және қызметін бағалау жүйесін жетілдіру, қызметкерлердің қатыстырылуын арттыру, материалдық және бейматериалдық ынталандыруды басқару, коммуникация жүйесін дамыту, көшбасшылық бағдарламасын дамыту және жұмыс берушінің брендін нығайту шараларын көздейтін 2018-2022 жылдарға арналған Корпоративтік мәдениет жобасының Жол картасы (бұдан әрі – КМ жобасы) құрылды.
КМ жобасы аясында 2019 жылы Компанияда Қазатомөнеркәсіптің 2018-2028 жылдарға арналған Даму стратегиясында көзделген Компанияның стратегиялық мақсаттарына жету мақсатында жұмысты табысты орындау үшін қажетті нақты қызметке қойылатын талаптарды біріктіретін мінез-құлық сипаттамаларының жиынтығы болып табылатын құзыреттер моделі жаңартылды.
Топта персоналды дамытудағы маңызды рөлді 2012 жылдан бері іске асырылып келе жатқан мирасқорлық бағдарламасы атқарады. Бұл бағдарлама Топ қызметкерлері қатарынан әлеуеті жоғары және кәсіби қасиеттерін арттырып, мансабын өсіруге ұмтылатын кандидаттарды анықтау есебінен басқарушы құрамның мирасқорлығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Персоналды оқыту мен дамыту Қазатомөнеркәсіптің Корпоративтік мәдениетті трансформациялау және дамыту бағдарламасының аясындағы қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Персоналды басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазатомөнеркәсіпте қызметкердің оқуда мұқтаждығын және оның кейінгі мансаптық мүмкіндіктерін анықтайтын персонал қызметін бағалау жүйесі қолданылады. Қызметкердің қызметін бағалау оның кәсіби құзыреттерін бағалаудан және жеке тұлғалық-іскерлік, сондай-ақ басқырушылық құзыреттерін бағалаудан құралады. Бағалау қызметкердің құзыреттерінің деңгейі мен жаңа қажетті дағдыларды алу қажеттілігін анықтауға ғана емес, Топтың ішінде мансап құру мүмкіндіктері туралы түсінік алуға да мүмкіндік береді.
Қызметкерлердің білімі мен дағдыларының жаңартылуы Топтың нәтижелігіне оң ықпалын тигізеді, осыған байланысты есептік кезеңде Компанияда 2019-2023 жылдарға арналған Кешенді білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілді. Бағдарлама қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру үдерістерін жүйелендіруге бағытталады және өзінде жоғарғы оқу орындары мен колледждерде оқу, біліктілігін арттыру, сондай-ақ білімді сақтау және онымен бөлісу тәрізді элементтерді қамтиды.
Персонал санатының атауы | Адам-семинарлар саны | Оқытуға арналған шығыстар, мың теңге |
Әкімшілік-басқарушы персонал | 5 021 | 507 951 |
Өндірістік персонал | 22 128 | 939 032 |
Барлығы | 27 149 | 1 446 983 |
Персонал | Оқу сағаттарының орташа саны |
Әйелдер | 27,6 |
Ерлер | 43,2 |
Барлығы | 35,4 |
Қазіргі кезде Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасы мен шетелде 34 жоғарғы оқу орны мен 12 колледжбен ынтымақтасады. Топтың қаражаты есебінен өңір мен индустрия үшін бейінді мамандықтар бойынша 392 студент оқытылады, оның 234-і – Қазатомөнеркәсіп пен оның ЕТҰ-ның қызметкерлері, ал 158-і – Компаниямен еңбек қатынастарында тұрмайтын жеке тұлғалар. 2019 жылы жоғарғы оқу орындары мен колледждерде оқытуға шығыстар 468 млн теңгені құрады.
Жыл сайын Қазатомөнеркәсіпте «Жоғары технологиялар институты» ЖШС-нің «Қазақстандық ядролық университет» филиалы ұйымдастырған Жас мамандар мектебі өткізіліп тұрады. 2019 жылы Топтың 17 кәсіпорнынан 65 перспективті жас маман бес күн бойы миға шабуыл мен жағдаяттық ойындарға қатысты, ал мұндағы негізгі тақырып корпоративтік мәдениетті қалыптастыру, корпоративтік құндылықтарды енгізу және қолдау болды.
Компанияның қаражаты есебінен оқытылатын студенттер өндіріс басында практикадан өтеді, онда әр студентке тәжірибелі тәлімгер бекітіледі. Қазатомөнеркәсіп «Жас-Өркен» жас мамандарды машықтыру бағдарламасына белсенді қатысады, оның аясында 2019 жылы 17 қатысушы Топтың кәсіпорындарында машықтанудан өтіп, олардың ішінде 8 жас маман жұмысқа қабылданды.
Бакалавр немесе магистр дәрежесін алуға бағдарланған білім беру бағдарламаларымен қатар Компания қызметкерлердің біліктілігін арттыруға баса назар аударады. Біліктілікті арттыру бағдарламалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті оқуды қоса алғанда кәсіби бағыттар бойынша да, көшбасшылықты дамыту, үнемді өндіріс, корпоративтік мәдениет және қауіпсіздік мәдениеті сияқты мақсатты бағыттар бойынша да іске асырылады.
2019 жылы Қазатомөнеркәсіпте Топ ішіне өндірістік және басқарушылық міндеттерді шешу үшін талап етілетін кәсіби білім мен дағдыларды енгізуге бағдарланған Ішкі жаттықтырушылар мектебі ашылды. Мектеп Компанияға білім мен тәжірибені тікелей табыстай отырып, мирасқорлық қағидатын сақтауға және өз бетімен оқитын ұйымның заманауи стандарттарына сәйкес келуге мүмкіндік береді.
Бұған қоса Қазатомөнеркәсіп қызметкерлерінің өз бетімен оқуы үшін барлық жағдайды жасайды. Компанияда қызметкерлер компьютердегі немесе телефон/планшеттегі қосымша арқылы қатынай алатын электрондық корпоративтік кітапхана жұмыс істейді, ал 2020 жылы қызметкерлер өзекті тақырыптарға және қазіргі бизнестің проблемаларына арналған кітап жинақтамаларымен таныса алатын жаңа оқу кеңістігі – оқу залын ашу жоспарланып отыр.
Атом өнеркәсібінің кәсіпқойларын дамытуға бағытталған ауқымды жұмыс Компанияның ішінде ғана емес, республикалық деңгейде де іске асырылады. Қазатомөнеркәсіптің 2019 жылы «Атамекен» ҰКП алғаш рет бекіткен (26.12.2019 ж. №263 бұйрық) «Уран өндіру» кәсіби стандартын әзірлеуге және сараптама жүргізуге қатысуы есептік жылдың маңызды оқиғасына айналды. Стандарт саланың негізгі мамандықтарын және оларға қойылатын талаптарды анықтау, еңбек ресурстарының сапасын арттыру және қызметкерлердің кәсіпқойлық деңгейін өсіру, сондай-ақ жоғары білікті мамандарды даярлау кезеңінде білім беру сапасын арттыру үшін негіз бола алатын жалғыз салалық құжат болып табылады.
Қазатомөнеркәсіп кәсіби ұйымдар мен еңбек ұжымдарының тәуелсіздігін қолдайды. Топ қызметкерлерінің шамамен 73%-ы – «Атомдық өнеркәсіп қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігіне мүше. Қазатомөнеркәсіптің қызметкерлермен еңбек қатынастары ұжымдық шартпен реттеледі. Есептік кезеңде ұжымдық шартпен қамтылған қызметкерлердің саны 2018 жылдың деңгейінде қалып, 98%ды құрады.
Қазіргі кезде Топтың ұжымдық шарттарының орташа қолданылу мерзімі үш жылды құрайды және тұрақты жаңартып тұру талабымен жасалады. Бұған қоса, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қызметкерлеріне Топ қызметіндегі маңызды өзгерістер туралы алдын ала хабарлау міндеттемесі ұжымдық шарттың ажырамас талабы болып табылады. Кәсіпорындардың басым бөлігінде қызметкерлерді хабарландыру болжамды өзгерістен төрт апта бұрын, ал кейбір жағдайларда – екі апта бұрын орындалуы тиіс.
Қазатомөнеркәсіптің бірқатар кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасымен кепілдендірілген көлемнен жоғары жеңілдіктер ұсынады.
Қосымша әлеуметтік жеңілдіктер қызметкерлердің нақты санаттары үшін қарастырылады, мәселен, Компания жалғыз басты ата-аналар мен 12 жасқа дейінгі үш және одан артық баласы бар аналарды әлеуметтік қамсыздандыру бойынша қосымша демалыс ұсынады. Көп балалы отбасыларға және 18 жасқа дейінгі мүгедек-балары бар отбасыларға материалдық көмек көрсетіледі. Бұл ретте Топтың кәсіпорындарында толық немесе ішінара жұмыспен қамтылған қызметкерлерге бірыңғай тәсіл қолданылады.
Сонымен қатар Қазатомөнеркәсіп еңбек шартын жасына байланысты немесе мүгедектігі бойынша зейнеткерлікке шығу себебінен бұзған кезде, Топтың жұмыс істемейтін зейнеткерлеріне әлеуметтік жеңілдіктер қарастырады.
Қызметкерлерге әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында, Ұжымдық шартта кәсіподаққа Қазатомөнеркәсіптің жылдық еңбекақы қорынан кем дегенде 2,5% көлемінде жыл сайынғы төлемдер көзделеді. Есептік кезеңде кәсіподаққа 230 млн теңге бөлінді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 30 млн теңгеге артық.
Бұған қоса Компания қызметкерлерді медициналық сақтандыруға жыл сайын қаражат бөледі. 2019 жылы бұл мақсаттарға 852 млн теңгеден астам қаражат жұмсалды, бұл өткен есептік кезеңдегіден 30 млн теңгеге көп.
Топ өндірістік кәсіпорындар тобы болып табылатындықтан, Компания ЕТҰ-ды тарату/қайта құру барысында қызметкерлерге қатысты міндеттемелерді өзіне жүктейді. Қызметкерлерге Топтың басқа кәсіпорындарына немесе Компанияға қызмет көрсететін ұйымдарға жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі, кәсіби қайта даярлауға бағытталған білім бағдарламаларынан өту ұсынылып, өтемақы төленеді.
Жыл |
2017 |
2018 |
2019 |
||||||
Қызметкерлер |
Ерлер |
Әйелдер |
Барлығы |
Ерлер |
Әйелдер |
Барлығы |
Ерлер |
Әйелдер |
Барлығы |
Демалыс алғандар, о.і. ана/әке атануға байланысты |
8 | 332 | 336 | 14 | 258 | 272 | 21 | 236 | 257 |
Демалыстан келгендер, о.і. ана/әке атануға байланысты |
2 | 121 | 123 | 3 | 115 | 118 | 7 | 95 | 102 |
Қазатомөнеркәсіп Топтың ішінде спорттық және мәдени өмірді дамытуға едәуір күш салады, бұл қызметкерлердің ынталандырылуы мен қамтылуын арттыруға септігін тигізеді.
Атомдық сала кәсіпорындарының қызметкерлері арасында алғаш рет Шымкент қаласында өткен ХІХ Спартакиада 2019 жылдың ауқымды спорттық шарасына айналды.
Есептік жылы Топта бірқатар шығармашылық конкурстар, атап айтсақ, «Біздің үздік ғылыми жұмыс» тақырыбына бейнероликтер конкурсы, ақындар конкурсы және «Дарыныңды паш ет!» конкурсы өткізілді. Сонымен қатар Қазатомөнеркәсіпте 2019 жылы Атом саласы қызметкерлерінің күніне орайластырылған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды, оның аясында Топтың үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі өткізілді.
«КАТКО» БК» ЖШС қызметкерлері отбасыларының кәсіпорынға екі күндік сапары есептік кезеңнің тағы бір қызықты оқиғасына айналды.
Ішкі коммуникация арналары Топтың басшылығы мен қызметкерлерінің және оның бөлімшелерінің арасында ақпарат алмасудың негізгі құралы болып табылады. Ішкі коммуникациялардың бірыңғай жүйесі қызметкерлерге Топта болып жатқан өзекті оқиғалар туралы дер кезінде хабарлануын қамтамасыз етіп қана қоймай, ұжымда қолайлы ахуалды қалыптастырып, Компанияның табысты әрі әлеуметтік жауапты ұйым ретінде беделін нығайтуға септігін тигізуі тиіс.
2019 жылдың наурызынан бастап Топта апта сайынғы жаңалықтар хабаршысы шығарылады. Сонымен қатар Компания 2000 дана таратылыммен QazAtomNews корпоративтік журналын шығарады.
Қызметкерлерге хабар жеткізіп отыру үшін таунхолл, жиналыс, басшылықтың ұжыммен кездесулері, корпоративтік мәдениетті нығайтуға бағытталған іс-шаралар, басшылық тарапынан ақпараттық таратылымдар/үндеулер ұйымдастыру сияқты ішкі коммуникацияның арналары да қолданылады.
Қазатомөнеркәсіпте Компанияның сыртқы Интернет-ресурсында кері байланыс жүйесі құрылған, бұл жүйе сыртқы мүдделі тұлғаларға жазбаша сауал не шағым қалдырып, «қызу желіге» телефонмен қоңырау шалуға мүмкіндік береді. Топтың кәсіпорындары сауалдарға мониторинг пен талдау жүргізіп, кейін Қазатомөнеркәсіптің орталық аппаратына тоқсан сайын есеп тапсырады. Талдаудың нәтижелеріне байланысты әрбір сауал бойынша бұзушылықтардың жойылуына бақылау жүргізіліп, ұсыныстар жасалады.
2019 жылы Топта кәсіпорын қызметкерлері тарапынан 40 сауал тіркелген. Сауалдардың басым бөлігі жеке сипатта болған (материалдық көмек көрсету, туыстарын жұмысқа орналастыру және т.б.). Сегіз сауал ұжымдық сипатта болып, еңбекақы төлеу, еңбек қатынастарын бұзу, басшылықпен қарым-қатынасты үзу мәселелеріне қатысты болған. Есептік кезеңдегі барлық сауалдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мерзімде қаралды.
Қазатомөнеркәсіптің әлеуметтік даму деңгейін анықтау мақсатында, жыл сайын Әлеуметтік тұрақтылықтың рейтингін (Индексін) (бұдан әрі – Индекс) анықтау бойынша зерттеу өткізіледі. 2019 жылы «Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы» ЖМ Топтың 17 кәсіпорнында зерттеу өткізді, оның нәтижесі бойынша Топтың Индексі 2018 жылғы деңгейді сақтап, 80%-ды құрады.
Бұл нәтиже Компанияны «орташадан жоғары» әлеуметтік тұрақтылық деңгейіне жатқызады және Компанияның корпоративтік мәдениетті дамыту, персоналдың қатыстылығын арттыру және еңбек жағдайын жақсарту саласындағы іс-әрекеті оң нәтиже беріп, қызметкерлер тарапынан мақұлданатынын білдіреді.
2020 жылы Қазатомөнеркәсіп бизнесті трансформациялау аясындағы жобаларды іске асыруын жалғастырады, оның ішінде Компания персоналды басқару саласындағы үдерістерді одан әрі автоматтандыруды жоспарлап отыр.
Корпоративтік мәдениетті дамыту келер жылы жұмыстың тағы бір маңызды бағытына айналмақ. Мирасқорлық бағдарламасын жетілдіру, басқарудың барлық деңгейлерінде дербес жауапкершілік мәдениетін енгізу, сондай-ақ тәлімгерлік пен әлеуметтік серіктестік мәдениетін дамыту жоспарлануда.
2019 жылы өткізілген ауқымды жұмыс және орындалуы жоспарланып отырған бастамалар қызметкерлердің жоғары қанағаттану деңгейін және олардың Қазатомөнеркәсіптің құндылықтарына беріктігін қамтамасыз етеді деп күтілуде, ал бұл Топтың жоғары өндірістік тиімділікке жетуіне септігін тигізеді.
Өндірістік объектілерде еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазатомөнеркәсіп қызметінің басымдықтары болып табылады. Топ үздік әлемдік практикаларға сай болуға, ұлттық және халықаралық талаптарды бұлжытпай орындауға және еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті (ЕҚ және ӨҚ) басқару жүйесін үнемі жақсартуға тырысады.
ЕҚ және ӨҚ саласындағы негіз қалаушы құжат «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Басқарма төрағасы бекіткен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Саясаты болып табылады. Бұл Саясат тоғыз негізгі қағидаттан құралады және Топтың барлық қызметкерлері мен мердігерлеріне таралады. Компания қызметкерлері үшін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының кодексі де міндетті болып табылады.
Топтың еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару жүйесі
Қызмет нәтижелері мен ЕҚ және ӨҚ саласындағы жоспарды «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Директорлар кеңесінің жанындағы Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі комитет (HSE) пен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Басқармасы жанындағы Тәуекелдерді басқару жөніндегі комитет тұрақты негізде тексеріп тұрады. Өндірістік қауіпсіздік және тәуекелдерді басқару саласындағы есептер Директорлар кеңесінің қарауы мен бекітуіне беріледі.
2019 жылы Компанияның Өндірістік қауіпсіздік департаментінің рөлі Басқарма төрағасына тікелей бағыныштылықпен, қосымша өкілеттіктердің табысталуымен, оқыс оқиғаларға жедел жауап қайтару, өндірістік қауіпсіздік саласында төтенше жағдайлардың алдын алу, талдау, мониторинг жүргізу және тәуекелдерді бақылау мәселелерін қоса алғанда, орындалатын міндеттер шеңберінің кеңейтілуімен күшейтілді.
Осы тәрізді күшейтулер ЕТҰ-ның құрылымдық бөлімшелерінде де өткізілді.
ЕҚ және ӨҚ саласындағы қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында Компания 2019 жылы Топтың ЕТҰ-ның өндірістік қауіпсіздік қызметінің біліктілік құрамына талдау жүргізді. Талдау нәтижелері бойынша ЕТҰ-ға қызметтердің құрылымын, бағыныштылығы мен қызметкерлерінің санын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және озық халықаралық практикаларға сәйкестікке келтіру бойынша ұсыныстар жолданды. Өндірістік қауіпсіздік қызметтерінің құрылымы күшейтіліп, ЕТҰ-ның бірінші басшыларына бағынышты етілді.
Топ шеңберінде халықаралық стандарттарға сәйкес өндірістегі денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігінің менеджмент жүйелері кеңінен енгізілуде. Өндірістік кәсіпорындарда OHSAS-18001 стандартына сәйкес еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесі енгізілді.
2019 жылы Топ жаңа ISO 45001 Денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі стандарты бойынша сертификаттауға дайындықты бастап кетті. 2020 жылдың қаңтарында Қазатомөнеркәсіптің менеджмент жүйесінің стандарт талаптарына сәйкестігіне қатысты өткізілген аудиттің бірінші кезеңі аяқталды. Аудиттің аяқталуы және ISO 45001 бойынша сертификатталу 2020 жылдың наурызына жоспарланған.
ЕҚ және ӨҚ саласындағы негізгі тәуекелдерді басқару үдерісі тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінің де, Топтың еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелерін басқару жүйесінің де ажырамас бөлігі болып табылады.
Компанияның Тәуекелдер тіркелімінде өндірістік жарақат негізгі тәуекелдердің бірі ретінде көрсетілген. Бұл тәуекел бойынша Топ шеңберінде тәуекелдің іске асырылуының алдын алуға және оның іске асырылуының салдарын төмендетуге бағытталған, төмендегілерді қамтитын іс-шаралар тізімі құрылды:
Адам факторымен байланысты қауіпсіздікті бұзу тәуекелін азайту үшін, Компания 2018 жылдан бастап мінез-құлықтық аудиттер өткізіп тұрады, оның аясында қызметкерлердің өндірістік тапсырманы орындау барысындағы мінез-құлқына, учаскелердегі жұмыс орындарының ұйымдастырылуы мен жағдайына, жабдықтың, аспаптар мен құрылғылардың техникалық күйіне, барлық қажетті ішкі құжаттардың (нұсқаулық, рәсім, стандарт және т. б.) болуына бақылау жүргізіледі.
2019 жылы Компания мен ЕТҰ-ның түрлі деңгейдегі басшыларының қолдауымен 10 528 мінез-құлықтық аудит өткізілді. Сонымен қатар 2019 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Өндірістік қауіпсіздік департаменті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның кәсіпорындарында «Қауіпсіздіктің мінез-құлықтық аудитін» өткізу тәртібі» стандартының жобасы әзірленді.
Топтың кәсіпорындарындағы өндірістік қызмет еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша талаптардың орындалуымен жүргізіледі. Апаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі. Топтың шеңберінде қауіпсіздік мәдениетін озық халықаралық практикалардың деңгейіне дейін жетілдіру және барлық деңгейдегі басшылар мен қызметкерлердің өндірістік қауіпсіздік талаптарын саналы түрде сақтау деңгейін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі. 2019 жылы еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелерін басқару жүйесі Топ қызметкерлерінің 100%ын қамтыды.
Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (ISSA) жұмыстағы қауіпсіздік, денсаулық жағдайы мен әл-ауқатты жақсарту бойынша бастамасын қолдай отырып, Компания Vision Zero халықаралық бағдарламасының қатысушысы ретінде тіркелді. Бұл мүшелік Компанияның дамыған профилактика мәдениеті жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардың санын азайта алатындығына сенімділігін көрсетеді.
Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында және Vision Zero тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Компания Топтың барлық қызметкерлері мен мердігерлік ұйымдары қолдануға міндетті «Қауіпсіздіктің алтын қағидаларын» анықтап қабылдады.
Осы салаға салатын инвестицияларының жоғары деңгейі Қазатомөнеркәсіптің еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлуінің көрсеткіштерінің бірі болып табылады. 2019 жылы ЕҚ және ӨҚ саласындағы іс-шараларға шығыстар 7,23 млрд теңгені құрады. Негізгі инвестициялар арнайы тамақтандыруға (42%), жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға (15%) және еңбек жағдайын жақсартуға (14%) жұмсалды.
Қазатомөнеркәсіп жыл сайын ЕҚ және ӨҚ басқару жүйесіне жақсартулар енгізуге бағытталған шаралар кешенін құрады. 2019 жылғы 20 ақпанда «Қазатомөнеркәсіп компаниясы кәсіпорындарының 2018 жылғы жұмысының қорытындысы және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік, радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша 2019 жылға белгіленген міндеттері» корпоративтік жиналысы өткізілді. Жиналыстың қорытындысы бойынша өндірістік қауіпсіздікті жақсарту бойынша 30 тапсырмадан құралған хаттама қабылданды.
ЕТҰ бойынша ЕҚ және ӨҚ саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді және өнеркәсіптік қауіпсіздікті орындау тұрғысынан жоспарлы тексерулер тұрақты негізде өткізіліп тұрады.
2019 жылы сонымен қатар барлық ЕТҰ-да Lock out/Tag out (Ескерту жапсырмаларын ілу арқылы қауіпті энергия көздерін бұғаттау) жүйесі мен қауіпті іс-қимылдарды, қауіпті шарттарды, әлеуетті қауіпті жағдайларды есепке алу – Near-Miss рәсімі енгізілді.
Топта Қазатомөнеркәсіп деңгейінде де, ЕТҰ деңгейінде де, өндірістік қауіпсіздік қызметтерінің басшыларымен бейнеконференция режимінде орын алған жазатайым оқиғалардың себебін талдау және олардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеу бойынша тұрақты кеңесулер өткізу практикасы қолданылып келеді.
Өндірістік жарақат пен ЖКО-ын талдау нәтижелері бойынша барлық ЕТҰ-ға жазатайым оқиғалардың алдын алу және ескерту бойынша іс-шаралар тізімімен ақпараттық хаттар әзірленіп, таратылады. Бұған қоса, Топтың барлық бөлімшелерінде қауіпсіздік техникасы бойынша жоспардан тыс нұсқамалық өткізумен қатар қызметкерлермен оқыс оқиғалардың себептері мен жағдайы талқыланады.
ЕҚ және ӨҚ саласында қолданылатын кешенді шаралар 2019 жылы Топтың кәсіпорындарында өнеркәсіптік апаттарды (бақыланбайтын жарылыстар, қауіпті заттардың шығарындылары немесе ғимараттардың қирауы) болдырмауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар өткізіліп жатқан жұмыстың едәуір көлеміне қарамастан, 2019 жылы 8 жазатайым оқиға тіркелген, нәтижесінде 10 қызметкер ауырлығы әр түрлі дәрежеде жарақат алып, бір қызметкер қайтыс болды.
Компания мен оның ЕТҰ-да өндірістегі жазатайым оқиғаларды тіркеу, хабарлау, зерттеу нәтижелері бойынша тиісті есептілікті құру рәсімдері енгізілген. Барлық жазатайым оқиғалар бойынша 2019 жылы тергеу жүргізілуі ұйымдастырылып, оқыс оқиғалардың түпкі себептері анықталған және олардың қайталануына жол бермеу үшін іс-шаралар әзірленген. Бұған қатысты тұжырымдар мен қажетті шаралар Компанияның барлық кәсіпорындарына жеткізіліп, белгіленген мерзімде іске асырылған.
Көрсеткіш | 2017 жыл | 2018 жыл | 2019 жыл | Ауытқу 2019–2018 |
LTIFR көрсеткіші (1 млн адам-сағатқа) | 0,15 | 0,31 | 0,24 | –22,6% |
Жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті (1 мың қызметкерге) | 0,27 | 0,59 | 0,49 | –17,0% |
Қауіпті жағдайлар, қауіпті іс-қимылдар және Near-Miss бойынша есептілік* | — | 6 200 | 34 546 | 457% |
Жазатайым оқиғалардың саны** | 7 | 12 | 8 | –33,0% |
Өліммен аяқталған жазатайым оқиғалар | — | 1 | 1 | — |
* Анықталған қауіпті жағдайлар (ҚЖ), қауіпті іс-қимылдар (ҚІ), Near-Miss санының ұлғаюы 2018 жылы есептілік үдерісі әлі енгізу (қызметкерлерді оқыту) кезеңінде болуымен, ал 2019 жылы бұл үдеріс барлық ЕТҰ-да қолданылғандығымен байланысты.
** Нәтижесінде қызметкердің уақытша немесе тұрақты еңбекке жарамдылықтан айырылуына немесе өліміне әкелген өндірістік жарақатын, кенеттен денсаулығының нашарлауын немесе улануын болдырған еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы барысында зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың әсері ретінде анықталады.
Топтың кәсіпорындарында қызметкерлердің денсаулығына ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, қызметкерлердің әлеуметтік пакетінде толық медициналық сақтандыру қамтылады, сонымен қатар қызметкерлерді сауықтыру және шипажай-курорттық емдеу бағдарламалары қолданылады, олардың талаптары ұжымдық шарттарда көзделген. Қызметкерлерді сауықтыру және шипажай-курорттық емдеу бойынша қосымша бағдарламалар атом саласындағы қызметкерлердің кәсіподақ желісі бойынша ұйымдастырылады. Сонымен қатар ЕТҰ қызметкерлері күніне үш рет емдеу және профилактикалық тамақтанумен қамтамасыз етіледі. 2019 жылы тек осы мақсаттарға 3,2 млрд теңге жұмсалды.
Барлық ЕТҰ-да медициналық пункттердің жұмысы ұйымдастырылған. 2019 жылы медициналық көмекке 12 500-ден астам қызметкер жүгінген. Жүгінудің негізгі себептері – жөтел, бас ауруы, жоғары қан қысымы.
Топтың өндірістік кәсіпорындарында қызметкерлердің алдын ала, мерзімді және кезектен тыс медициналық тексерулері тұрақты өткізіліп тұрады. Медициналық тексерудің нәтижелері бойынша, қажет болған жағдайда, қызметкерлер тереңдетілген профилактикалық тексеруге жіберіледі. 2019 жылы аурулардың алдын алу іс-шараларын орындауға 637 млн теңге жұмсалды.
Топтың ЕТҰ-да міндетті ауысымалды медициналық тексерулер тұрақты өткізіліп тұрады. Медициналық тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмысқа қатыстырылмайды.
Қазатомөнеркәсіп өз қызметкерлерін ЕҚ және ӨҚ мәселелерін басқаруға белсенді қатыстырады. Топтың кәсіпорындарында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, құрамына паритеттік негізде жұмыс берушінің өкілдері және техникалық инспекторларды қоса алғанда, қызметкерлердің өкілдері кіретін қауіпсіздік бойынша өндірістік кеңестер құрылды. Өндірістік кеңестер өндірістік қауіпсіздік қызметтерінің орнын баспайды, бірақ қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, өндірістік жарақат пен кәсіби аурулардың алдын алуды қамтамасыз ету бойынша қызметті толықтырады. Сонымен қатар өндірістік кеңестер техникалық еңбек инспекторларының жұмыс орындарында еңбек жағдайы мен еңбекті қорғау бойынша тексерулер өткізуін ұйымдастырады. Өндірістік кеңестің қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша шешімдері жұмыс беруші мен қызметкерлер үшін міндетті болып табылады.
ЕҚ және ӨҚ жүйесіне тұрақты жақсартулар енгізу шеңберінде 2019 жылы Компания, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі комитетінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Қазатомөнеркәсіптің ЕҚ және ӨҚ жүйелеріне бағалау өткізді. Бұл іс-шараның шеңберінде ЕТҰ қызметкерлерін (жұмысшылар, ИТҚ, орта және жоғары буындағы басшылар) өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша сауалнамалау әдістері сыналды. ЕҚ және ӨҚ жүйелерін бағалау барысында өндірістік қауіпсіздік талаптарына ықтимал жүйелі сәйкессіздіктерге, жүйенің күшті және әлсіз тұстарына, сондай-ақ қауіп-қатер мен мүмкіндіктерге талдау жасалды (SWOT-талдау).
Нөлдік жарақаттануға жету мақсатында және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде Топтың кәсіпорындарында Vision Zero халықаралық тұжырымдамасының «Қауіпсіздіктің алтын қағидалары» негізінде қауіпсіздік мәдениеті табысты енгізілуде. 2019 жылы ЕТҰ-да бірінші басшылардың қатысуымен «Қауіпсіздіктің алтын қағидаларын» түсіндіру бойынша каскадты коммуникациялар өткізілді.
Компанияда «Өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мәдениеті бойынша дағдылар мен құзыреттерді дамыту» оқу бағдарламасы әзірленіп, табысты іске асырылуда. Есептік кезеңде ЕТҰ-ның бірінші басшылары мен қызметкерлерінің басқа санаттарын қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру, сондай-ақ қауіпсіздіктің мінез-құлықтық аудиттерін өткізу, Near-Miss әлеуетті қауіпті жағдайларын, қауіпті іс-қимылдар мен қауіпті жағдайларды анықтау бойынша оқу ұйымдастырылды. Топтың қызметкерлері үшін еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында оқыту және білімін тексеру, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіпте қауіпсіздік мәдениетін дамыту» тақырыбы бойынша шеберлік сыныбы өткізілді.
Қазатомөнеркәсіп ЕҚ және ӨҚ жүйесін тұрақты жетілдіріп отырады, оның ішінде халықаралық тәжірибені қабылдау арқылы да. 2019 жылғы 9-13 қыркүйек аралығында Алматы қ. Компания қызметкерлері үшін уран өнеркәсібінің өндіретін және қайта өңдейтін кәсіпорындарының қызметкерлерін кәсіби сәулеленуден радиациялық қорғау бойынша АЭЖХА оқу курсы өткізілді. 2019 жылғы 9-16 маусым аралығында Австриядағы Вена қ. Компания «Уран өндірісі мен табиғи текті радиоактивті материалдың қауіпсіздігін реттеу бойынша жыл сайынғы кеңесу (REGSUN)» тақырыбы бойынша АЭЖХА техникалық кеңесіне қатысты.
2019 жылдың қарашасында «КАТКО» БК» ЖШСде Төртқұдық учаскесінде мердігерлік ұйымдарға арналған денсаулық, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және радиациялық қауіпсіздік саласындағы жыл сайынғы семинар өткізілді. Күннің бірінші жартысы тұсаукесерлерге арналды, қатысушылар өздерінің еңбек пен денсаулықты қорғау, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы нәтижелерімен бөлісті. Іс-шараның екінші жартысы практикамен ұштастырылды: қатысушылар командаларға бөлініп, бұрғылау жұмыстары өткізіліп жатқан орындарға жол тартты, онда сәйкессіздіктерді анықтап, СТОП-карталарды толтыру ұсынылды.
СТОП-карта қауіпсіздік техникасы саласындағы маңызды құралдардың бірі болып табылады. Денсаулыққа қауіп төндіретін, мүлікке зиян келтіретін сәйкессіздікті немесе қауіпті жағдайды және/немесе басқа оқыс оқиғаларды анықтаған кез келген қызметкер СТОП-картаны толтырады, жағдайды толығымен сипаттап, одан әрі тіркеу үшін оны қауіпсіздік техникасы бойынша супервайзерге тапсырады.
Семинар аясында «КАТКО» БК» ЖШС мердігерлік ұйымдарға осы тәжірибені қабылдап, аталған құралды өздерінің Компания аумағында жұмыс істейтін қызметкерлерінің күнделікті қызметінде пайдалануға кеңес берді.
Сондай-ақ, 2019 жылы «КАТКО» БК» ЖШС мердігерлік ұйымдарға арнап ЕҚ мен ӨҚ және экология саласындағы «Қауіпсіздіктің алтын қағидаларын» әзірлеп енгізді. Бұл қағидалар «КАТКО» БК» ЖШС-нің объектілерінде жұмыс жүргізетін мердігерлердің орындауы үшін міндетті болып табылады.
Топтың мердігерлік ұйымдары ЕҚ және ӨҚ басқару жүйесімен және Компанияның осы саладағы стандарттарымен қамтылған. Топтың мердігерлері туралы ақпарат оқиғалар статистикасында, тәуекелдерді бағалау және мақсат қою барысында, сондай-ақ ЕҚ және ӨҚ мәселелері бойынша оқытуға бағытталған іс-шараларды жоспарлау барысында ескеріледі.
Топтың объектілерінде жұмыс жүргізетін мердігерлік ұйымдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарды, өндірістік қауіпсіздік саласындағы стандарттар мен нормаларды орындауы міндетті ереже болып табылады. ЕҚ және ӨҚ аспектілерін басқару тұрғысынан тауар, жұмыс және қызмет өнім берушілеріне, сондай-ақ мердігерлерге «Өндірістік қауіпсіздік стандарттарының жүйесі. Өндірістік қауіпсіздік саласындағы мердігерлік ұйымдарға қойылатын талаптар» корпоративтік стандартына сәйкес талаптар қойылады.
Компания басшылығының 2019 жылы күшіне енген бұйрығына сәйкес, мердігерлік ұйымдармен барлық шарттар олардың ЕҚ және ӨҚ саласындағы талаптарға сәйкестігіне қатысты Өндірістік қауіпсіздік департаментімен міндетті түрде келісімдеуден өтеді. Келісімшарттың қолданылу мерзімінде мердігерлердің қызметінің ЕҚ және ӨҚ нормалары мен ережелеріне сәйкестігін Өндірістік қауіпсіздік департаменті мен ЕТҰ қызметкерлері тұрақты тексерулер барысында үнемі бақылап отырады. Компанияның кәсіпорындарында өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша ЕТҰ мердігерлік ұйымдарын бағалау жүйесі және ЕТҰ-ның мердігерлерді өзара тексеру практикасы енгізілді.
Компанияның мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимылына стратегиялық тәсіл серіктестікке негізделеді. Мердігерлік ұйымдардың өкілдері ЕҚ және ӨҚ мәселелері бойынша кеңесулерге тұрақты негізде қатысып тұрады. Мердігерлердің қызметкерлері үшін Компания ЕҚ және ӨҚ аспектілері бойынша оқу ұйымдастырады.
Өз қызметінде ядролық материалдарды қолданатын Топтың кәсіпорындарында физикалық ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ядролық материалдармен жұмыс істеген кезде технологиялық регламенттің сақталуы және ядролық қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтардағы талаптардың орындалуы бақыланады.
Қазіргі кезде ядролық материалдармен «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ жұмыс істейді. Бөлінетін ядролық материалмен (БЯМ) жұмыстарды бас физиктің қызметі (БФҚ) қадағалап бақылайды.
2019 жылы қызмет мынадай іс-шараларды атқарды:
2019 жылы Топтың кәсіпорындары жұмыс орындарында, үй-жайларда, өндірістік аумақтарда және бақыланатын аймақтарда радиациялық жағдайды жүйелі өндірістік бақылау бойынша жұмыс өткізді.
Өндірістік аумақтағы, санитарлық-қорғаныс аумағы мен селитебтік аймақтағы радиациялық факторлардың мәндері өзгермей, 2018 жылдың деңгейінде қалды. Компанияның кәсіпорындарында 2019 жылы радиациялық апаттар мен оқыс оқиғалар тіркелмеген.
«Радиациялық қауіпсіздікке қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтерінде (бұдан әрі — РҚҚСЭТ) белгіленген жылдық сәулелену дозаларының негізгі шектерінің артуы тіркелген жоқ.
2019 жылы радиациялық жағдайды жақсарту үшін іс-шаралар өткізілді: үй-жайлар мен жабдықтағы жөндеу жұмыстары, бүлінген немесе ескірген жабдықты ауыстыру, желдету жүйелерін жөндеу және жаңғырту, төмен радиоактивті қалдықтарды көму пункттеріне шығару, радиациялық бақылаудың жаңа құралдары сатып алынды, кәсіпорын қызметкерлері радиациялық қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша курстардан өтті. 2019 жылы төмен радиоактивті қалдықтарды көму пункттеріне (РҚКП) кәсіпорындардан 3,7 мың тонна төмен радиоактивті қалдықтар шығарылды, 13 бірлік жаңа радиациялық бақылау аспаптары сатып алынды, лицензияланған ұйымдарда радиациялық қорғау және қауіпсіздік бойынша курстарда 1 605 кәсіпорын қызметкері оқытылды.
Персоналға радиациялық әсердің орташа мөлшері табиғи радиациялық фонды қоса алғанда, жылына 1,51 мЗв құрады. Бұл ретте 2019 жылы Компания кәсіпорындарының қызметін жүзеге асыру орындарындағы табиғи радиациялық фонның көрсеткіштері жылына 0,4-тен 1,02 мЗв-ға дейін құрады.
2019 жылы Топтың кәсіпорындарындағы А тобының персоналы үшін ең жоғары жылдық тиімді доза 2018 жылғы деңгейде қалып, жылына 4,94 мЗв-ты құрады (4,97 мЗв/2018 жыл).
Көрсеткіш | Мәні |
Персоналға радиациялық әсердің орташа дозасы | –1,51 мЗв/жыл |
Топ кәсіпорындарының қызмет жүргізетін орындардағы табиғи радиациялық фонының көрсеткіші |
–1,02 мЗв/жыл |
Топтың кәсіпорындарындағы А тобының персоналы үшін ең жоғары жылдық тиімді доза |
–4,94 мЗв/жыл |
Уран өндіру қызметі қауіпті өндірістік үдеріске жатады. Қазатомөнеркәсіп өз кәсіпорындарының төтенше жағдайларға (ТЖ) дайындығын қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.
ТЖ-ға дайындық және оның алдын алу шеңберінде Компанияда өндірістік қауіпсіздік жағдайы және апаттың салдарын жоюға дайындық деңгейі үнемі тексеріліп тұрады, Апатты жою жоспарлары әзірленіп, үнемі қайта қаралады, тұрақты негізде оқу жаттығулары өткізіледі, кәсіби апаттық-құтқару қызметтерімен шарттар жасалады.
Кәсіби апаттық-құтқару қызметтерімен шарттар жасалды. Сонымен қатар Компанияның ЕТҰ-да ерікті апаттық-құтқару бригадалары мен жасақтары құрылған.
Әрбір ЕТҰ-да оқу жаттығуларын өткізу кестелері жыл сайын құрылады. «Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР заңына сәйкес, бұл жаттығуларға Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі аумақтық департаменттің өкілі қатысады.
Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Даму стратегиясын іске асыру жүйелерін жетілдіру бойынша жалғасып келе жатқан жұмыс шеңберінде Компания 2020 жылы мынадай іс-шараларды жоспарлап отыр:
Қоршаған ортаны қорғау Қазатомөнеркәсіптің қызметінің және тұрақты дамуды басқару тәсілдемесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Компания өз қызметі қоршаған ортаға, тұрғындардың денсаулығына, қауіпсіздігіне және өмірінің сапасына әсер ететінін мойындайды және Топтың өндірістік қызметі жүзеге асырылатын өңірлерде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ортаны сақтау, табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану және экологиялық әсерді барынша азайту бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды.
Топтың қоршаған ортаны қорғауды басқаруға қатысты негізгі қағидалары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы саясатында баяндалған.
Компания денсаулықты, еңбекті, қоршаған орта мен әлеуметтік ортаны қорғау мәселелерін басқаруға арналған тәуекелдерді бағалауға негізделген Экологиялық және әлеуметтік салаларда іс-қимыл жоспарын (ESAP) әзірлеп, қолданысқа енгізді.
Экологиялық менеджмент жүйесі Топтың ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ4 басқарудың интегралдық жүйесінің аясында әрекет етеді, бұл оның қоршаған ортаны қорғау саласындағы күш-жігерін өнеркәсіптік, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметпен және басқа шектес салалармен үйлестіруге мүмкіндік береді. Табиғатты қорғау қызметін Корпоративтік орталықтың деңгейінде басқаруды Қазатомөнеркәсіптің Өндірістік қауіпсіздік департаментінің Қоршаған ортаны қорғау бөлімі жүзеге асырады. ҚОҚ саласындағы қызметті басқару үшін жауап беретін ұқсас бөлімшелер Топтың еншілес және тәуелді ұйымдарында қалыптастырылды.
Қазатомөнеркәсіптің басшылары экология мәселелеріне әрдайым баса назар аударады. Өндірістік қауіпсіздік департаменті аппараттық және өндірістік жиналыстарда Компания Басқармасының төрағасына және мүшелеріне экологиялық аспектілерді басқару мәселелері бойынша апта сайын баяндама жасайды. Сонымен қатар Департамент ESAP Жол картасының орындалуы туралы есепті тоқсан сайын құрастырады және оны «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің Өндірістік қауіпсіздік комитетінің (HSE) мүшелеріне ұсынады.
Топтың өндірістік кәсіпорындарына қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесі енгізілген, ол ISO14001 стандартына негізделеді. Сондай-ақ кәсіпорындарда ISO 50001 талаптарына сәйкес келетін энергиялық менеджмент жүйесі енгізілген. Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару тәсілдемелерін жетілдіруге қатысты міндеттемелерді орындай отырып, Қазатомөнеркәсіп экологиялық менеджмент корпоративтік жүйесінің халықаралық стандарт талаптарына толық сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында Компанияны ISO 14001 экологиялық менеджмент стандартына сәйкес сертификаттауға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы шешім қабылдады және қажетті дайындықты бастады. Осылайша, сыртқы сертификаттауға дайындық аясында 2019 жылы сыртқы аудиттің бірінші кезеңі жүзеге асырылды және ішкі нормативтік құжаттарды өзектендіру бойынша жұмыс орындалды.
Қазатомөнеркәсіп тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізетін өз өнім берушілеріне, сондай-ақ мердігерлерге «Өндірістік қауіпсіздік стандарттарының жүйесі. Өндірістік қауіпсіздік саласындағы мердігерлік ұйымдарға қойылатын талаптар» корпоративтік стандартының талаптарын қояды және бұл талаптар контрагенттердің тарапынан орындалады деп күтеді.
Топ қаражаттың айтарлықтай көлемін табиғатты қорғау қызметіне инвестициялайды. 2019 жылы Қазатомөнеркәсіп қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларды өткізуге жұмсаған шығындары 1 880,3 млн теңгені құрады, соның ішінде 1 124,6 млн теңге (барлық шығындардың шамамен 60%-ы) технологиялық үдерістерді жетілдіруге, сонымен қатар қоршаған ортаға ұйымдастырылмаған эмиссияларды төмендетуге, 51,0 млн теңге қолданыстағы шаңгаз аулағыш және су тазартқыш қондырғылардың тиімділігін арттыруға және 112,9 млн теңге қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге жұмсалды.
Қазатомөнеркәсіп өндірістік қызметінің теріс әсерін барынша азайту үшін және уран өндіретін кен орындарында табиғатты қорғау үшін бар күшін салады. Топтың кәсіпорындарының экология саласындағы қызметі үшін Компания бірнеше рет сыйлықтар мен марапаттар алды.
2019 жылдың желтоқсанында Қазақстанның астанасында Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» жыл сайынғы республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында «Байкен-U» ЖШС үздік деп мойындалды.
Соңғы үш жыл ішінде кәсіпорын қоршаған ортаның күйін жақсартуға, өндірісте экологиялық қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және дамытуға бағытталған бірқатар іс-шараларды орындады. 2019 жылы өткен соңғы іс-шаралардың бірі – бақылаушы мемлекеттік органға онлайн-режимде ақпарат берілетін автоматтандырылған экологиялық бақылау жүйесін енгізу.
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес 2019 жылы Топтың ЕТҰ өндірістік экологиялық бақылауды (ӨЭБ) жүйелі түрде жүзеге асырды. ӨЭБ аккредиттеу аттестаты бар мердігерлік ұйымдардың (зертханалардың) қатысуымен, ӨЭБ өткізу кесте-жоспарының негізінде тоқсан сайын өткізіледі. 2019 жылы Топтың кәсіпорындары бойынша экологиялық заңнаманың талаптарын орындамағаны үшін айыппұлдар мен экономикалық санкциялар 17,6 млн теңгені құрады. Есептік кезең ішінде қаржылық емес санкциялар болған жоқ.
Қазатомөнеркәсіп қоршаған ортаға әсерді болжау және мониторинг жүргізуді жақсарту бойынша және кеніштерді жабуды жоспарлауды жақсарту бойынша тапсырмаларды жүзеге асыру аясындағы экологиялық сараптаманы жетілдірді. 2019 жылы Экологиялық жобалау және мониторинг орталығы құрылды және «Уран өндіретін кәсіпорындарды тарату кезінде қалпына келтіру және экологиялық мониторинг жүргізу жұмыстарының құнын есептеу жөніндегі әдістемелік нұсқау» корпоративтік стандартын әзірлеу жұмысы басталды. Сондай-ақ Компанияның Мамандандырылған ғылыми-техникалық кеңесінде 2019-2020 жылдарға арналған «ЖҰС кенішінің өндірістік нысандарының қоршаған орта нысандарына және жергілікті халыққа экологиялық және әлеуметтік әсерін зерттеу» тақырыбындағы ҒЗТҚЖ жоспарға енгізілді. Бұл зерттеу 2019-2020 жылдары ESAP Жол картасын жүзеге асыру аясында жүргізіледі.
ESAP Жол картасын жүзеге асыру аясында 2019 жылы Қазатомөнеркәсіп компаниясы Топтың уран өндіретін кәсіпорындардың экологиялық мониторинг және қоршаған ортаның күйі жүйесінің деректер қорын жасауға кірісті. 2019 жылы «Харасан-2» кен орнында «Байкен-U» ЖШС қызметін тарату бағдарламасы әзірленді. Есептік кезеңде өндірістік нысандардың қоршаған орта нысандарына және Топтың кеніштері мен кен орындарына жақын тұратын жергілікті тұрғындарға экологиялық және әлеуметтік әсерін зерттеу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Озық халықаралық салалық тәжірибені (GIIP) зерделеу және оны Компанияның қызметіне енгізу бойынша қажетті білім мен құзырет алу мақсатында Топтың 175 қызметкері, оның ішінде ЕТҰ жетекшілері мен жер қойнауын қорғау, экологиялық және әлеуметтік мәселелер үшін жауапты мамандар 2019 жылы мынадай бағыттар бойынша оқудан өтті:
Сондай-ақ Компанияның өкілдері Тәжікстанның Душанбе қаласында «Экологиялық ремедиация жобаларын басқару» курсы бойынша оқудан өтті, бұл курс АЭЖХА техникалық кооперациясының «Уран кеніштерін өңдеу нәтижесінде зақымдалған жерлерді қалпына келтіру бойынша интеграцияланған бағдарламаларды дамыту және орындау үшін кадрлық инфрақұрылымды құру және қолдау көрсету» жобасының аясында ұйымдастырылды.
2019 жылы Компания кәсіпорындар қызметінің АЭЖХА «Бөлінетін заттарды пайдалану кезінде сыншылдық шарттары бойынша радиациялық қауіпсіздік» нұсқаулығына сәйкестігі талданды. Талдау нәтижелері бойынша Топтың қызметі осы нұсқаулықтың талаптарына сәйкес екені, түзету іс-шараларын әзірлеу қажет еместігі анықталды.
2020 жылы қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында Компания мынадай іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр:
Сондай-ақ Топтың мамандары 2020 жылы қауіпсіздік, уран өндірісінің нысандарынан пайдаланудан шығару, уран кен орындарын және урандық мұра нысандарын қалпына келтіру бойынша АЭЖХА техникалық жиналыстарына, семинарлары мен оқу тренингтеріне қатысуды жоспарлайды.
Климаттың жаһандық өзгеруінде көптеген тәуекелдер бар, қауіпті климаттық құбылыстар санының ұлғаюы олардың негізгісі болып табылады. Атмосферада жиналған парниктік газдардың (ПГ) көлемінің жыл сайын ұлғаюы климаттың жаһандық өзгеруінің негізгі факторы болып табылады.
Климаттың жаһандық өзгеруіне жол бермеу және оның салдарына бейімделу мақсатында 197 мемлекет Климаттың ғаламдық өзгеруі жөнінде шектемелі конвенцияға сәйкес Париж келісімін жасасты. Қазақстан Республикасы да Париж келісімін ратификациялады және елдің төмен көміртекті даму векторын анықтады. Төмен көміртекті экономикаға ауысу және климаттың өзгеру салдарына бейімделу Қазақстанның стратегиялық тапсырмалары болып табылады.
ПГ шығарындыларының көздеріне мониторинг жүргізудің, есеп беру мен верификациясының онлайн-жүйесі ұлттық деңгейде әрекет етеді. Компания ПГ шығарындылары бойынша БҰҰ КӨЖК хатшылығының алдында жыл сайын есеп береді. ПГ ірі көздерінің шығарындылары Квоталар бөлудің ұлттық жоспарымен шектеледі.
Қазатомөнеркәсіп ұлттық айқындаманы бөліседі және Париж келісімінің қағидаларын жүзеге асыруға өз үлесін енгізуге ұмтылады. Сонымен, әлемдік ядролық-отын циклінің бір бөлігі бола отырып және атом электр станциялары үшін отын жеткізу арқылы Компания ядролық энергетиканы экономиканың көміртексіз салаларының бірі ретінде дамытуды қамтамасыз етеді.
Қазақстан АЭЖХА мүшесі болып табылады және климаттың өзгеруіне, оның салдарын жеңілдетуге және оларға бейімделуге6 мониторинг жүргізу үшін ядролық ғылым мен технологияларды қолдану жөніндегі халықаралық агенттіктің ниеттері мен әрекеттерін қолдап, климатқа келтірілетін әсерді төмендету үшін өз үлесін енгізеді.
Қазатомөнеркәсіп ПГ шығарындыларын басқару қажеттілігін және климат өзгерістерінің ықтимал салдарына өндірісті бейімдеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды білдіретін климаттық тәуекелдерді жүзеге асыру қауіпін түсінеді.
Топтың уран шикізатын өндіру жөніндегі өндірістік үдерістері анағұрлым экологиялық ЖҰС технологиясына негізделген, оларды қолдану ПГ минималды шығарындыларымен ілеседі.
Топта парниктік газдардың шығарындыларына мониторинг жүргізу қызметі жүйелі түрде жүзеге асырылады, Қазатомөнеркәсіп бақылайтын нысандардан тікелей шығарындылардың көлемі мөлшерлік тұрғыда бағаланады (1-қамту). Сонымен, 2019 жылы Компанияның ПГ шығарындыларының көлемі 107,6 мың тонна CO2-баламасын құрады. ПГ шығарындылары туралы есептілікте Қазатомөнеркәсіп бас компаниясы мен еншілес тәуелді ұйымдар қамтылады.
ПГ шығарындылары көлемдерінің серпіні Топтың активтерінің құрылымын өзгертумен байланысты: 2017 жылы Қазатомөнеркәсіптің активтеріне «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қатысты, ол 2018 жылдың 2-жартысында шығып кетті. 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы шығарындылардың төмендеу, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің шығып кетуімен қатар, Топтың ЕТҰ қазандықтарында қазып алынатын отынды тұтынуының жалпы төмендеуімен байланысты.
Барлық есептік кезеңде ПГ шығарындыларының жылдық көлемі әр ЕТҰ үшін Шығарындыларды сату жөніндегі қазақстандық жүйеге қатысу және шығарындылар туралы есеп беру үшін шекті мән ретінде ұлттық деңгей қабылданған CO2-баламасының 20 000 тоннасынан айтарлықтай төмен деңгейде қалды. Осылайша, Қазатомөнеркәсіп ұзық уақыт бойы ПГ шығарындыларының көлемін болмашы деңгейде ұстап тұр.
Парниктік газдардың шығарындыларына мониторингті және есепке алуды Қазатомөнеркәсіп компаниясы Басқармасының төрағасына тікелей бағынатын Өндірістік қауіпсіздік департаменті жүзеге асырады. Сондай-ақ технологиялық нысандардың және қоршаған орта нысандарының күйінің көрсеткіштеріне мониторинг жасалады, анағұрлым үздік қолжетімді технологиялар, ресурстар мен энергияны үнемдейтін технологиялар енгізіледі.
2019 жылы Топ төмен көміртекті даму саласында бірнеше бастамаларды жүзеге асырды, төмен көміртекті энергия көздерін (газ) пайдалануға ауысу олардың біріне айналды. Сондай-ақ Топтың өндірістік алаңдарында жел генераторлары орнатылды.
Сонымен қатар, 2019 жылы Компанияның климаттың өзгеруіне қосатын үлесін төмендетуге ықпал ететін бірнеше акциялар өткізілді.
Осылайша Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің #Birge #TazaQazaqstan және #Birge #JasylQazaqstan бастамаларына қосылып, кен орнының аумағында, сондай-ақ іргелес елдімекендерде ағаш отырғызды. Компания «Автокөліксіз бір күн» науқанын өткізді, бұл науқанның барысында мүдделі тараптарға бір күнге жеке автокөліктерінен бас тартып, қоғамдық көлікпен жүріп, автокөлік қозғалтқыштарында отын жануы салдарынан парниктік газдардың шығындыларын қысқартуға үлес қосу ұсынылды.
Сондай-ақ Қазатомөнеркәсіп «Жер сағаты» науқанына қатысты, бұл науқанның аясында электр энергиясын үнемдеу және электр энергиясын тұтынумен байланысты парниктік газдардың шығарындыларын қысқарту мақсатында ғана емес, сондай-ақ климаттың өзгеруі мәселелеріне қоғамдық назарды аудару үшін 1 сағатқа жарық өшірілді.
Науқандар экологиялық өмір салтының дағдыларын қалыптастыруға бағытталды және оларға Топтың қызметкерлерінің тарапынан белсенді қолдау көрсетілді.
Көрсеткіш | 2017 | 2018 | 2019 | Ауытқу 2019–2018 |
Парниктік газдардың тікелей шығарындыларының көлемі,тонна CO2 -балама | 3 929 000 | 132 480 | 107 600 | –18,8% |
Топ өз өнімін ядролық энергетика пайдаланылатын 11 елге өткізеді, бұл атмосфераға ластағыш заттардың шығарындыларын қысқартуда маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ Қазатомөнеркәсіп компаниясы технологиялық жетілдіруді біртіндеп енгізіп, зиянды заттардың шығарындыларын қысқартып, ауаның сапасына өз өндірісінің теріс әсерін төмендетуді қамтамасыз етеді.
Топтың кәсіпорындарында газ тазарту жүйелері жұмыс жасайды, энергия үнемдейтін технологиялар қолданылады, ластағыш заттардың атмосфераға шығарындыларын төмендететін фотоэлектрлік станциялар пайдаланылады.
Шаң-газ аулағыш қондырғылар Топтың кәсіпорындарында қолданылатын тиімді шешімдерге мысалдардың бірі болып табылады. Импульстік керамикалық сүзгісі бар қондырғы (ФКИ-45) «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС-нің аффинаж цехтерінде ойдағыдай пайдаланылады. Жүйе шаңнан тазартуға және КАТП7 тескіш пешінен шығатын технологиялық газдардан тазартуға арналған. Бұл қондырғы атмосфераға радиациялық шаңның шығарылуына жол бермейді және қоршаған ортаға эмиссияларды 20%-ға азайтады.
Топтың кәсіпорындары электр энергиясын шығару үшін күн сәулесін пайдаланады, осылайша мазут және көмір сияқты дәстүрлі отын түрлерін пайдалану нәтижесінде алынатын ластағыш заттардың атмосфераға шығарылуын қысқартады. Топтың фотоэлектрлік күн сәулесі станциялары шығаратын энергияның бір жылдық көлемі 3,66 МВт*сағ құрайды. Шығарылатын электр энергиясы өзіндік қажеттіліктер үшін пайдаланылып, жылына 53 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік береді. Электр энергиясының артық мөлшері жергілікті электр желілеріне Топ жұмыс жасайтын өңірлердегі тұрғындар мен кәсіпорындар пайдалану үшін беріледі.
7 КАТП – көлденең айналма термикалық пеш.
Ластағыш заттардың шығарындылары, мың тонна* | |
NOx шығарындылары, мың тонна | 0,118 |
Sox шығарындылары, мың тонна | 0,064 |
Қатты заттардың шығарындылары, мың тонна | 0,054 |
СО шығарындылары, мың тонна | 0,175 |
Ұшпа органикалық қосылыстар, мың тонна | 0,827 |
1-сыныпты қауіптілік заттары, мың тонна | 0,010 |
Барлығы, мың тонна | 1,248 |
Салыстырмалы шығарындылар, кг/т | 18,00 |
Өзінің өндірістік қызметінде Топтың кәсіпорындары суды пайдаланады. 2019 жылы су тұтынудың жалпы көлемі 5 923,2 мың м3 көрсеткішті құрады.
Су пайдалану су ресурстарын қорғау жөніндегі уәкілетті орган берген рұқсат құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылады. Топ кәсіпорындарының су жинауы су нысандарына айтарлықтай әсер етпейді. Кәсіпорындарда жиналатын және айналымдағы суға нақты бақылау жүргізіледі. Ақпа сулардың сапасын бақылауды мамандандырылған аккредиттелген зәртханалар жүргізеді.
2019 жылы Топ кәсіпорындарының ақпа суларды қашыртқысының көлемі 5 674,5 мың м3 құрады. Су қашыртқысының барлық көлемі тазартудан өтті және су қашыртқысының сапасына қойылатын нормативтік талаптарға сәйкес келді. 2019 жыл ішінде Топтың ЕТҰда қауіпті заттардың қашыртқысының шегінен асып кету бойынша бірде-бір жағдай орын алған жоқ.
Қазатомөнеркәсіп өндіріс үшін жиналатын судың көлемін қысқартуға тырысады. Осыған байланысты бірқатар кәсіпорындарда тұйық су айналымы циклдері пайдаланылады.
Су көзі | 2017 | 2018 | 2019 | Ауытқу 2019–2018 |
Беткі сулар | 1 200 372 | 951,1 | 865,7 | –9,0% |
Жерасты сулары | 14 806 | 9 955,4 | 8 992 | –9,7% |
Сумен қамтудың муниципалдық және басқа жүйелері | 1 330 | 1 311,5 | 836,6 | –36,2% |
Жиналатын судың жалпы мөлшері |
1 216 508 | 12 218 | 10 694,3 | –12,5% |
Көрсеткіш | 2017 | 2018 | 2019 | Ауытқу 2019–2018 |
Көп рет және қайта пайдаланылатын судың жалпы көлемі |
20 447 | 19 840 | 14 512 | –26,9% |
Жерасты суларын бақылау ЖҰС әдісін пайдалану арқылы уранды өндіру үдерісіндегі ең маңызды экологиялық қызмет болып табылады. Жерасты суларының күйін қадағалау Компания кәсіпорындарының Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына кіреді. Уранды өндіру бойынша барлық пайдаланылатын кен орындарында жерасты суларының ластануын бақылау үшін қадағалау ұңғымалары бар. Ұңғымалар көршілес (жоғары және төмен жатқан) су сақтағыш қабаттарда бұрғыланған.
Жерасты суларының ластануын бақылау үшін қажетті өлшеулерді жүргізу мақсатында ұңғымалардан үлгілер алынады. Бақылау сынамаларынан алынған судың сынамаларында радионуклидтермен ластану деңгейі Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарда белгіленген нормадан аспауы тиіс.
Кен өндіру кезінде түзілетін қатты радиоактивті қалдықтар:
Қатты радиоактивті қалдықтардың осы түрлері белсенділігі төмен қалдықтар ретінде сипатталады және радиация деңгейі бойынша қаупі айтарлықтай төмен қатты радиоактивті қалдықтар болып табылады. Топтың өндіруші кәсіпорындары қатты радиоактивті қалдықтарды Қазақстанның заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға арналған арнайы жерлерде кәдеге жаратады.
Компанияда әзірленген «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарында өндіріс және тұтыну қалдықтарын пайдалану ережелері» корпоративтік стандарты және «Көмілгенге дейін радиоактивті қалдықтарды пайдалану бойынша әдістемелік нұсқама» өнеркәсіптік және радиоактивті қалдықтарды ЕТҰ-да басқару үшін негіздеме болып табылады.
2019 жылы өндіріс және тұтыну қалдықтарын пайдалануға бірыңғай талаптар қою мақсатында Қазатомөнеркәсіп компаниясының кәсіпорындарында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарында өнім бірлігіне шаққандағы қалдықтардың нормативін есептеу әдістемесі» әзірленді. Стандарт статистикалық есептеу әдісін қолдануға негізделген қалдықтарды түзудің салыстырмалы нормативтерін есептеуге бірыңғай тәсілдемені регламенттейді, оған сәйкес қалдықтың нақтылы түзілетін мөлшерін ол үшін тағайындалған қалдық түзу нормативінің шамасымен салыстыруға болады.
Өндірістік және коммуналдық қалдықтарды пайдалану, уақытша сақтау, тасымалдау, өңдеу және көму Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік және нормативтік-құқықтық құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады және қоршаған ортаға, қызметкерлер мен тұрғындардың денсаулығына зиян келтірмейді. Осы іс-шаралардың қауіпсіздігі мемлекеттік органдар жүргізетін тексерістермен және Топтың жауапты тұлғалары жүргізетін ішкі тексерістермен расталады.
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын ЕТҰ аумағында уақытша сақтау осы мақсат үшін арнайы жабдықталған жерлерде жүзеге асырылады. Қалдықтарды жинаудың бөлек жүйесі қабылданды. Түзілетін қауіпті өндірістік қалдықтар мамандандырылған кәсіпорындарға сақтау, өңдеу және кәдеге жарату үшін табысталады. Қауіпті қалдықтардың барлық тізіліміне паспорттар әзірленген. Паспортта қалдық туралы негізгі ақпарат келтірілген: атауы, қауіпті қасиеттерінің тізілімі, құрамы, уыттылығы және қалдықтарды пайдалану кезіндегі сақтық шаралары.
Сонымен қатар, уран өндіретін кәсіпорындардың өндірістік қызметі барысында төмен радиоактивті қатты қалдықтар (ТРҚҚ) ғана түзіледі.
Қалдықтардың түрлер | 2017 | 2018 | 2019 | Ауытқу 2019–2018 |
Өнеркәсіптік | 797,1 | 1 253,5 | 936,38 | –25% |
Коммуналдық | 2,7 | 2,5 | 3,12 | 25% |
Қатты радиоактивті | 11,5 | 3,9 | 4,13 | 6% |
Сұйық радиоактивті | 125,5 | 106,1 | 120,48 | 14% |
Барлығы | 936,8 | 1 366 | 1 064,11 | –22% |
ТРҚҚ түрлері | РАҚ жалпы көлеміне үлесі, % |
Құм немесе құм тұндырғыштар | 32 |
Құю жерлеріндегі ластанған топырақ, бұрғылау шламы | 33 |
Иіні қанған шайыр | 19 |
Ластанған жабдық, металл қалдықтары | 7 |
Арнаулы киім, ЖҚҚ, шүберек, сүзгілер | 7 |
Пластик қалдықтар (құбылар және т.б.) | 2 |
Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік үдерістерінің ерекшелігі энергияны көп тұтынуды болжайды.
Компанияның жетекшілері үшін энергия тасығыштарын тұтыну және энергия тиімділігін арттыру саласында ТНК тағайындалған, оған сәйкес уранды өндіру үшін электр энергиясын жұмсаудың жылдық жоспарлы салыстырмалы нормалары нақты нормалардан асып кетпеуі тиіс.
Топтың ЕТҰ кәсіпорындарында ISO 50001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетін энергия менеджменті жүйесі енгізілді. Қазатомөнеркәсіп компаниясы заңнаманы қатаң ұстанады, атап айтсақ, Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» және «Энергиямен қамту және энергия тиімділігін арттыру туралы» заңдарын қатаң ұстанады.
Заңнамаға сәйкес және энергияны үнемдеу мүмкіндігі мен ықтималын бағалау мақсатында Топта жүйелі түрде (5 жылда бір рет) энергия аудиті жүргізіледі. Осындай аудиттің нәтижелері Қазатомөнеркәсіп компаниясының кен өндіру компаниялары бойынша энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеген кезде пайдаланылады. Бұл жоспарды Компания жыл сайын Қазатомөнеркәсіптің 2018-2028 жылдарға арналған Даму стратегиясын жүзеге асыру жоспарының аясында қалыптастырады.
Компанияның 2018-2028 жылдарға арналған Даму стратегиясын жүзеге асыру жоспарының негізгі іс-шаралары:
2019 жылы энергия үнемдеуді арттыру жөніндегі іс-шаралардың кешенін жүзеге асыру нәтижесінде нақтылы экономикалық әсер 2 512 млн теңгені құрады және жоспарлы мәндерден9 11%-ға асып кетті. Кен өндіретін кәсіпорындардың 2019 жылға арналған Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауын талдау көрсеткендей, барлық жоспарланған жұмыстар орындалды. Энергияны тұтынуды төмендету және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың нәтижесінде үнемделген электр энергиясының мөлшері 2019 жылы 509 мың ГДж құрады.
Топ бойынша отын-энергетикалық ресурстарды10 жалпы тұтыну мөлшері 2019 жылы 3 994 мың ГДж11 құрады. Жылу энергиясын, көмірді және отынды тұтынудың төмендеуі «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне табыстау нәтижесінде орын алды.
Көрсеткіш | 2017 | 2018 | 2019 | Ауытқу 2019–2018 |
Жылу энергиясы | 11 775 | 11 551 | 11 628 | 1% |
Электр энергиясы | 5 936 | 5 766 | 5 257 | –9% |
Тұтынылатын энергияның жиыны | 17 711 | 17 317 | 16 885 | 2,5% |
8 Отын-энергетикалық ресурстарды тұтынуды есептеу «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС есепке алмай жүргізілді.
Энергия көзінің түрі | 2017 | 2018 | 2019 | Ауытқу 2019–2018 |
Жаңғыртылмайтындар: | ||||
Көмір | 2,6 | 2,5 | 1,8 | –28% |
Табиғи газ* | 75 438 | 77 434 | 0 | — |
Отын (бензин, мазут, дизельдік) |
177 | 170 | 155 | –9% |
Жаңғыртылатын: | ||||
Сутек** | 30 | 112 | 44 | –61% |
* Табиғи газды «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС тұтынды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 қарашадағы №851 қаулысымен «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне табысталды.
** Сутектің тұтынылуы тоннамен көрсетілген.
Көрсеткіш | 2017 | 2018 | 2019 | Ауытқу 2019–2018 |
Өнімді өндіру, шикізатты шығару және өңдеу үшін энергияны тұтыну, мың ГДж |
2 003,04 | 1 854,19 | 1 943,29 | 4,8% |
Өнімді өндіру, шикізатты шығару және өңдеу, т |
23 390,7 | 21 698,8 | 22 761,1 | 4,9% |
Салыстырмалы энергия сыйымдығы, мың ГДж/т |
0,0856 | 0,0855 | 0,0854 | –0,1% |
9 2 263 млн теңге – 2019 жылға арналған жоспарлы мән.
10 Жалпы тұтыну құрамында 38,28 тонна көлемінде сутекті тұтыну көрсетілмеген. Бұл сутек «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ станциясында шығарылады және өндірістік мақсаттар үшін пайдаланылады.
11 ЖЭР жалпы тұтынуды есептеу кезінде GRI 302: Энергия стандартындағы формула қолданылды.
№1 кейс. Қазатомөнеркәсіптің кәсіпорындарында қолданылатын үздік тәжірибелердің Жол картасына 20-дан астам іс-шара кіреді. Осылай, «Қаратау» кенішінің вахталық кентінде су жылыту қазандарын дизельдік отыннан сұйылтылған отынға ауыстыру нәтижесінде мынадай мөлшерлік әсерге қол жеткізілді:
• дизельдік отын мен газдың бағаларының айырмашылығы есебінен ақша қаражатын үнемдеу (2 есе);
• жобаның жылдам өтелімділігі – 2,8 жыл;
• жылдың салқын маусымында дизельдік отынды жылыту қажеттілігінің болмауы;
• зиянды заттар шығарындыларының 3,9 есе төмендеуі.
№2 кейс. Топтың кәсіпорындарында энергиялық тиімді шешімдерді қолданудың тағы бір мысалы «СКЗ-U» ЖШС күкірт-қышқылды зауытында энергия ресурстарын қайталама пайдалану технологиясын енгізу болып табылады. Кесек күкіртті жағу нәтижесінде түзілетін қатты қыздырылған бу электр энергиясын шығару үшін орнатылған бутурбогенераторына бағытталады. Турбинаның қуаттылығы – 18,5 МВт, 2019 жылы шығарылған энергияның бір жылдық көлемі – 117 772 мың кВт*сағ. Шығарылатын электр энергиясының бір бөлігі зауыттың өзіндік қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталады, ал артылғаны бөгде тұтынушыларға өткізіледі. Қосымша шығарылатын жылу энергиясы күкірт қышқылды зауыттың өндірістік қажеттіліктері үшін, деаэраторда жұмыс жасау үшін және жылыту мен желдету мақсатында суды жылыту үшін пайдаланылады.
Сондай-ақ «СКЗ-U» ЖШС қуаттылығы 418,6 кВт құрайтын өзіндік күн электр станциясын пайдаланады, соның арқасында жұмыс қалашығы толықтай жарықтандырылады. Энергияның бір жылда шығарылатын көлемі 550 000 кВт*сағ. құрайды.
№3 кейс. Өнеркәсіптік электр желілеріндегі негізгі жүктеме асинхронды электр қозғалтқыштары мен бөлгіш трансформаторлар болып табылады. Аталған жабдықтың жұмысы барысындағы индуктивті жүктеме қуаттандырудың күш желілеріне қосымша жүктеме мен кедергілер туғызады. Индуктивті жүктеменің салдарынан шығындарды төмендету мақсатында Топтың кәсіпорындарында реактивті қуаттылықты өтемдеуіштер (РҚӨ) кезең-кезеңмен орнатылады. РКӨ-ден болатын экономикалық тиімділік 2019 жылы 141 831 мың теңгені құрады.
№4 кейс. Баламалы энергия көздері ретінде Қазатомөнеркәсіп компаниясының кәсіпорындары фотоэлектрлік станцияларды, гелиймен жылытқыштарды, жылулық сорғы қондырғыларын пайдалануға енгізді, олар суды жылыту үшін жылуэнергетикалық ресурстардың шығынын үнемдеуге, сондай-ақ атмосфераға түсетін зиянды заттардың шығарындыларын төмендетуге мүмкіндік береді.
Компанияның 2019 жылы баламалы энергия көздерін пайдаланудан болатын әсер:
• фотоэлектрлік станциялар (немесе күн электр станциялары) (ФЭС, КЭС) – 96 765 мың теңге;
• гелиймен жылытқыштар (немесе күн сәулесі арқылы су жылытқыштар) – 10 138 мың теңге;
• жылулық сорғы қондырғылары (ЖСҚ) – 24 106 мың теңге.
Топтың меншігіндегі, жалға алынған және басқаратын жерлердің жалпы ауданы 51 923,55 га құрайды. Топтың уран кен орындарының аумағында немесе шектесетін жерлерде қорықтар немесе басқа ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жоқ. Сонымен қатар, Компания өзі жұмыс жасайтын өңірдегі биологиялық әр түрлілікті сақтау маңызды екенін түсінеді және уран кен орындарының аумағындағы флора мен фаунаның күйін зерделеуге бар күшін салады.
2019 жылы Топтың өндірістік нысандарының қоршаған орта нысандарына және жергілікті тұрғындарға экологиялық және әлеуметтік әсерлерін зерттеу аясында мынадай жұмыстар кешені орындалды:
Кен орындарын тарату жоспарларында жерлер қалпына келтірілгеннен кейін де жүргізілетін жұмыстардың кешені қарастырылған:
Топтың ЕТҰ жасыл желектерді қалпына келтіру және топырақты нығайту бойынша белсенді жұмыс жүргізеді.