Уран өнімі | Уран өндіру, уран өнімдерін қайта өңдеу және сату. |
Бериллий өнімі | Бериллий және оның қоспалары негізінде өндіру, бериллий өнімдерін сату, ғылыми зерттеулер және әзірлемелер. |
Тантал өнімі | Танталдан жасалған бұйымдарды өндіру және сату, ғылыми зерттеулер және әзірлемелер. |
Энергия ресурстары | Электр энергиясын, жылу энергиясын өндіру және сату. |
Басқа операциялар | Басқа өнімдерді өндіру және сату, негізгі өндіріс үшін қызмет көрсету |
Қазатомөнеркәсіп әлемдегі ең ірі ресурстық базалардың біріне қатынау артықшылығы бар табиғи уранның ең ірі өндірушісі болып табылады. UxC деректеріне сәйкес Компанияның уран өндірісі 2019 жылы уран өндірісінің жалпы әлемдік көлемінен шамамен 24%-ды құрады. Қазақстанның уран өндірісінің көлемі бойынша үлесі әлемдік алғашқы уран өндірісінен 42%-ды құрады.
2019 жылы Компания мен оның серіктестерінің қызметі Қазақстанда орналасқан 26 кен орнында/учаскеде кенді ЖҰС әдісімен өндіретін 13 өндіруші активте жүзеге асырылды, соның ішінде:
Қатысу тәсілі | Ұйымның атауы | Топтың үлесі (%) |
Уран өндіру және қайта өңдеу | ||
Еншілес ұйымдар | ||
«Орталық» ЕК» ЖШС | 100,00 | |
«Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС(1) | 100,00 | |
«РУ-6» ЖШС (1) | 100,00 | |
«Аппақ» ЖШС | 65,00 | |
«Инкай» БК» ЖШС (2) | 60,00 | |
«Байкен-U» ЖШС (4) (5) | 52,50 | |
«Хорасан-U» БК» ЖШС (4) | 50,00 | |
Бірлескен кәсіпорындар | «Буденовское» БК» ЖШС | 51,00 |
«Семізбай-U» ЖШС | 51,00 | |
Бірлескен операциялар | «Ақбастау» БК» АҚ (3) | 50,00 |
«Қаратау» ЖШС (3) | 50,00 | |
Energy Asia (BVI) Limited (4) (5) (6) | 50,00 | |
Қауымдасқан ұйымдар | «КАТКО» БК» ЖШС | 49,00 |
«Оңтүстік тау-химия компаниясы » БК» ЖШС | 30,00 | |
«Заречное» БК» АҚ | 49,98 | |
«Қызылқұм» ЖШС(5) | 50,00 | |
«Жаңақорған-Транзит» ЖШС (7) | 60,00 | |
Ядролық отын циклі және Металлургия | ||
Еншілес ұйымдар | «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | 90,18 |
ULBA-CHINA Co Ltd (7) | 100,00 | |
«Машзавод» ЖШС (7) | 100,00 | |
«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС (7) | 51,00 | |
Ядролық отын циклі | ||
Бірлескен кәсіпорындар | «Уранды байыту орталығы» АҚ | 50,00 |
«Орал электрхимиялық комбинаты» АҚ (7) | 25,00 | |
УКР ЕВС ЖАҚ БК | 33,33 | |
Инвестициялар | «Уранды байыту жөніндегі халықаралық орталық» АҚ | 10,00 |
Қосалқы қызмет | ||
Еншілес ұйымдар | «Жоғары технологиялар институты» ЖШС | 100,00 |
KazakAtom TH AG | 100,00 | |
«KAP-Technology» ЖШС | 100,00 | |
«Сауда-көлік компаниясы» ЖШС | 99,99 | |
«Волковгеология» АҚ | 90,00 | |
«Русбурмаш-Қазақстан» ЖШС (7) | 49,00 | |
«Қорған-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС | 100,00 | |
Бірлескен кәсіпорындар | «СКЗ-U» ЖШС | 49,00 |
«Уранэнерго» ЖШС | 77,52 | |
«Шиелі-Энергосервис» ЖШС (7) | 99,17 | |
«Таукент-Энергосервис» ЖШС (7) | 99,95 | |
«Уранэнерго-Пул» ЖШС (7) | 100,00 | |
Қауымдасқан ұйымдар | «СКЗ-Қазатомөнеркәсіп БК» ЖШС | 9,89 |
Қатысу тәсілі | Ұйымның атауы | Топтың үлесі (%) |
Баламалы энергетика |
||
Еншілес кәсіпорындар |
||
«Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС (9) |
100,00 |
|
«MK KazSilicon» ЖШС (9) |
100,00 |
|
«Astana Solar» ЖШС (9) |
100,00 |
|
«Уранэнерго-Пул» ЖШС (7) (11) |
100,00 |
|
«Шиелі-Энергосервис» ЖШС (7) (12) |
99,17 |
|
«Таукент-Энергосервис» ЖШС (7) (12) |
99,95 |
|
Қосымша қызмет |
||
Қауымдасқан кәсіпорындар |
«Каустик» АҚ (10) |
40,00 |
Ядролық отын циклы |
||
Бірлескен кәсіпорындар |
«Уранды байыту орталығы» АҚ(8) |
50,00 |
Қазақстандағы уран кен орындары алты уран провинциясы бойынша топтастырылған.
Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы, Солтүстік Қазақстанда орналасқан Семізбай кен орнын қоспағанда, Компанияның кен орындары Қазақстанның оңтүстігінде Шу-Сарысу провинциясында және Сырдария провинциясында орналасқан.
Барлық кеніштер аз қоныстанған және өсімдік жамылғысы ең аз жерде орналасқан. Кеніштердің учаскелеріндегі табиғи өсімдіктер шөлден бұталар арқылы далаға дейін өзгереді. Тек алты кеніш елдімекендерден 10 км шегінде орналасқан, олардың барлығы кенттер немесе ауылдар болып табылады. Барлық аймақтарда климат континенталды, жазы ыстық, қысы қатты және аздаған жауын-шашынды (300 мм немесе одан аз).
Табиғи уран мен уран өнімін сату Қазатомөнеркәсіп үшін негізгі табыс пен кіріс көзі болып табылады, бұл ретте Топтың шоғырландырылған түсіміндегі уран сегментінің үлесі 2019 жылдың қорытындысы бойынша 87%-ды құрады. Нәтижесінде уранның нарықтық бағалары Компанияның қаржылық көрсеткіштеріне едәуір әсер етеді.
Уран өнімінің нарықтық бағасы, кез келген басқа тауардың бағасындай, сұраныс пен ұсыныстың теңгерімімен айқындалады. Сонымен қатар кез келген негізгі уран өндірушісі сататын орташа БУҚ бағасы жасалатын келісімшарттардың түріне және сату қоржындарының құрылымына өте тәуелді болады (шарттар, әр келісімшартта қолданылатын баға формуласы, спот және ұзақ мерзімді келісімшарттардың пропорциялары және т. б.). Қазатомөнеркәсіп неғұрлым кең энергетикалық нарықтағы көміртексіз негізгі электр энергиясының сенімді көзі ретінде атомдық энергетика өзінің позицияларын сақтап, нығайта түседі деп күтуде, бұл уранға сұраныстың артуына әкеледі. Сәйкесінше, уран бағасы қазіргі тұрақсыз төмен деңгейлерден көтерілуі тиіс, бұл төмен өзіндік құнмен өндіретін және нарықтық бағаға жоғары деңгейде әсер ету иінтіректеріне ие Қазатомөнеркәсіп үшін зор мүмкіндік.
2019 жылы әлемде жалпы қуаттылығы 5,2 ГВт 6 ядролық реактор іске қосылды (Ресейде үш, ҚХР-да екі және Оңтүстік Кореяда бір), жалпы қуаттылығы 10,2 ГВт 13 ядролық реактор ресми жұмысын тоқтатты (Жапонияда бес, АҚШ-та екі, Ресей, Швейцария, Германия, Швеция, Оңтүстік Корея мен Тайванда бір-бірден). Сонымен қатар 2019 жылы жалпы қуаттылығы 4,8 ГВт төрт реактордың құрылысы басталды (Ресей, ҚХР, Иран және Ұлыбританияда бір-бірден). 53 реактор құрылыс кезеңінде.
АҚШ Сауда министрлігінің 1962 жылғы Сауданы кеңейту туралы АҚШ заңының 232-бөлімі бойынша қозғаған тергеу ісіне байланысты уран нарығындағы белгісіздік 2019 жылы уран нарығында ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасуға едәуір ықпалын тигізді. Тергеу 12 шілдеде аяқталды, сол күні АҚШ Президенті уран нарығында сауда шектеулері қолданылмайтынын жариялады. Бірақ бұл шешіммен қатар АҚШ Президенті кеңірек талдау жүргізу мақсатында ядролық отын бойынша жұмыс тобын құрды. Алғашында ұсыныстар қазанның ортасында беріледі деп күтілгенімен, бастапқы мерзім ұзартылды.
Сонымен қатар АҚШ Энергетика министрлігі америкалық реакторлар лицензияларының қолдану мерзімін 80 жылға дейін ұзарту мақсатында жұмыс жүргізуде. Флорида штатында «Терки-Пойнт» АЭС-тегі 3 және 4-энергоблоктарды 2053 жылға дейін пайдалануға қатысты АҚШ Ядролық реттеу жөніндегі комиссиясы тарапынан рұқсат берілді, бұл АЭС-тің 80 жылға дейін пайдаланылуын реттеудің алғашқы мақұлдануы болып табылады. Халықаралық энергетикалық агенттік қолданыстағы реакторлардың қолдану мерзімін ұзартудың көміртек шығарындыларын қысқарту және энергетикалық қауіпсіздікті арттыру үшін шешуші мәні бар деп мәлімдейді.
Еуропалық одақтың көшбасшылары ядролық энергияны «Еуропалық Жасыл келісімге» қосуға келісті, бұл келісім Еуропаның 2050 жылға қарай «көміртектік бейтараптыққа» және еуропалық экономикалардың көрсетілген мерзімге қарай CO2-баламасының нөлдік шығарындыларына бағдарланған. Ядролық энергетика «жасыл» болып есептелетініне қарамастан, ядролық энергетика бойынша жобалар ЕО тарапынан қаржылық қолдау алу үшін біліктіліктен өтпейтіні келісімнің мақсаттарын іске асыру барысында кедергі келтіруі мүмкін. Көлемі бойынша әлемде екінші орындағы АЭС паркі бар Франция электр энергиясын өндіруде АЭС үлесін 72%-дан 50%-ға дейін қысқарту бойынша жоспарларын 2025 жылға дейін ресми түрде кейінге қалдырды. 2050 жылға қарай көміртектің нөлдік шығарындыларына қол жеткізуге бағытталған Францияның климаты мен энергетикасын сақтау саласындағы бастамалар пакеті атомдық энергетиканың жоспарланған қысқартылуын 2035 жылға дейін кем дегенде он жылға ұзартты.
2019 жылы уран өндіру нарығында бірқатар өзгерістер болды. Намибияда RioTinto компаниясы «Россинг» уран кенішінде бақылау пакетін Қытай ұлттық уран корпорациясының (CNUC) пайдасына сатты. Compagnie minière d'Akouta (COMINAK) компаниясы — Orano еншілес компаниясы — өзінің Нигериядағы уран кенішінде уран өндірісі қорлардың сарқылуы және пайдалану шығындарының жоғарылығы салдарынан 2021 жылдың наурызында тоқтатылады деп жариялады. Бұған қоса «Рейнджер» австралиялық кеніші өз жұмысын 2021 жылы аяқтайтыны да жарияланды.
Оrano компаниясы Өзбекстан Республикасының Геология және минералдық ресурстар жөніндегі мемлекеттік комитетімен (Госкомгеология) Өзбекстанда барлау және өндіру бойынша қызметті дамытуға бағдарланған серіктестік туралы келісімге қол қойды. Келісім 51%-ы Orano-ға, ал 49%-ы Госкомгеологияға тиесілі болатын бірлескен кәсіпорын құруды көздейді. Тараптар Өзбекстанда уран өндіру жобалары бойынша бірлескен қызметті іске асыруға ниетті.
Қазатомөнеркәсіп 2021 жылы жер қойнауын пайдалану келісімшарттары аясында жоспарланған деңгеймен салыстырғанда өндіру көлемін 20%-ға қысқартуды жалғастыратындығы туралы жариялады. Бұл шешімді іске асыру 2021 жылы Қазатомөнеркәсіптің өндіру көлемдерін 2019 және 2020 жылдардағыдай деңгейде қалдыруға мүмкіндік береді.
2019 жылғы 10 желтоқсанда Қазатомөнеркәсіп «Үлбі металлургиялық зауытында» орналасқан ТБУ АЭЖХА Банкіне төмен байытылған уранның соңғы жеткізілімін жасады. ТБУ АЭЖХА Банкінің тұжырымдамасы бейбіт атомды қолданатын АЭЖХА мүше-елдеріне коммерциялық нарықта сатып алу мүмкіндігі болмағанда, ТБУ АЭЖХА қорларына қолжетімділікті ұсыну мүмкіндігінде қамтылады. АЭЖХА меншігіндегі және Қазақстан аумағында орналасқан ТБУ (ТБУ) Банкі Агенттіктің 1957 жылы құрылған сәтінен бастап АЭЖХА-нің ең өршіл әрі күрделі жобаларының бірі болып табылады.
2019 жылы Компания уран өнімдерін тікелей және «Trade House KazakAtom AG» («THK») швейцариялық еншілес сауда компаниясы арқылы 11 елде 23 клиентке сатты, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 6 клиентке және 2 елге артық. Күнтізбелік 2019 жыл ішінде Қазатомөнеркәсіптің уран өніміне алғашқы үш және алғашқы бес клиенттен түскен кіріс уран сегментіндегі түсімнен сәйкесінше 54% және 68%-ды құрады.
Кестеде 2015-2019 күнтізбелік жылдардағы кіріс бойынша Топтың уран өніміне клиенттерді географиялық бөлу деректері келтірілген.
Өңірлер |
2015 |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
Қытай |
44% |
47% |
60% |
34% |
40% |
Еуропа |
19% |
16% |
18% |
9% |
18% |
Үндістан |
— |
11% |
8% |
23% |
9% |
Ресей |
— |
— |
— |
— |
8% |
Оңтүстік Корея |
3% |
6% |
4% |
— |
— |
АҚШ |
20% |
12% |
4% |
5% |
6% |
Канада |
— |
— |
— |
7% |
8% |
Басқа* |
14% |
8% |
6% |
22% |
12% |
БАРЛЫҒЫ |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
2017 жылы Қазатомөнеркәсіп Компанияның маркетингтік қызметін жақсарту, оның серіктестермен ынтымақтастығын нығайту, Қазақстанда уран және уран өнімдерін сатуға көмектесу және жалпыланған жоспарда Компанияның жаһандық қамтуын ұлғайту мақсатында, өзінің Швейцарияда орналасқан еншілес сауда фирмасы – KazakAtom TH AG компаниясын құрды. KazakAtom ТH AG-ның негізгі қызметтері:
Өзінің құрылған сәтінен бастап KazakAtom ТH AG Компанияға сатып алушылар базасын кеңейтуге, сату көлемдерінің өсуін қамтамасыз етуге көмектеседі. KazakAtom ТH AG сонымен қатар осы кезеңде Компанияға жаңа клиенттерді тартып, Топ уран жеткізуге қатысты бірқатар ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасты.
KazakAtom ТH AG қызметінің аясы және оның спот нарығымен жиі әрекеттесуі Компанияға нарықты жақсырақ түсініп, оның аналитикалық мүмкіндіктерін арттыруға және басшылық тарапынан неғұрлым дәйекті шешімдердің қабылдануына септігін тигізуге мүмкіндік береді.
Қазатомөнеркәсіп бүкіл әлем бойынша өз клиенттеріне уран өнімдерін жеткізу үшін қауіпсіз, қорғалған және сенімді логистикалық шешімдерді енгізеді. Бүкіл уран өнімдерінің тасымалы 20 футтық герметикалық контейнерлерде темір жол немесе теңіз көлігімен жүзеге асырылады, контейнерлер белгіленген пунктке жеткізілгенше мұндай жүкті күзет пен қарауыл алып жүреді. Барлық тасымалдар уранды тасымалдаумен байланысты тәуекелдерден сақтандырылады.
2019 жылы Қазатомөнеркәсіп клиенттердің талаптары мен қажеттіліктеріне сәйкес U3O8 мен дайын өнімдерді түрлі белгіленген орындарға жеткізді:
Қазатомөнеркәсіп өз қызметінде сенімділікке, техникалық кемелдікке, өндірістік қауіпсіздіктің жоғары көрсеткіштеріне және өзінің мүдделі тараптарымен адал іскерлік тәжірибеге баса назар аудара отырып, өзінің уран өнеркәсібіндегі жетекші компания ретіндегі позицияларын өсіріп нығайтуға тырысады.
Қазатомөнеркәсіптің тұрақты даму қағидаларына негізделген 2018-2028 жылдарға арналған Даму стратегиясына сәйкес, Компания мынадай стратегиялық мақсаттарға жетуді көздейді:
2019 жылы Компания 2019-2020 жылдарға арналған Даму стратегиясын іске асыру жоспарын әзірледі, ол негізгі қызметті жетілдіруге, цифрлық трансформацияны жалғастыруға және корпоративтік басқару мен персоналды басқару үдерістерін жақсартуға бағдарланған. 2019 жылға арналған Іске асыру жоспарының тармақтарының 98%-ы табысты орындалды.
Даму стратегиясын іске асыру жоспарының аясында Қазатомөнеркәсіп бейінді емес активтерді шығару бойынша жұмысын жалғастырады. Неғұрлым бәсекелес ортаға шығаруға болатын қызмет пен жұмыс түрлері бойынша жан-жақты талдау негізінде Қазатомөнеркәсіптің ұзақ мерзімді мүдделері мен даму басымдықтарын ескере отырып, сервистік компаниялардың даму стратегиясының орташа мерзімді перспективаларына қатысты шешімдер қабылданады.
Қазатомөнеркәсіп қызметінің негізгі түрі уранды өндіру және сату болып табылады. Компания жерасты ұңғымалық сілтілеу (ЖҰС) әдісімен өндіру арқылы әлемдегі ең үлкен және барлық өндіру әдістері ескерілетін уран қорларының көлемі бойынша әлемдегі екінші ресурстық базаға қолжетімді.
Компанияның барлық уран кен орындары өндірудің ең төмен шығынды және неғұрлым экологиялық таза әдісі болып табылатын ЖҰС әдісімен өндіруге жарамды. Бұл сондай-ақ өндірісті неғұрлым қысқа мерзімде, дәстүрлі ашық және жерасты әдісіне қарағанда экономикалық тұрғыдан неғұрлым тиімдірек ұлғайтуға және қысқартуға мүмкіндік беретін ең икемді өндіру әдісі болып табылады.
Нәтижесінде Қазатомөнеркәсіп әлемдік нарықта неғұрлым төмен өндірістік шығындармен өндіру және сату саласында айқын бәсекелес артықшылыққа және әлемдегі жетекші уран өндіруші компания атағына ие болды.
Қазатомөнеркәсіп болашақта экономикалық тұрғыдан тиімді болған жағдайда, реакторға дейінгі ЯОЦның басқа кезеңдеріне қатысуын кеңейту мүмкіндігін сақтай отырып, уран өндіруге баса көңіл бөлуге ниетті.
Сонымен қатар Компания сирек металдармен байланысты қызметпен де айналысады. 2019 жылы Компания бериллий, тантал және ниобий өнімдері (конденсатор жасауда, аэронавтикада қолданылатын өнімдер, тазалығы жоғары тантал, қоспалауға арналған ниобий және т. б.) нарығының мақсатты сегменттеріне қатысуын жалғастырды. Қазатомөнеркәсіп минералдардың жауапты жеткізілімін бағалау үдерісіне (RMAP) жауапты Бизнес Альянсының (Responsible Business Alliance — RBA) талаптарына сәйкес аудиттен табысты өтті.
2019 жылдың қорытындысы бойынша нарықтық жағдай бериллий өнімдері үшін қолайлырақ болды. Мәселен, өнімнің дәстүрлі түрлеріне жоғары сұраныс жағдайында (бериллий құрамды лигатуралар) өндіріс фокусының табыстылығы жоғары өнімдердің пайдасына ауысуы байқалды.
Компания China General Nuclear Power Corporation (CGNPC) қытай компаниясымен бірлесіп, жалпы құрылыс жұмыстарын аяқтап, Қазақстанда жылу бөлетін құрастырмаларды (ЖБҚ) өндіру бойынша зауыттың жабдығын құрастыру және іске қосу жұмыстарын бастады. Бұл жоба Компанияға ҚХР нарығының атомдық электр станцияларына ядролық отын жеткізуге мүмкіндік береді, ал бұл Қазатомөнеркәсіп өнімдерінің сұрыпталымын отын циклінің бастапқы кезеңінде кеңейтеді.
2018 жылдың ақпанында Қазатомөнеркәсіп өзінің дәстүрлі өндіру және сату көлемдерін тұрақты ұлғайту стратегиясын нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың серпінін ескере отырып, өндіру және сату міндеттерін түзетуді білдіретін нарықтық бағдарланған тәсілдің пайдасына қайта қарады. Бұл тұрғыдан стратегия басты назарды өндіру көлемдерінен мүдделі тараптар үшін ұзақ мерзімді құн құруға ауыстырды.
Уранды өндіру және қайта өндіру бойынша өндірістік жоспарларды өзгермелі нарықтық жағдайға бейімдеу арқылы уран нарығының қажеттіліктерінің болжамы негізінде өндірістік мақсат пен сату көлемдерін белгілеу – Компанияның бүгінгі назарында.
2018-2021 жылдары Компания уран өндіру көлемдерін жер қойнауын пайдалану келісімшарттары аясында жоспарланған көлемдерге қарағанда 20%-ға қысқарту бойынша бағдарламаны кезең-кезеңмен іске асыруда.
Қазатомөнеркәсіптің уран кен орындары ЖҰС әдісімен өңделеді, өндіру көлемдерін өзгерту өнімнің үлестік өзіндік құны үшін айтарлықтай салдарға әкелген жоқ, бұл дәстүрлі өндіру әдісімен салыстырғанда маңызды коммерциялық артықшылық болып табылады.
Егер пайдалы қазбаларды өндіру кодексіне және оның лицензиялық келісімдеріне сәйкес белгіленген параметрлер аясында нарықтық жағдай талап ететін болса, Компания өндіру көлемдерін төмен деңгейде сақтап тұру үшін техникалық және құқықтық тұрғыдан икемді. Мәселен, жылдық өндіріс көлеміне қатысты жыл сайын +/-20% ауытқу ұйғарылады. 20%-дан артық өзгерістер Үкіметтің бекітуін талап ететін жер қойнауын пайдалану туралы келісімдерді қайта қарау қажеттігін тудырады.
Компания бірқатар облыста сату және өткізу жүйелерін ұйымдастыруға қатысты өз позицияларын нығайтуды жалғастырады. Компания өзінің келісімшарттар қоржынын әртараптандырып, нарықтық бағдарланған тәсілдің табысын көрсетуде.
Даму стратегиясын іске асыру барысында Қазатомөнеркәсіп өзінің сауда өкілдерінің қатысу аймағын кеңейтіп, негізгі мақсатты географиялық өңірлердің әрқайсысында сату желісін күшейтті.
2019 жылғы 14-16 мамырда Қазатомөнеркәсіп ENUSA испан компаниясы үшін уран өнімін жеткізу туралы коммерциялық келісімге қол қойып, жаңа өткізу нарығын ашты, атомдық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы қазақстан-испан ынтымақтастығын дамыту тұрғысынан бұның маңызы зор. Сонымен қатар Компания табиғи жеткізуге қатысты өткізілген конкурста жеңіске жетіп, Бразилияда ядролық отын циклі үшін жауапты «Indústrias nucleares do Brasil» (INB) бразилиялық мемлекеттік компаниясымен серіктестік қатынас орнатты. Қазатомөнеркәсіптің INB-ға алғашқы жеткізілімі 2018 жылы жүзеге асырылды, ол кезде Компания табиғи уран концентратын жеткізді, бұл Қазатомөнеркәсіптің Оңтүстік Америка нарықтарында бизнесті дамыту тұрғысынан жасаған маңызды қадамына айналды.
2019 жылдың жаңа келісімі Компанияның жауапты өндіруші және жеткізілімдердің жаһандық ядролық тізбегіндегі сенімді өнім беруші ретінде беделін растайды. Бұған қоса KazakAtom TH AG трейдингтік компаниясының арқасында Қазатомөнеркәсіп 2017 жылдан бастап өз клиенттеріне күрделі формулалық құнды құрудың икемді шарттарын ұсына алады. Компания бұл мүмкіндіктерін одан әрі дамытып, клиенттерге құнды құру нұсқаларының бұрынғыдан әлдеқайда кең аясын ұсынуды жоспарлап отыр, бұрын нұсқалардың аз болуы қазақстандық заңнаманың белгілі шектеулерімен түсіндіріледі.
Қазатомөнеркәсіп әлемдегі жетекші уран өндіретін компания болып табылады және келешекте бұл мәртебесін қызмет ауқымы, тиімділік және инновациялар тұрғысынан нығайтуға тырысады. Бай уран кен орындарына қолжетімділік Компанияға өз өндірісін жекеменшік шикізатымен әлі кем дегенде ондаған жылдар бойы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Компания өз кеніштерінде тұрақты төмен шығынды өндіруді қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімді перспективада қорларды барлауға және кен орындарын өңдеуге инвестициялауды жалғастыруға ниетті. Қазатомөнеркәсіп құн мен экономикалық қайтарымға баса назар аударып, өндіру жоспарларын оңтайландыруды және шығындарды қатал бақылауды бір уақытта іске асыру арқылы өндірістің төмен өзіндік құнын ұстап тұруды жоспарлап отыр.
Қазатомөнеркәсіп өз бизнес-үдерістерін бұрынғыдай оңтайландырып, цифрландыруды және сату мен өткізу функцияларын одан әрі нығайтуды көздейді.
Компания бизнесті жауапты жүргізуге үлкен мән береді, бұл ретте пайда алу негізгі табыс факторы болып табылмайды. 2019 жылы Компания басқару моделін оған тұрақты даму принциптерін енгізу арқылы жетілдірді. Бекітілуі 2020 жылға жоспарланған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның тұрақты даму саласындағы саясатын әзірлеу бұл саладағы маңызды қадамға айналды.
2019 жылы Қазатомөнеркәсіп сенімділік ортасын қалыптастыру, тұрақты жетілдіру, нақты әрекеттесу, күшті корпоративтік басқару және жер-жерде қауіпсіздік мәдениетін дамытуға бағдарланған корпоративтік мәдениетті дамыту бойынша жұмысын жалғастырды.
Қазатомөнеркәсіп өзінің өндірістік қызметін іске асыру барысында қызметкерлердің еңбек пен денсаулықты қорғауға қатысты хабардарлығы мен саналылығын арттыруға баса назар аударады. Компания сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экологиялық жауапкершілік мәселелеріне көбірек көңіл бөлмекші.
Компания Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (ISSA) қауіпсіздікті, денсаулық пен жұмыстағы ахуалды жақсарту бойынша бастамасын қолдайды және «нөлдік жарақаттануға» жету мақсатында, Vision Zero бағдарламасына қатысушы ретінде тіркелді. Мүшелік Компанияның күшті профилактиканы ұстану мәдениеті жұмыспен байланысты жазатайым оқиғалардың, залал мен кәсіби аурулардың санын азайта алатындығына сенімділігін білдіреді. Қазатомөнеркәсіп қызметкерлермен және барлық деңгейдегі басшылармен еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыру және қауіпсіз еңбек шарттарының бұзылу тәуекелінің факторларына проактивті жауап қайтаруға көшу бойынша қауіпсіздік өнеркәсібінің талаптарын орындау бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Компания LTIFR коэффициентін төмен деңгейде ұстап тұруға және өндірістегі жазатайым оқиғалардың санын барынша азайтуға тырысады.
Қазатомөнеркәсіп 2016 жылы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласына инвестициялау бағдарламасын іске қосты, сол кезден бері инвестициялар көлемін арттырып келеді. Мәселен, 2019 жылы еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы іс-шараларға жұмсалған шығындардың жиынтық көлемі 7,23 млрд теңгені құрды.
Стратегиялық мақсаттар |
2019 жылы стратегиялық мақсаттарды орындау бойынша негізгі іс-шаралар |
Назардың негізгі қызмет түріне аударылуы |
|
Нарықтық жағдайлар негізінде өндіру, қайта өңдеу және сату көлемінің оңтайландырылуы |
|
Маркетинг функциясын күшейту және сату арналарын кеңейту арқылы құндылықтың жасалуы |
|
Бизнес-қызметте озық тәжірибенің қолданылуы |
|
Сала көшбасшысына сәйкес келетін корпоративтік мәдениеттің дамытылуы |
|
Компанияның операциялық қызметінің ерекшелігі – күрделі шығындардың шектеулігі және қаражат көзінің құрылымында қарыз капиталдың төмен үлесі жағдайында жоғары табыстылығында. Компания мүдделі тараптар алдында басты міндетін орындауға – ұзақ мерзімді құнды құруға тырысады. Қазатомөнеркәсіптің стратегиялық басымдықтарының бірі нарықтық мүмкіндіктер болған жағдайда оларды пайдалану үшін өзін жайғастыру мақсатында және шикізат тауарларына бағаның жағымсыз өзгеруі жағдайында теңгерімнің консервативті құрылымын және қарыз қаражаты үлесінің қолайлы деңгейін сақтай отырып, акционерлеріне қомақты ақша ағынын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазатомөнеркәсіптің акциялары AIX және LSE биржаларында 2018 жылдың қарашасынан бастап саудалануда. Компанияның 2019 жылғы 30 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында өткен акционерлердің жылдық Жалпы жиналысында акционерлер 2018 жылдың пайдасынан төленетін дивиденд мөлшерін бір жай акцияға шаққанда (бір ЖДҚ бір жай акцияға тең) 308,46 теңге көлемінде белгіледі. 2018 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтердің жалпы сомасы 80 млрд теңгені құрады.
Қазатомөнеркәсіп өткізетін Трансформациялау бағдарламасының мақсаттары Компанияның қызметінде үздік тәжірибені пайдалану мәдениетін дамыту арқылы ең жоғары ұзақ мерзімді акционерлік құнға, табыстылыққа және қаржылық тұрақтылыққа жетуді көздейді.
Трансформациялау бағдарламасын іске асыру барысында енгізілген жобалар Компанияға бүгіннің өзінде техникалық және технологиялық жабдықталу тұрғысынан озық халықаралық уран өндіретін компаниялармен бір қатарда тұруға мүмкіндік береді. Компанияның Басқармасы мен Директорлар кеңесі Компания қызметінің негізгі бағыттары бойынша Басқарма төрағасы есебі тыңдалатын кезде Бағдарламаға тоқсан сайынғы негізде қатыстырылады.
Қазатомөнеркәсіптегі өзгерістер алдымен мынадай бағыттар бойынша іске асырылады:
2019 жылдың бірінші жартысында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Трансформациялау бағдарламасын қоржындық компанияларда іске асыруға ұмтылуына байланысты Компанияның Трансформациялау бағдарламасы Цифрлық трансформациялау бағдарламасына өзгертілді (бұл сондай-ақ компаниялардың стратегиялық ПӘК-не қол жеткізуге көмектесетін өзінің жеке жобаларын да іске асыруға мүмкіндік береді).
Компанияның Даму стратегиясын іске асыру жоспарына жүргізілген талдаудың нәтижелері бойынша 2019 жылдың екінші жартыжылдығының басында жаңартылған Цифрлық трансформациялау қоржыны құрылып бекітілді. Оны құру барысында Компанияның стратегиялық ПӘК-не әсер ететін көрсеткіштер басты факторларға айналды.
Қоржын 6 жобадан және 15 іс-шарадан тұрады, олардың бір бөлігі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның компаниялар тобында іске асырылу ауқымынан кумулятивті әсерге қол жеткізу үшін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның синергетикалық бағыттары аясында бастамаланды.
2019 жылдың қорытындысына сәйкес Компанияның негізгі өндірістік-операциялық міндеттерін шешуге бағытталған төрт жоба бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:
2019 жылдан бастап Қазатомөнеркәсіп Дүниежүзілік ядролық тасымалдаулар институтының (WNTI) мүшесі болып табылады.
WNTI – радиоактивті материалдарды қауіпсіз, тиімді және сенімді тасымалдау үшін атомдық энергетиканың, қаптау өнеркәсібінің және оған сенім артатын тұлғалардың ұжымдық мүдделерін білдіретін халықаралық ұйым.
Компания осы саладағы үздік практикаларды талқылау үшін WNTI шараларына қатысады. Бұл шаралар радиоактивті заттарды тасымалдау нарығының негізгі өкілдерімен кездесулер өткізетін алаң болып табылады.
Компания 2019 жылы жазда Санкт-Петербургте және қыста Лондонда өткен WNTI жартыжылдық кездесулеріне қатысты, онда Еуропадағы жүк транзитінің мәселелері, ТБУ АЭЖХА Банкінің жобасына арналған байытылған уран өнімін тасымалдау және радиоактивті заттарды тасымалдауға қатысты басқа да мәселелер талқыланды.
Бизнес-қоғамдастықтарға мүшелік Қазатомөнеркәсіпке мемлекеттік органдарда норма жасау үдерісінде Компанияның құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілді қорғанысымен қоса ұйымдардың қолдауын алуға мүмкіндік береді, себебі олардың тиісті өкілеттіктері Жарғымен, министрліктердегі аккредитациямен көзделеді. Бұған қоса қауымдастықтар бизнес жұмысының заңнамалық және өзге де нормативтік ережелерін қалыптастыру үдерісіне қатысуға мүмкіндік береді.
Құжаттың атауы | Қол қойылған орны мен күні | Күшіне енуі туралы ақпарат |
АЭЖХА артықшылықтары мен иммунитеттері туралы келісім |
Вена, 1959 жылғы 1 шілде |
Қазақстан Республикасының «Ратификациялау туралы» 1997 жылғы 30 қазандағы № 178-I Заңы |
Ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенция |
Вена, Нью-Йорк, 1980 жылғы 3 наурыз |
Қазақстан Республикасының «Қосылу туралы» 2004
жылғы 22 желтоқсандағы №17 Заңы |
Ядролық апат туралы жедел хабарлау туралы конвенция |
Вена, 1986 жылғы 26 қыркүйек |
Қазақстан Республикасының «Ратификациялау туралы» 2010 жылғы 3 ақпандағы №243-IV Заңы. 2010 жылғы 9 сәуірде күшіне енді |
Ядролық апат жағдайындағы немесе радиациялық апат жағдайындағы көмек көрсету туралы конвенция |
Вена, 1986 жылғы 26 қыркүйек |
Қазақстан Республикасының «Ратификациялау туралы» 2010 жылғы 3 ақпандағы №244-IV Заңы. 2010 жылғы 9 сәуірде күшіне енд |
Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісім (ТМД-ға қатысушы-мемлекеттер |
Минск, 1992 жылғы 26 маусым |
Қол қойылған күннен бастап күшіне енді |
Ядролық қаруды таратпау туралы шарт (ЯҚТШ) (Вашингтон, Лондон, Мәскеу, Женева, 1968 жылғы 1 шілде) | 1993 жылғы 13 желтоқсан |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Қосылу
туралы» 1993 жылғы 13 желтоқсандағы №2593-ХІІ
Қаулысы. |
Ядролық қауіпсіздік туралы конвенция |
Вена, 1994 жылғы 17 маусым |
Қазақстан Республикасының «Ратификациялау туралы» 2010 жылғы 3 ақпандағы №245-IV Заңы. 2010 жылғы 8 маусымнан бастап күшіне енді |
Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа Қазақстан Республикасының қосылуына байланысты қауіпсіздік кепілдіктері туралы меморандум |
1994 жылғы 5 желтоқсан | Қол қойылған күннен бастап күшіне енді |
ҚР мен АЭЖХА арасында қол қойылған Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепілдіктерді қолдану туралы келісім |
Алматы, 1995 жылғы 19 маусым |
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы №2344 Жарлығы |
Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт |
Нью-Йорк, 1996 жылғы 30 қыркүйек |
Қазақстан Республикасының «Ратификациялау туралы» 2001 жылғы 14 желтоқсандағы №270 Заңы |
Пайдаланылған отынмен жұмыс істеу қауіпсіздігі және радиоактивті қалдықтармен айналысу қауіпсіздігі туралы біріккен конвенция |
Вена, 1997 жылғы 5 қыркүйек |
Қазақстан Республикасының «Ратификациялау туралы» 2010 жылғы 3 ақпандағы №246-IV Заңы. 2010 жылғы 8 маусымда күшіне енді |
Ядролық терроризм актілерімен күрес туралы халықаралық конвенция (БҰҰ Бас Ассамблеясы 2005 жылғы 13 сәуір) |
Нью-Йорк, 2005 жылғы 14 қыркүйек |
Қазақстан Республикасының «Ратификациялау туралы» 2008 жылғы 14 мамырдағы №33-IV Заңы |
Орталық Азиядағы ядролық қарудан бос аймақ туралы шарт |
Семей, 2006 жылғы 8 қыркүйек |
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қол қою туралы» 2006 жылғы 7 қыркүйектегі №176 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының «Ратификациялау туралы» 2009 жылғы 5 қаңтардағы №120-IY Заңы |
ҚР мен АЭЖХА арасындағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепілдіктерді қолдану туралы келісімге қосымша хаттама |
2007 жыл |
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 ақпандағы №229 Заңы |
1997 жылғы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясы (1997 жылғы 12 қыркүйектегі хаттамамен енгізілген түзетулермен 1963 жылғы 21 мамырдағы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясының жиынтық мәтіні) |
2011 жылдың ақпаны |
Қазақстан Республикасының «Ратификациялау туралы» 2011 жылғы 10 ақпандағы №405-IV Заңы. 2011 жылғы 29 маусымда күшіне енді |