Қазатомөнеркәсіп корпоративтік басқару саласындағы үздік тәжірибелерге сәйкестікке ұмтылады. Корпоративтік басқару рейтингін бағалау тәуелсіз кеңесшілермен әзірленген және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен бекітілген әдістемелердің негізінде жыл сайын өткізіледі. Қазіргі кезде корпоративтік басқару жүйесінің Компанияның Директорлар кеңесімен бекітілген іс-шаралар жоспарына бес бағыт бойынша сәйкестікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде:
2019 жылы KPMG компаниясы дауыс беретін акциялардың 50%нан астамы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-на тиесілі заңды тұлғаларда корпоративтік басқару жүйесін диагностикалау әдістемесінің негізінде Қазатомөнеркәсіптің корпоративтік басқару жүйесіне тәуелсіз диагностика өткізді. Бұл әдістеме «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының 26.09.2016 жылғы № 35/16 шешімімен бекітілді. Бұл әдістеме корпоративтік басқару жүйесін жоғарыда көрсетілген бес бағыт бойынша бағалайды.
2019 жылғы диагностиканың нәтижелері бойынша Компанияға «ВВВ» корпоративтік басқару рейтингі берілді, бұл «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның корпоративтік басқару жүйесін диагностикалау әдістемесіне сәйкес Компанияның корпоративтік басқару жүйесі барлық маңызды аспектілерде белгіленген критерийлердің басым бөлігіне сәйкес келетінін және жүйе тиімді жұмыс істейтіндігінің жеткілікті дәлелі болып табылатынын білдіреді. Диагностиканың нәтижелері бойынша берілген корпоративтік басқару рейтингі Компанияның 2019 жылғы қызметінің басты мақсаттарының нысаналы мәндеріне сәйкес (қызметтің басты көрсеткіші).
Бағалаудың нәтижелері бойынша, Компания 2020 жылға арналған корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі. Жоспар Аудит жөніндегі комитетпен мақұлданып, Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 20 ақпандағы шешімімен бекітілді.
Бұл жоспарды орындау туралы есептер «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Аудит жөніндегі комитеті мен Директорлар кеңесінің қарауына беріледі.
Компания операциялық қызметке белсенді қатыстырылған Корпоративтік орталық болып табылады, онда шикізатты өндіру және қайта өңдеу тиімділігін арттыру бойынша стратегиялық мақсаттың іске асырылуын көрсететін өндірістік үдерістерді басқарудың дивизионалды құрылымы көрініс табады.
Ұйымдық құрылымды қалыптастыру барысында Топтың стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін қажетті Компания қызметінің негізгі бағыттары бойынша мақсатты бизнес-үдерістер ескерілді. Уран және атом өнеркәсібінің салыстырылатын салалық компаниялары бойынша үздік әлемдік тәжірибелер қолданылып, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен акционерлердің талаптары ескерілді.
Компанияның корпоративтік басқару жүйесі қызметті тиісінше басқаруды және бақылауды қамтамасыз етуге, ұзақ мерзімді құнның өсуіне және тұрақты дамуға бағытталған. Корпоративтік басқарудың негізінде тиімділік, жеделділік және ашықтық жатыр.
Компанияның корпоративтік басқару жүйесінің басты міндеттері — қызметтің ашықтығын арттыру, акционерлермен және барлық мүдделі тараптармен тиімді ұзақ мерзімді қарым-қатынасты қолдау. Жүйе келесі қағидаттарға негізделеді:
* Компанияның корпоративтік басқару органдары жүйесіне кіреді:
• Жоғарғы орган – Акционерлердің жалпы жиналысы;
• Басқару органы – Директорлар кеңесі, Акционерлердің жалпы жиналысына бағыныштылықпен;
• Атқарушы орган – Басқарма, Директорлар кеңесіне бағыныштылықпен;
• Ішкі аудит қызметі – Компанияның қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару саласында бағалауды және Компанияның қызметін жетілдіру мақсатында кеңес беруді жүзеге асыратын орган (Директорлар кеңесіне бағыныштылықпен);
• Корпоративтік хатшы – Компанияның Директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының мүшесі болып табылмайтын, Компанияның Директорлар кеңесімен тағайындалатын және оған есепті болып табылатын акционерлік қоғамның қызметкері. Корпоративтік хатшы Компанияның акционерлерінің және Директорлар кеңесінің жиналыстарының дайындалуы мен өткізілуін қадағалайды, Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдардың және Компанияның Директорлар кеңесінің отырысына арналған материалдардың құрылуын қамтамасыз етеді, оларға қолжетімділікті қамтамасыз етуге бақылау жүргізеді (Директорлар кеңесіне бағыныштылықпен);
• Комплаенс қызметі (Директорлар кеңесіне бағыныштылықпен);
• Омбудсмен қызметі (Директорлар кеңесіне бағыныштылықпен).
2019 жылғы 30 мамырда Компанияның тарихында алғаш рет бетпе-бет тәртіпте өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысы Компанияның кеңсесінде өткізілді. Лондон қор биржасы Компанияның Директорлар кеңесі мүшелерінің жиналысқа қатысуына кеңес береді, сондықтан тәуелсіз директорлардың бірі жиналысқа тікелей қатысты, ал Компанияның Директорлар кеңесінің қалған мүшелері конференц-байланыс бойынша қосылды.
Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды:
Сонымен қатар 2019 жылғы 4 желтоқсанда Компанияда акционерлердің сырттай кезектен тыс жалпы жиналысы өтті; күн тәртібіне шығарылған жалғыз мәселе (күн тәртібінің негізгі тармағынан басқа) «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды белгілеу туралы» болды.
Акционерлердің келесі жалпы жиналысы 2020 жылғы 18 мамырға жоспарланып отыр. Жиналыс туралы толық ақпарат 2020 жылдың сәуірінде акционерлерге таратылатын жиналыс туралы хабарландыруда беріледі. Жиналысқа қатыса алмайтын акционерлерге, хабарландыруда көрсетілгендей, сенімхат бойынша дауыс беру ұсынылады. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысты барлық құжаттар Компанияның Интернет-ресурсында «Инвесторлар» бөлімінде қолжетімді.
|
2015 ж. Baa3 |
2016 ж. Baa3 |
2017 ж. Ваа3 |
2018 ж. Ваа3 |
2019 ж. Ваа3 |
|
Қазан ВВВ- |
Желтоқсан ВВВ- |
— |
Қыркүйек ВВВ |
— |
2018 жылдың қарашасында Компания AIX және LSE қор биржаларында өз акциялары мен жаһандық депозитарлық қолхаттарының листингін жүзеге асырды.
2019 жылдың қыркүйегінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ бір жаһандық депозитарлық қолхат үшін 13,00 АҚШ доллары бағасы бойынша қосымша 9 863 021 жаһандық депозитарлық қолхатты орналастырды. Сатудан түскен жалпы сома 128 219 273 АҚШ долларын құрады, оның ішінде 65 299 273 АҚШ доллары AIX арқылы сатудан түсті. Орналастыруға халықаралық және қазақстандық инвесторлар қатысты.
2018 жылдың қараша айында акцияларды алғаш рет жария түрде орналастырған кезде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ AIX және LSE қор биржаларында Қазатомөнеркәсіптің шығарылған акционерлік капиталының шамамен 15%-ын орналастырды. Қосымша орналастырған кезде еркін айналыстағы акциялардың жалпы саны 18,72%-ға дейін ұлғайды.
2019 жылдың қыркүйегінде Қазатомөнеркәсіп 2018 жылдың қазанында шығарылған облигацияларын қайта қаржыландыру мақсатында (НИН KZ2C0M13F960), «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның (KASE) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында облигациялар орналастырды (ISIN KZ2C00006153), соңғы облигациялар 2019 жылғы 27 қыркүйекте мерзімінен бұрын өтелді.
2019 жылғы 30 қыркүйекте Қазатомөнеркәсіп Ұлыбританияда Лондон қаласында орналасқан Лондон қор биржасының алаңында өзінің бірінші Инвестор күнін өткізді. Іс-шараға 100-ден астам қатысушы тіркелді, оның ішінде 40 институционалды инвестор, 29 жеке инвестор (жеке тұлғалар), 43 аналитик немесе басқа санаттың өкілдері. LSE-дегі іс-шаралардан кейін Компанияның Қазақстандағы уран өндіретін кеніштері бойынша екі күндік тур ұйымдастырылды.
Құрал | Валюта | ISIN | Astana International Exchange (AIX) |
Лондон қор биржасы (LSE) |
Қазақстан қор биржасы (KASE) |
Жай акциялар | Теңге | KZ1C00001619 | KAP | — | — |
Жаһандық депозитарлық қолхаттар (ЖДҚ), 1 ЖДҚ 1 жай акцияға сәйкес |
АҚШ доллары |
US63253R2013 | KAP.Y | KAP | — |
Борышкерлік бағалы қағаздар – Облигациялар |
Теңге | ISIN KZ2C00006153 |
— | — | KZAPb2 |
Директорлар кеңесінің мүшелері акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен үш жылға дейінгі мерзімге сайланады және қызмет нәтижелері қанағаттанарлық болған жағдайда үш жылға дейінгі қосымша мерзімге қайта сайлануы мүмкін. Қатарынан алты жылдан асатын Директорлар кеңесіне сайлау мерзімі ерекше қаралуы тиіс. Ерекше жағдайларда тоғыз жылдан астам мерзімге сайлауға жол беріледі, бірақ Тәуелсіз директор қатарынан тоғыз жылдан астам мерзімге Директорлар кеңесіне сайлана алмайды. Сайлау Директорлар кеңесіне осы кандидаттың таңдалу қажеттілігін түсіндіріп, жыл сайын өткізілуі тиіс.
Акционердің өкілі немесе акционер болып табылмайтын және акционер мүдделерінің өкілі ретінде тағайындалмаған (ұсынылған) тұлға ретінде Директорлар кеңесіне сайлау үшін шығарылатын (ұсынылатын) тұлғаның Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға құқығы бар. Директорлар кеңесінде кемінде 6 (алты) мүше болуы тиіс, әрі Директорлар кеңесі құрамының кемінде 30%-ы тәуелсіз директорлар болуы керек.
Директорлар кеңесінің қызметі ұтымдылық пен тиімділік қағидатын негізге ала отырып, жыл сайын әзірленетін жұмыс жоспарына және отырыстарды өткізу кестесіне сәйкес жылына кемінде алты рет жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда, Директорлар кеңесі жұмыс жоспарына енгізілмеген мәселе-лерді қарастыра алады.
2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Директорлар кеңесінің құрамына екі тәуелсіз директорды қоса алғанда, алты тәуелсіз директор кіреді. Директорлар кеңесінің төрағасы тәуелсіз директор болып табылады, бұл миноритарлық акционерлердің құқықтарын сақтаудың кепілі болып табылады. Директорлар кеңесі мүшелерінің тәуелсіздік нормаларына сәйкестік критерийлерін сипаттау Компанияның Интернет-ресурсында орналастырылған Жарғыда және Директорлар кеңесі туралы ережеде келтірілген.
2019 жылдың наурыз және қыркүйек айларында сол сәтте Компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы болған Джон Дудас (жылдық қаржылық есептілік жариялағаннан және Компанияның инсайдерлері үшін сауда-саттық кезеңі ашылғаннан кейін) Компанияның 2 000 және 3 000 ЖДҚ сатып алынды. Тиісті ақпарат қор биржасында орналастырылып, тиісті реттеуші және қадағалаушы органдарға хабарланды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің қалған мүшелерінің Компанияның, үлестес компаниялардың акциялары (Компанияға қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ олар Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.
Компанияның Директорлар кеңесі 2018 жылғы 14 тамызда үш жылдық мерзімге сайланды, ал Компанияның Директорлар кеңесінің қазіргі мүшелерінің өкілеттігі 2021 жығы 14 тамызда аяқталады.
Аты-жөні | Туған жылы |
Лауазымы | Қай кезден Кеңес мүшесі болып табылады |
Джон Дудас | 1959 | Директорлар кеңесінің төрағасы (тәуелсіз) (өкілеттігі 2019 жылғы 6 желтоқсанда тоқтатылған) | 2015 |
Нил Лонгфэллоу | 1958 | Директорлар кеңесінің мүшесі (тәуелсіз) (Директорлар кеңесінің төрағасының міндеттері 2019 жылғы 6 желтоқсаннан бастап жүктелген) | 2017 |
Расселл Бэнхам | 1954 | Директорлар кеңесінің мүшесі (тәуелсіз) | 2018 |
Алик Айдарбаев | 1963 | Директорлар кеңесінің мүшесі (өкілеттігі 2019 жылғы 30 мамырда тоқтатылған) | 2018 |
Алмасадам Сатқалиев | 1970 | Директорлар кеңесінің мүшесі (Директорлар кеңесінің мүшесі болып 2019 жылғы 30 мамырда сайланған) | 2019 |
Бейбіт Қарымсақов | 1962 | Директорлар кеңесінің мүшесі | 2018 |
Қанат Құдайберген | 1979 | Директорлар кеңесінің мүшесі | 2018 |
Галымжан Пирматов | 1972 | Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма төрағасы | 2017 |
Туған жылы: 1959
Азаматтығы: Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі
Білімі: 1984 жылдан бастап Дудас мырза Витватерсранд университетін (Оңтүстік-Африка Республикасы) тау-кен инженериясы бойынша бакалавр дипломымен және қазба ресурстарының экономикасы бойынша магистр дипломымен аяқтаған тіркелген кәсіби тау-кен инженері болып табылады. Дудас мырза сондай-ақ Хериот-Уотт университетінің (Ұлыбритания) іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесіне ие.
Жұмыс тәжірибесі: Дудас мырза өзінің еңбек жолын 1984 жылы Rand Mines Ltd компаниясында бастады және шикізат өнімдерін басқару бойынша әр түрлі басқарушы қызметтерді атқарды, Gencor Ltd және BHP Billiton тәрізді компанияларда жұмыс істеді, онда ол алюминий дивизионының бас директоры болды. 2012 жылдан бастап Дудас мырза халықаралық тау-кен өндіруші және кәсіби сервистік компаниялардың тәуелсіз корпоративтік кеңесшісі болып табылады. 2015 жылдан бастап Компанияның Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі бола отырып, 2018 жылдың тамызында Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. 2019 жылдың желтоқсанында Дудас мырза Директорлар кеңесінің құрамынан шықты.
Туған жылы: 1958
Азаматтығы: Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі
Білімі: Лонгфэллоу мырза дипломды инженер-электрик және Ядролық Институт пен Өлшеу және бақылау институтының мүшесі болып табылады.
Жұмыс тәжірибесі: Лонгфэллоу мырза өз мансабын Біріккен Корольдікте электр техникасы саласында бастады. 1991 жылы ол Батыс Камбриядағы Sellafield ядролық отынды қайта өңдеу зауытында қайта өңдеу бөлімінің бастығы қызметінде жұмыс істей отырып, British Nuclear Fuels Limited-ке қосылды. Содан кейін 2007 жылы басқарушы директордың орынбасары болды. 2009 жылы Лонгфеллоу мырза Westinghouse Electric Company компаниясына Springfields Fuels Limited компаниясының басқарушы директоры және European Fuel Business компаниясының вице-президенті болып тағайындалды. 2013 жылы Лонгфэллоу мырза Ұлыбританияның ядролық, мұнай және газ секторларының ірі жобалары бойынша директор ретінде Costain PLC-ке қосылды. 2015 жылдан бастап Лонгфэллоу мырза Халықаралық ядролық секторда тәуелсіз кеңесші болып табылады. 2019 жылғы 6 желтоқсаннан бастап Лонгфэллоу мырза Директорлар кеңесі төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Туған жылы: 1954
Азаматтығы: Австралия
Білімі: Бэнхэм мырза Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінің коммерция саласында бакалавр дәрежесін алған. Австралия мен Жаңа Зеландияның Дипломдалған бухгалтерлер институтының мүшесі және Австралияның компания директорлары институтының түлегі болып табылады.
Жұмыс тәжірибесі Өзінің мансабын 1974 жылы Австралиялық Andersen операциялық компаниясында аудитор ретінде бастап, онда 2002 жылға дейін жұмыс істеді және соңғы лауазымында аудит бойынша серіктес болды. 2002-2007 жылдары Австралиядағы Брисбенде Ernst &Young компаниясының кон-сультациялық қызметтер бойынша басшысы болды. 2007 жылы Аудит бөлімінің басшысы және Қазақстан, Алматы қаласындағы «Делойт СНГ» Атқарушы комитетінің мүшесі болып тағайындалды. 2011-2014 жылдары Бэнхэм мырза Мәскеуде «Делойт» энергетика және ресурстар салалық тобының көшбасшысы болды. 2014 жылдан бастап бірқатар компаниялардың директорлар кеңестерінде тәуелсіз директор ретінде қызмет атқарған.
Туған жылы: 1963
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі: Айдарбаев мырза техника ғылымдарының кандидаты (Ph.D) дәрежесіне ие және Қ.Сәтпаев атындағы Ұлттық техникалық университетінің құрметті профессоры. Мәскеу қаласында Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Ресей халық шаруашылығы академиясында алған MBA дәрежесі бар.
Жұмыс тәжірибесі: Өзінің барлық мансабында Айдарбаев мырза «Оңтүстікқазмұнайгаз», «Құмкөл-Лукойл» (кейіннен «Торғай Петролеум» ЖАҚ ретінде белгілі), «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да әр түрлі басқарушы қызметтерді атқарды. Ол сондай-ақ 2011-2013 жылдары «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның бас директоры, 2013-2017 жылдары Маңғыстау облысының әкімі, 2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары болды. 2018 жылдың сәуірінен бастап Айдарбаев мырза «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болған. 2018 жылдың қарашасынан бастап «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы қызметін атқарады.
Туған жылы: 1970
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білім: Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика (қолданбалы математика) саласында ғылыми дәрежесі және РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының экономика саласында магистр дәрежесі бар. Сондай-ақ, Назарбаев Университетінде EMBA дәрежесін және Стэнфордском университетінде (Stanford Executive Program) магистра дәрежесін алған.
Жұмыс тәжірибесі Әр түрлі жылдары Сатқалиев мырза «Тассат» ЖШС-де, «ҚазТрансОйл» АҚ-да, «Самұрық» АҚ-да және «KEGOC» АҚ-да басқарушы лауазымдарды атқарған. 2007 жылы Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің вице-министрі болып тағайындалды. 2012-2018 жылдар аралығында «СамұрықЭнерго» АҚ-ның Басқарма төрағасы міндетін атқарды. Қазіргі кезде Сатқалиев мырза «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның активтерді басқару және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры болып табылады. 2019 жылдың мамырында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Туған жылы: 1962
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі: Алматы халық шаруашылығы институтын «Экономикалық ақпаратты механикаландырылған өңдеуді ұйымдастыру» мамандығы бойынша және Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Жұмыс тәжірибесі: «Тянь-Шань» кооперативінде есепші, Қордай аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2003 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта Алматы қаласының салық құрылымдарында басшы лауазымдарда жұмыс істеді. 2015 жылдың тамызында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды. Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болып табылады. 2018 жылдың сәуірінде Қарымсақов мырза «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Туған жылы: 1979
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі: MBA «Халықаралық басқару», Geneva Business School және МВА «Тау-кен ісі саласындағы менеджмент», НИТУ Мәскеу болат және қорытпалар институтының дипломдарына ие.
Жұмыс тәжірибесі: Құдайберген мырза өзінің мансабын 2001 жылы Жетісу көлік прокуратурасында аға прокурордың көмекшісі ретінде бастады. Өз кәсіби қызметінде әр түрлі лауазымдарда міндет атқарды, 2007-2016 жылдар аралығында «Саудакөлік компаниясы» ЖШС-де жұмыс істеді, заң бөлімінің жетекші маманы, бас менеджер — заң бөлімінің бастығы, бас директордың орынбасары, бас директордың бірінші орынбасары және бас директор лауазымдарын қоса алғанда әр түрлі басқарушы қызметтерде болды. 2016-2018 жылдары ол «Қаратау» ЖШС бас директоры болып жұмыс істеді. 2018 жылдың сәуірінен бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның уран өндіру дивизионының басқарушы директоры, сондай-ақ «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның Басқарма төрағасы болып табылады.
Туған жылы: 1972
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі: Пiрматов мырза Новосибирск мемлекеттік университетін «Механика, қолданбалы математика» мамандығы бойынша, Қазақстанның экономика менеджменті және стратегиялық зерттеулер институтын (КИМЭП), Аткинсон атындағы Уилламетт университетінің жанындағы Жоғары менеджмент мектебін және INSEAD-те көшбасшылықты дамыту бағдарламасын аяқтаған.
Жұмыс тәжірибесі: Әр жылдары «Алтын-Тас» БК қаржы директоры, AIG Silk Road Capital Management инвестициялары жөніндегі директор, Украинада AES компанияларының Қаржылық және коммерциялық директоры, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Инвестициялық банкинг департаментінің директоры – басқарушы директоры қызметтерін атқарған. 2007-2009 жылдары — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вицеминистрі, 2009-2011 жылдары — «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті, Басқарма төрағасының орынбасары, 2011-2015 жылдары — Cameco Kazakhstan компаниясының президенті болды. 2015 жылғы желтоқсаннан бастап Пiрматов мырза ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2017 жылғы тамыздан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Басқарма төрағасы болып табылады.
Басқарма Қазатомөнеркәсіптің алқалы атқарушы органы болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Жарғыға, Корпоративтік басқару кодексіне және Басқарма туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады. Бұл құжаттарда Басқарманың рөлі мен есеп берушілігі, Басқарма мүшелерінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі туралы ақпарат қамтылады. Қазатомөнеркәсіптің дамуына, іскерлік қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайына толық шолу Басқарманың тоқсан сайынғы есептерінде көрсетіледі.
Басқарма атқарушы орган ретінде Компанияның ағымдағы қызметіне басшылық етеді және заңнамамен және/немесе Компанияның Жарғысымен басқа органдардың немесе Компанияның лауазымды тұлғаларының құзыретіне жатқызылмаған Компания қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешім қабылдайды.
Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 26 маусымдағы шешімімен (№ 7/19 хаттама) Басқарманың ағымдағы құрамы 7 (жеті) адам көлемінде белгіленді. Қазатомөнеркәсіптің Басқармасы Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 29 тамыздағы (6/17 хаттама), 2018 жылғы 8 ақпандағы (№ 1/18 хаттама) және 2019 жылғы 26 маусымдағы (№ 7/19 хаттама) шешімдерінің негізінде жалпы Қазатомөнеркәсіптің Басқармасының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі өкілеттік мерзімімен мынадай құрамда сайланды:
Аты-жөні | Туған жылы |
Қызметі | Топқа қосылған жылы |
Ғалымжан Пірматов | 1972 | Басқарма төрағасы | 2009 |
Дәурен Құнанбаев | 1967 | Өндіріс жөніндегі бас директор | 2011 |
Бауыржан Ыбыраев | 1958 | ЯОЦ және атом энергетикасы жөніндегі бас директор | 2001 |
Мейіржан Юсупов | 1979 | Экономика және қаржы жөніндегі бас директор | 2010 |
Риаз Ризви | 1972 | Стратегия және маркетинг жөніндегі бас директор (Коммерциялық директор) |
2017 |
Біржан Дүйсембеков | 1971 | Бизнесті қамтамасыз ету жөніндегі бас директор | 2017 |
Бексұлтан Бекмұратов | 1986 | Трансформация және ақпараттық технологиялар жөніндегі бас директор | 2018 |
Туған жылы: 1972
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі: Новосибирск мемлекеттік университеті «Механика, қолданбалы математика» мамандығы бойынша, Қазақстанның экономика менеджменті және стратегиялық зерттеулер институты (КИМЭП), Аткинсон атындағы Уилламет университетінің жанындағы Жоғары менеджмент мектебі және INSEAD-те көшбасшылықты дамыту бағдарламасы.
Жұмыс тәжірибесі: Әр жылдары «Алтын-Тас» БК-ның қаржы директоры, AIG Silk Road Capital Management инвестициялары жөніндегі директоры, Украинада AES компанияларының Қаржылық және коммерциялық директорының, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Инвестициялық банкинг департаментінің директоры – Басқарушы директоры қызметтерін атқарған. 2007-2009 жылдары — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вицеминистрі, 2009-2011 жылдары — «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті, Басқарма төрағасының орынбасары, 2011-2015 жылдары — Cameco Kazakhstan компаниясының президенті болды. 2015 жылғы желтоқсаннан бастап Пiрматов мырза ҚР Ұлттық банкі бөрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2017 жылғы тамыздан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Басқарма төрағасы болып табылады.
Туған жылы: 1967
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі: М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университеті «Саяси экономия» мамандығы бойынша, «МИСиС» Ұлттық технологиялық зерттеу университеті «Іскерлік әкімшілік магистрі» дәрежесімен.
Жұмыс тәжірибесі: «Қазшарг» БК-да, «Генералэкспорт» өкілдігінде, «Отрар» АҚ-да, «Банк Тұран Әлем» ЖАҚ-та, «Қазақстан темір жолы» АҚ РМК, «ҚазМұнайГаз» СҮ ЖАҚ-та, «Dala Group» ЖШС-де, «Транко» АҚ-да, «Петропавловск құбыр зауыты» ЖШС-де басшылық қызметтерді атқарған. Сонымен қатар мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеген, 1999-2001 жылдары – ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің Кеден басқармасының бастығы, 2002-2004 жылдары – ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің Кеден комитеті төрағасының орынбасары, 2004-2005 жылдары – ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі аппаратының басшысы. 2011 жылдан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес кәсіпорындарын – «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС және «Бетпақ Дала» ЖШС басқарған. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да 2014 жылдың желтоқсанынан бастап Өндіріс жөніндегі бас директор қызметінде, ал 2018 жылдың шілдесінен бастап 2019 жылдың маусымына дейін – «Уран өндіру» дивизионы директорының басқарушысы қызметінде жұмыс істеген.
Туған жылы: 1958
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі: С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетін бітірген. Физика-математика ғылымдарының докторы дәрежесі бар, ҚР Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академия-сының академигі болып табылады.
Жұмыс тәжірибесі: Еңбек жолын 1983 жылы ҚазКСР-де ҒА Ядролық физика институтының кіші ғылыми қызметкері болып бастаған. ӘлФараби атындағы ҚазМУ-нің аға оқытушысы, доцент, оптика және плазма физикасы кафедрасының меңгерушісі, физика факультеті директоры орынбасарының қызметін атқарды. 1996 жылы Берлин нейтрондық зерттеулер орталығында АЭЖХА желісі бойынша тағылымдамадан өтті (BER-2 реакторындағы жұмыстар), ал 1999 жылы эксперименттік теориялық физика ҒЗИ (ЭТФ ҒЗИ) директоры қызметіне ауысты. 2001 жылдан бастап Ыбыраев мырза «№6 Кеніш басқармасы» компаниясының филиалын, сондай-ақ «МАЭКҚазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің еншілес кәсіпорындарын, «Тау-кен компаниясы» ЖШС, «Кең Дала.kz» және «Орталық» ЕК ЖШС басқарды.
Туған жылы: 1979
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі: Таяу Шығыс Техникалық Университетін «Экономика және басқару» мамандығы бойынша; экономикалық дамуды басқару саласындағы ғылым магистрі дәрежесімен Лондон экономика мектебі; Мемлекеттік басқару магистрі дәрежесімен Гарвард университеті.
Жұмыс тәжірибесі: Еңбек жолын «Туркуаз» компаниялар тобында маркетинг және ішкі аудит департаменті директорының орынбасары ретінде бастаған. 2003-2009 жылдары «Демир Қазақстан Банкі» АҚ-да жұмыс істеді және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да әр түрлі қызметтерді атқарды. 2009-2010 жылдары Юсупов мырза ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 2010 жылы Компанияға Корпоративтік қаржы және қазынашылық департаментінің директоры болып келді. 2015 жылы Компанияның Экономика және қаржы жөніндегі бас директоры болып тағайындалды.
Туған жылы: 1972
Азаматтығы: Нидерланды
Білімі: Кингс-колледжін іскерлік әкімшілік ету бакалавры дәрежесімен және Нинроде университетін іскерлік әкімшілік ету саласындағы магистр және доктор дәрежесімен.
Жұмыс тәжірибесі: Ризви мырза өз мансабын Өзбекстандағы Multi-Family Office (ауқатты отбасылардың капиталын сенімгерлік басқару жөніндегі компания) өкілдігінің басшысы ретінде бастады. Ол, сондай-ақ, Грузиядағы өкілдіктің басшысы, Босния және Герцеговина бойынша Independent Bureau for Humanitarian Issues (Гуманитарлық Мәселелер бойынша Тәуелсіз Бюро) жобалық менеджері болып қызмет атқарды, 1999-2001 — Enron Europe Limited (көмір) қызметінің жаңа бағытының басшысы болды, 2001-2004 жылдары — American Electric Power компаниясы қызметінің жаңа бағытының басшысы; 2004-2009 жылдары — Constellation Energy Commodities Group компаниясының тең құрылтайшысы қызметін атқарды. 2009-2016 жылдары Ризви NuCap Limited тең құрылтайшысы қызметін атқарды. 2017 жылдың наурызынан бастап Компанияда жұмыс істейді.
Туған жылы: 1971
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі: Алматы қ. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты «Пайдалы қазбалар кен орнын жерасты игерудің технологиясы және кешенді механикаландыру» мамандығы бойынша, біліктілігі «Тау-кен инженері». 2006 жылы Атырау Мұнай және газ институтын «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Жұмыс тәжірибесі: Еңбек жолын «Алматыметроқұрылыс» тресінің шахталық бетінде 3-дәрежелі тау-кен жұмысшысы болып бастады. Әр жылдары «Өзенмұнайгаз» ААҚ, «Ембімұнайгаз» ААҚ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «Kazyna Capital Management» АҚ, «Қазгермұнайгаз БК» ЖШС, «АқтауМұнайСервис» ЖШС, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ Қоры тобының басқа ұйымдарында және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде басшылық қызметтерін атқарды. 2017 жылдың қазан айынан бастап Компанияда жұмыс істейді.
Туған жылы: 1986
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі: Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті, біліктілігі «Инженер».
Жұмыс тәжірибесі: 2011-2013 жылдары Бекмұратов мырза Shell компаниясында ҚТ бойынша кеңесші қызметін атқарған. Бұдан басқа, 2014–2018 жылдары Бекмұратов мырза «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да Трансформациялау бойынша жобаның менеджері болып жұмыс істеген. 2018 жылдың ақпанынан бастап Бекмұратов мырза Компанияда Трансформация және ақпараттық технологиялар жөніндегі бас директор қызметін атқарады.
Көрсеткіш | 2018 жыл | 2019 жыл | Ауытқу 2019–2018 |
Бетпе-бет отырыстардың саны | 37 | 42 | 13% |
Бетпе-бет отырыстарда қаралған мәселелердің саны (күн тәртібінен тыс қаралған мәселелерді қоса алғанда) |
288 | 452 | 57% |
Сырттай отырыстарда қаралған мәселелердің саны |
534 | 230 | –56% |
Компанияның тәуекелдерді басқарудың қолданыстағы жүйесі 2010 жылы құрылды және сол кезден бері Компанияның қызметі мен Даму стратегиясының негізін қалаушы элемент болып табылады. Компанияның менеджменті тәуекелдерді нақты және уақтылы анықтау, бағалау, мониторинг жасау және оған ден қою басқарудың барлық деңгейлерінде тиімді шешім қабылдауға және Компания қызметінің стратегиялық мақсаттары мен негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне сенімді.
Жүйенің басты құрылымдық бөлімшесі Тәуекел-менеджмент департаменті болып табылады, ол тәуекелдерді басқару бойынша бүкіл жұмысты әдіснамалық сүйемелдеу және үйлестіру үшін жауап береді. Компания Басқармасы жанындағы Тәуекелдерді басқару жөніндегі комитет тәуекелдерді басқару бойынша негізгі мәселелерді алдын ала қарайды, мақұлдайды немесе келіседі. Компанияның ЕТҰ деңгейінде тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыруға жауапты жеке құрылымдық бөлімшелер жұмыс істейді немесе тәуекел-менеджерлер тағайындалады.
Тәуекелдерді басқару жүйесінің құрылымы, қатысушылары және олардың өкілеттіктері туралы толық ақпарат Компанияның интернет-ресурсында орналастырылған Тәуекелдерді басқару саясатында келтірілген, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның тәуекелдерді басқару саясатын» қараңыз.
Барлық негізгі бөлімшелер мен мүдделі тараптардың тартылуының, сондай-ақ Компанияның Директорлар кеңесі, Басқармасы мен бөлімшелері арасында тәуекелдерді басқару барысында тиімді ақпарат алмасудың арқасында құрылатын Компаниядағы тәуекел-мәдениет Компанияның тәуекелдерді басқару жүйесінің негізі болып табылады.
Тәуекелдерді басқару жүйесінің сапасын үнемі арттыру мақсатында, тәуекелдердің иелері болып табылатын бөлімшелердің басшылары мен басқа да қызметкерлері үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау бойынша корпоративтік оқыту ұйымдастыры¬лады, жыл сайын кәсіпорындарда тәуекелдерді басқаруға жауапты қызметкерлермен өзекті проблемалар бойынша дөңгелек үстел өткізіледі.
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі «үш қорғаныс желісі». моделінің негізінде құрылған.
2019 жылы Тәуекел-менеджмент департаменті еншілес және тәуелді ұйымдардың мүлкін сақтандыру бойынша жұмысты үйлестіруді бастады. Бұрын Компанияның мүлкін сақтандырумен Корпоративтік қаржы департаменті айналысатын. Тәуекел-менеджмент департаменті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның ережелеріне сәйкес сақтандыру/қайта сақтандыру корпоративтік бағдарламасына еншілес және тәуелді ұйымдарды қосу бойынша жұмысты бастады. Жұмыс Қордың белгілеген сақтандыру брокерлерінің қатысуымен жүргізіледі.
2019 жылдың маусымында Компания Басқармасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да сақтандыру қорғанысын ұйымдастыру бойынша ережелерді әзірлеп бекітті. Мүлікті сақтандыру бойынша өткізілетін жұмыс өндіруші кәсіпорындарда шоғырландырылды. Кәсіпорындарды бір сақтандыру бағдарламасына (пул) біріктіру арқылы қалыптасатын ауқым есебінен Компания қайта сақтандыру ұйымдарымен неғұрлым тиімдірек әрекеттесе алады деп күтілуде.
Сондай-ақ, 2019 жылы Компанияда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-дағы инвестициялық жобалардың тәуекелдерін бағалау және талдау жөніндегі нұсқаулық әзірленді («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқармасының 02.07.2019 жылғы шешімімен бекітілді), Банктерге лимит қою және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ банктерінің тізімін анықтау ережелері өзектендірілді (Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің 26.06.2019 ж. шешімімен бекітілді).
Бұған қоса, Компанияда және оның еншілес және тәуелді ұйымдарында қызмет үздіксіздігін басқару жүйесі қолданылады, оның шеңберінде Компания қызметінің үздіксіздік жоспары жыл сайын тестіленіп тұрады.
2019 жылдың желтоқсанында Компания қызметінің үздіксіздік жоспары тестіленді, оның қорытындысы бойынша 2020 жылы қызметтің үздіксіздігі бойынша ішкі нормативтік құжаттар өзектендіріледі.
Компанияның 2020 жылы тәуекелді басқару жүйесін дамытуға арналған жоспары мынадай іс-шараларды қамтиды:
COSO әдіснамасына сәйкес Компанияның барлық сәйкестендірілген тәуекелдері бес негізгі санатқа бөлінген: стратегиялық, қаржылық, операциялық, инвестициялық және құқықтық.
Компанияда жыл сайынғы негізде еншілес және тәуелді ұйымдардың тізілімдері мен тәуекелдер карталары бекітіледі. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның тәуекелдер картасы ықпал ету және ықтималдық аймақтарына бөлінген.
Код | Тәуекелдің сипаттамасы |
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР (S) | |
C-1 | Уран бағасының құбылмалығы және уранды сату бағасының жоспарланған бағадан төмендеуі |
C-2 | Әлеуметтік шиеленістің өсуі |
C-3 | Қоғамның активтерін қайта құрылымдау жоспарының орындалмауы |
C-4 |
Шетелдік активтердің тәуекелі |
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР (О) | |
О-1 | Уран өнімін сату жоспарын орындамау |
О-2 | Қоймадағы U3O8 дайын өнімі қорларының жоспарланған деңгейден ұлғаюы |
О-3 | Уран өндірудің жоспарланған көлемін және (немесе) уран өнімін өндіру көлемін (УЖК) орындамау |
О-4 | Өнім мен қызметтердің өзіндік құнының жоспарланған деңгейден ұлғаюы |
О-5 | Білікті персоналдың тапшылығы немесе төмен біліктілік |
О-6 | Комплаенс-тәуекел |
О-7 | Трасформациялаудың ірі инвестициялық жобалары бойынша жоспарланатын іс -шараларды уақтылы орындамау (ЕРП және ИЖЖ) |
О-8 | Өндірістік жарақат |
О-9 | Қызметкерлердің немесе үшінші тұлғалардың жауапсыз әрекеттерінен Қоғам кәсіпорындарының тобына экономикалық залал келтірілуі |
О-10 | Ақпараттық қауіпсіздіктің төмендеуі |
О-11 | ҮМЗ-ның бериллий, тантал, ниобий және басқа өнімдерін өндірудің/сатудың жоспарланған көлемін орындамау |
О-12 | Экологиялық тәуекел |
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР (L) | |
Қ-1 | Заңнаманы орындамаудың/әрқилы түсіндірудің құқықтық салдарының орын алуы |
ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР (F) | |
Қ-1 | Өтімділік тапшылығы |
Қ-2 | Банк-контрагенттерге қатысты кредиттік тәуекел |
Қ-3 | Құқықтық кепілдік нысаны жоқ міндеттемелер мен берілген кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындамау |
Қ-4 | Валюталық тәуекел |
Қ-5 | Пайыздық тәуекел |
Қ-6 | Кредиттік және кепілдікті келісімдер бойынша ковенанттарды орындамау |
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР (І) | |
И-1 | Қазақстан Республикасында ТВС өндірісі бойынша жоспарланатын көрсеткіштерге жетпеу |
И-2 | Өндіретін кәсіпорындарды оңтайландыру жобасының көрсеткіштеріне жетпеу – Цифрлы кеніш |
И-3 | «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ны трасформациялау Жол картасының талаптарына сәйкес жобалардың дер кезінде іске асырылмауы |
Төмендегі кестеде Компанияның негізгі тәуекелдері және оларды төмендету бойынша шаралар көрсетілген.
Тәуекел | Атауы | Іс-шаралар |
C-1 | Уран бағасының құбылмалығы және уранды сату бағасының жоспарланған бағадан төмендеуі |
|
C-2 | Әлеуметтік шиеленістің өсу |
|
C-3 | Компания активтерін қайта құрылымдау жоспарының орындалмауы |
|
C-4 | Шетелдік активтердің тәуекелі* |
|
О-1 | Уран өнімін сату жоспарын орындамау |
|
О-8 | Өндірістік жарақат |
|
О-12 | Экологиялық тәуекел |
|
Қ-2 | Контрагент банктерге қатысты кредиттік тәуекел |
|
И-2 | Қазақстан Республикасында ТВС өндірісі бойынша жоспарланған көрсеткіштерге жетпеу |
|
Компаниядағы ішкі бақылау жүйесі қызметінің үш негізгі саласы бойынша тәуекелдердің алдын алуға, оның ішінде қаржылық және басқарушылық есептілікті құруға, ішкі құжаттар мен заңнама талаптарын орындауға, сондай-ақ операциялық қызмет аясындағы үдерістердің нәтижелілігін арттыруға бағытталған.
Компанияда ішкі бақылау жүйесі үдеріс тәуекелдеріне жылдам жауап қайтара алатын, негізгі және қосалқы үдерістер мен күнделікті операцияларға бақылау жүргізетін алатын басқару жүйесін құруға бағытталған, ол «Ішкі бақылау — Интеграцияланған модель» COSO моделіне сәйкес құрылған және өзара тәуелді бес құрауыштан тұрады:
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның ішкі бақылау жүйесінің ережелері Компанияның интернет-ресурсында орналастырылған, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның ішкі бақылау жүйесінің ережелерін» қараңыз.
Ішкі бақылау жүйесі шеңберінде Компания тұрақты негізде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
Қазатомөнеркәсіптің өндірістік қызметінің тиімділігін, бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық әлеуетін арттыру, сондай-ақ өнім сапасын жақсарту Компанияның техникалық реттеу, стандарттау, метрология сынау, сапаны басқару, сертификаттау және аккредиттеу саласындағы еншілес және тәуелді ұйымдардың қызметін жетілдіру, бақылау және мониторингтеу арқылы жүзеге асырылады.
Компанияның Даму стратегиясының мақсатына жету үшін шығарылатын өнімнің сапасын бақылау және растау барысында қолданылатын бірыңғай тәсіл «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның техникалық реттеу, стандарттау, метрология сынау, сапаны басқару саласында уран өндіретін кәсіпорындардың сапасының инфрақұрылымын дамытуға бағытталған Саясатын іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі. Дамыған сапа инфрақұрылымының нәтижесі өнімнің мәлімденген техникалық сипаттамалары расталғандығының, ал тұтынушылардың (нарықтың) талаптары толығымен орындалғандығының кепілдігі болып табылады. Қазатомөнеркәсіптің нарықтағы орнын ілгерілету үшін дайын өнім мен оның қаптамасының сапасы, оқыс оқиғаларсыз уақтылы тасымалдануы маңызды. Сондықтар 2020 жылы осы бағыттағы жұмыс күшейтілмек.
Сапаны қамтамасыз ету жүйесін дамыту аясында Қазатомөнеркәсіп келесі жұмыстарды орындауды жалғастырып келеді:
Компанияда тәуелсіз Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – ІАҚ) жұмыс істейді, ол тікелей Директорлар кеңесіне бағынады. Директорлар кеңесі ІАҚ көлемін, қызметкерлердің сыйақы мөлшерін белгілейді, ішкі аудиттің саясаты мен рәсімдерін, сондай-ақ жылдық аудиторлық жоспар мен бюджетті бекітеді.
2019 жылы ІАҚ қызметінің негізгі көрсеткіштері:
ІАҚ корпоративтік басқару үдерістерін бағалау және жетілдіру, тәуекелдерді басқару және Топтың ұйымдарында бақылау өткізу үшін жүйелендірілген, бірізді және тәуекел-бағдарламаланған тәсілді қолданады.
ІАҚ өз қызметінде Халықаралық ішкі аудит стандарттарын қолданады және ішкі аудиторлардың Әдеп кодексін орындайды.
ІАҚ қызметінің нәтижелерін Аудит жөніндегі комитет тұрақты талқылап, бағалап отырады.
2020 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспар құрылды, онда: Директорлар кеңесі мүшелерінің күтуі, стратегиялық жобалар, менеджмент сәйкестендірген тәуекелдер, сондай-ақ 2019 жылғы аудит нәтижелері қамтылды.
2020 жылы ІАҚ қызметінің Халықаралық ішкі аудит стандарттарына сәйкестігіне сыртқы бағалау өткізу жоспарланып отыр, оның нәтижелерін Директорлар кеңесі қарайды.
2019 жылғы 4 желтоқсанда өткен кезектен тыс Акционерлердің жалпы жиналысының нәтижелері бойынша Акционерлердің жалпы жиналысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2020, 2021 және 2022 жылдарға арналған Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша шоғырландырылған және жеке қаржылық есептіліктерге аудит өткізу үшін аудиторлық ұйым ретінде «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС-ні белгілеу туралы шешім қабылдады. 2020-2022 жылдарға арналған аудит шарты бойынша аудиторлық қызметтер үшін төлемнің жалпы көлемі, ҚҚС қоса есептелгенде, 917 150 976 (тоғыз жүз он жеті миллион жүз елу мың тоғыз жүз жетпіс алты) теңгені құрайды.
2020-2022 жылдары аудит өткізу шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ үшін жылына бір рет Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарындағы өзгерістер саласында семинар өткізу көзделген. Сонымен қатар «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС-мен жасалған шарттың аясында Компанияның 5 қызметкері ACCA DipIFR, CIMA сертификаттаулары бойынша оқудан өтеді.
Компанияда Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 19 ақпандағы отырысында Компанияның Интернет-ресурсында жарияланған аудиторлық ұйымдардың қызметін пайдалану саласындағы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның жаңартылған саясаты бекітілді. Бұл Саясат аудит бойынша серіктесті ауыстыру тұрғысынан өзектендірілді, енді мұнда аудит бойынша серіктес бұл позицияда бес жыл қатарынан болғаннан кейін, онда қалу мерзімін қосымша екі жылға дейін ұзарту мүмкіндігі қарастырылды, бірақ аудит бойынша серіктес аталған позицияда жалпы есеппен жеті жылдан артық қалмауы керек. Осындай шешім қабылданған жағдайда, Компания шешімді акционерлер үшін баспасөз хаттамасы түрінде жариялап, оның тиісті себептерін түсінідіріп береді.
Аудиторды оның тәуелсіздігіне ықпал етуі мүмкін қызметтерді көрсетуге тарту Аудит жөніндегі комитеттің алдын ала мақұлдауын талап етеді. Осындай кез келген әлеуетті қызметтер үшін Аудиторлық фирма «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на мақұлдауды алу Аудитордың тәуелсіздігіне неліктен қауіп төндірмейтінін түсіндіретіндей негіздеме ұсынуы тиіс. Компанияның Аудиторлық ұйымдардың қызметін тарту саласындағы Саясатына сәйкес Топқа көрсетілетін аудиторлық емес қызмет үшін сыйақының жиынтық сомасы шектеулі болады және Топтың соңғы үш қаржылық жыл қатарынан аудит үшін төлеген сыйақысының орташа сомасынан 70%-дан аспауы керек. Аудит жөніндегі комитеттің аудиторлық фирма көрсететін аудиторлық емес қызметіне қатысты қабылданған шешімдері Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесіне мәлімет беру үшін тапсырылады.
2019 жылы Топтың аудиторлық емес қызметтер үшін төлеген төлемінің жалпы мөлшері, ҚҚС қоса есептегенде, 80,6 млн теңгені құрады.
Аудитордан алынған аудиторлық емес қызметтер, Аудитордың тәуелсіздігін нақты немесе болжамды жоғалту Компанияның аудиторлық фирмадан осындай қызметтерді алудан бас тартуы немесе Компанияның аудиторлық фирманың оның қаржылық есептілігінің аудиті бойынша қызметтерін алудан бас тартуы арқылы ғана қолайлы деңгейге дейін азайтылуы мүмкін мүдделер қақтығысына әкеп соқтыруы мүмкін. Аудиторлық қызметпен байланысты емес жағдайлар туралы толығырақ Аудиторлық ұйымдардың қызметін тарту саясатының 9.4-тармағын қараңыз.
Компания өзі жұмыс істейтін әлеуметтік және экономикалық орта транзакциялардың сенімділігі мен әділдігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мүдделі тараптардың шешім қабылдауы үшін шынайы ақпарат беру есебінен жақсарғанын мойындайды. Осылайша, мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу және сенімді ішкі корпоративтік қарым-қатынасты құру барысында істі ашық түрде жүргізу қажетті фактор болып табылады.
Компанияның барлық қызметкерлері жұмысқа қабылданған кезде және Кодекстің ережелеріне өзгерістер енгізілген кезде, Әдеп және комплаенс кодексімен таныстырылады. Комплаенс бөлімшесі жаңа қызметкерлерге нұсқамалық өткізіп, welcome-тренинг, шеберлік-кластары аясында комплаенс қағидаттарын түсіндіреді және корпоративтік журналда комплаенс айдарын жүргізеді. Әдеп және комплаенс кодексі ережелерінің ұғынылуы мен орындалуы персоналды мерзімді тестілеу арқылы тексеріледі.
Компания өзінің Интернет-ресурсында орналастырылған Әдеп және комплаенс кодексінде (Әдеп және комплаенс кодексі) көзделген корпоративтік әдептің жоғары стандарттары мен қағидаттарын ұстанады.
2019 жылы Компания басшылығына және комплаенс-тәуекелдерге тәуелді үдерістерге қатысатын қызметкерлерге арналған оқулар, Топ кәсіпорындарының өкілдері мен басшылығы үшін түсіндірулер өткізілді.
Компанияда Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Корпоративтік дауларды және мүдделер шиеленісін реттеу ережесі қолданылады, бұл ереже корпоративтік даулардың және мүдделер шиеленісінің пайда болу себептерін және олардың алдын алу шараларын белгілейді, сондай-ақ дауларды реттеу бойынша іс-шаралар аясында Компания органдарының қызметін регламенттейді.
Осы шара аясында Компания 2020 жылы Компанияның барлық қызметкерлері үшін мүдделер шиелесінін мағлұмдауды іске қосты. Осындай мағлұмдаумен еншілес кәсіпорындарды да қамту жоспарланып отыр.
Компания инсайдерлік ақпаратқа иелік етуге және оны пайдалануға бақылау жүргізеді, инсайдерлер жасаған мәмілелер туралы қор биржаларына хабарлайды, инсайдерлік мәмілелердің алдын алуға көмектеседі.
Еңбек даулары немесе шиеленістері туындаған жағдайда, даудың нақты мәселелері еңбек заңнамасына сәйкес шешіледі. Сонымен қатар туындаған алауыздықты реттеуге мүмкіндік беретін еңбек дауларын шешудің медиативті әдісі де қолданылады.
Компания бәсекелестікке ұмтылады және өз Әдеп кодексінде қызметтің бәсекелестікке қарсы әдістері серіктестерге залал келтіріп, нарық жұмысын қиындатады және серіктестік қатынас негізінде жатқан сенімді бұзу арқылы оған елеулі залал келтіреді деп көрсетеді.
2011 жылдан бастап Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесімен Омбудсмен тағайындалады.
Омбудсмен туралы ережеге сәйкес Омбудсменнің негізгі функциялары мыналарды қамтиды:
Қызметінің нәтижелерін бағалайтын Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесіне өткізілген жұмыс нәтижелері туралы есепті белгіленген тәртіпте кемінде жылына бір рет тапсыру Омбудсмен міндеттерінің бірі болып табылады.
2019 жылы Омбудсмен 15 сауалды қарады, оның ішінде 5-уі анонимді болды. Сауалдар әлеуметтік қолдау көрсетуге, бос орындарға конкурстық іріктеу шарттарына, сондай-ақ қызметкерлердің әдепсіз мінез-құлқына және т.б. қатысты болды. Қарау нәтижелері бойынша мәлімдеушілерге түсініктемелер беріліп, мәселені шешуде көмек көрсетілді. Барлық сауалдар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қаралды.
2019 жылы Қазатомөнеркәсіпте 2018 жылғы комплаенс-тәуекелдерді тәуелсіз бағалау және Компанияда комплаенс функциясын жетілдіру бойынша берілген ұсыныстардың нәтижесі бойынша корпоративтік дауларды және мүдделер қақтығысын реттеу, жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы әрекет ету, инсайдерлік ақпаратқа иелік ету және пайдалану тәрізді салаларда комплаенс-тәуекелдерді барынша азайтатын рәсімдер енгізілді.
Компанияда әдеп нормаларын бұзу туралы хабарламаларға арналған «қызу желі» жұмыс істейді. «Қызу желінің» әкімшісі сыртқы өнім беруші болып табылады, бұл жүгінулердің тәуелсіздігін қамтамасыз етеді және анонимді жүгінуді қоса алғанда, құпия ақпараттандыруға мүмкіндік береді. Компанияның ҚР заңнамасының немесе Компанияның ішкі нормативтік құжаттарының нормаларын бұзудың алдын алуға және болдырмауға бағытталған іс-қимылдары бірқатар құжаттармен регламенттеледі, олардың ішіндегі ең бастысы – Құпия ақпараттандыру саясаты.
2019 жылы «қызу желі» арқылы келіп түскен 38 сауал қаралды. Сауалдардың бірдей үлесі сатып алу және кадрлық мәселелерге қатысты болды. Сауалдардың 10%-ы өзге мәселелерге жатқызылды. Есептік кезеңдегі барлық сауалдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мерзімде қаралды.
Компанияның Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Әдеп және комплаенс кодексі мүдделер қақтығысының пайда болу негіздерін, олардың алдын алу шараларын белгілейді. Сонымен қатар Компанияда корпоративтік даулардың, мүдделер қақтығысының туындау себептерін, алдын алу рәсімдерін белгілейтін, сондай-ақ Компания органдарының қызметін оларды реттеу шараларының аясында регламенттейтін, Компанияның Директорлар кеңесімен бекітілген Корпоративтік даулар мен мүдделер қақтығысын реттеу ережесі қолданылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпе Компанияның барлық шарттарына енгізілетін мүдделер қақтығысының тәуекелін барынша азайтудың және жемқорлықтың алдын алудың қосымша құралы болып табылады.
Компанияда сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы әрекет ету бойынша жаңартылған Саясат бекітілді, ол Компания қызметінің негізгі бағыттарын және лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы әрекет ету бойынша мінез-құлқының жалпы ережелерін белгілейді. Жаңартылған Саясат қолданыстағы заңнаманың, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Парақорлық туралы» Ұлыбританияның заңының, қолданыстағы өзге де халықаралық заңнаманың, Әдеп және комплаенс кодексінің, Корпоративтік басқару кодексінің және Компанияның басқа да ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын есере отырып әзірленді.
Сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы әрекет ету жүйесі Компанияда келесі қағидаттардың негізінде құрылды: