УӘДЕЛЕРДІ ОРЫНДАП
ҚҰН ҚҰРА ОТЫРЫП
БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП
2019
Есептің мақсаты мен шектері
Осы біріктірілген есептің мақсаты оқырманды біздің қызметіміздің барлық маңызды жақтары туралы хабардар ету болып табылады. «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі — Қазатомөнеркәсіп немесе Компания) инвесторларға және басқа да мүдделі тараптарға Компания өзінің даму стратегиясын қалай қалыптастырғанын, оның өз активтерін қалай басқаратынын, қажетті қаржылық көрсеткіштерге жететінін, ұзақ мерзімді перспективада тұрақты қызметті қамтамасыз ететінін және акционерлер мен оның қызметіне мүдделі барлық тараптар үшін генерациялауға ұмтылатын құн жасау бойынша жұмыс істейтінін түсінуде барынша жәрдем көрсету мақсатын қояды.
Осы есепте Компанияның қызметі туралы төменде тізбеленген сұрақтарға жауаптар берілген: